https://sputnik.kz/20231115/ishki-ister-ministri-zhetisu-oblysy-politsiya-departamenti-bastygyn-qyzmetinen-bosatty-40197657.html
Ішкі істер министрі Жетісу облысы полиция департаменті бастығын қызметінен босатты
Ішкі істер министрі Жетісу облысы полиция департаменті бастығын қызметінен босатты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет... 15.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-15T18:00+0500
2023-11-15T18:00+0500
2023-11-15T18:00+0500
жетісу облысы
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.Кездесуде министр Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты. Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді.Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.
https://sputnik.kz/20231113/taldyqorgan-politsiyasynyn-bastygy-qyz-zorlady-degen-kudikpen-ustaldy-40117609.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, ішкі істер министрлігі
жетісу облысы, ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрі Жетісу облысы полиция департаменті бастығын қызметінен босатты
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды.
Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.
Кездесуде министр Жетісу облысының полиция басшыларына қатысты қабылданған шешімді айтты. Осылайша, облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды. Оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке қызметтік сәйкестіктің толық еместігі туралы ескертілді.
Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Талант Жұмабеков пен тергеу бойынша орынбасары Мақсат Ережепов те өз қызметтерінен босатылды.
Жетісу облысы ПД бастығының міндетін енді полиция генерал-майоры Арман Саданов атқаратын болады. Бұған дейін ол ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментін басқарған.