Отбасы банк екінші деңгейлі банк болып қала береді – үкімет басшысы

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска Отбасы банка в столице
Вывеска Отбасы банка в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Оған тек баспана кезегін жүргізу құзіреті беріледі
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьердің айтуынша, кеше мәжілісте талқыланған мәселені дұрыс жеткізбеген, я болмаса, халық дұрыс түсінбей қалды.
"Ол жерде ұлттық банк өкілдері де, қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің өкілдері де болды. Олар Отбасы банкіне жаңа функциялар берілсе де, оны реттеу шаралары өзгермейтінін айтты. Осылайша, Отбасы банк екінші деңгейлі банк болып қала береді, оның қызметін бұрынғыдай ұлттық банк пен агенттік реттейді. Ол жағынан банктің мәртебесі өзгермейді. Оған тек баспана кезегін жүргізу құзіреті беріледі", - деді Смайылов сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, мәжілістің кешегі отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру жоспарын таныстырды.
Оған сәйкес, Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарғаннан кейін оны депозиттерге кепілдік беру жүйесінен де шығаруға тура келеді. Сол себепті азаматтардың салымдарына мемлекеттік кепілдік беру ұсынылып отыр. Осыдан кейін Отбасы банкінің өзі түсініктеме таратты.
Отбасы банк. Вывеска - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жаңа заң жобасы: Отбасы банктің функциялары қалай өзгереді
Жаңалықтар
0