https://sputnik.kz/20231122/zhana-zan-zhobasy-otbasy-banktin-funktsiyalary-qalay-ozgeredi-40352565.html
Жаңа заң жобасы: Отбасы банктің функциялары қалай өзгереді
Жаңа заң жобасы: Отбасы банктің функциялары қалай өзгереді
Sputnik Қазақстан
Банктің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, функциялар кеңейеді, бірақ ол тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып... 22.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-22T17:41+0500
2023-11-22T17:41+0500
2023-11-22T17:41+0500
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_0875d14b0d6d56d4a3e7d0802a9f774d.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Отбасы Банкінің ұлттық даму институтына айналуы екінші деңгейдегі банктік функцияларына әсер етпейді, деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.Мәжіліс бірінші оқылымда тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады, олар кезекте тұрғандар бойынша деректер базасын Отбасы банкіндегі тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығына беруді көздейді, дейді баспасөз қызметі.Банктің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, функциялар кеңейеді, бірақ ол тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді.Мәжіліс депутаттарының талабы бойынша банк, тіпті даму институты бола тұра, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банктің қарамағында қалады."Олар Отбасы банкіне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын сақтайды. Сондай-ақ банк қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып қала береді. Бұл клиенттердің барлық депозиттері мемлекеттің сенімді қорғауында болады деген сөз", - деп түсіндірді Ибрагимова.Заң жобасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 646 мың адам Отбасы банкіне беріледі.Әкімдікте кезекте тұрғандар саны бұдан былай көбеймейді, дейді банк.Оның орнына Отбасы базасында банк "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын құруды жоспарлап отыр, оған барлық азаматтар, белгілі бір санаттарға жататынына қарамастан, есепке тұра алады, деп нақтылады баспасөз қызметі."Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" банкте мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база болады деп есептеледі. Орталықты құру "бір терезе"қағидатын қолдануға мүмкіндік береді."Кезекке қатысушылар бойынша мәліметтерді өзектендіру үшін заң жобасымен кезекте тұрғандар тоқсанына кемінде бір рет түгенделеді",-деп нақтылады баспасөз қызметі.Бүгінгі таңда банкте 2,7 миллион қазақстандық өзінің болашақ тұрғын үйіне ақша жинаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру кезінде банк 490 000 қазақстандық отбасының қоныс тойын атап өтуге көмектесті.Айта кетері өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру жобасын таныстырды. Осылайша Отбасы банк екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/12/35009177_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e90ddc1683bdbe759bbc3655e413b3f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Жаңа заң жобасы: Отбасы банктің функциялары қалай өзгереді
Банктің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, функциялар кеңейеді, бірақ ол тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Отбасы Банкінің ұлттық даму институтына айналуы екінші деңгейдегі банктік функцияларына әсер етпейді, деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.
Мәжіліс бірінші оқылымда тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады, олар кезекте тұрғандар бойынша деректер базасын Отбасы банкіндегі тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығына беруді көздейді, дейді баспасөз қызметі.
Банктің басқарма басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, функциялар кеңейеді, бірақ ол тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесін іске асыратын екінші деңгейлі банк болып қала береді.
"Қазақстандықтар, бұрынғыдай, ең қолжетімді кредиттерді алу үшін өз жинақтарына банктің сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ала отырып, депозитке қаражат жинай алады", - деді ол.
Мәжіліс депутаттарының талабы бойынша банк, тіпті даму институты бола тұра, Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банктің қарамағында қалады.
"Олар Отбасы банкіне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын сақтайды. Сондай-ақ банк қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының қатысушысы болып қала береді. Бұл клиенттердің барлық депозиттері мемлекеттің сенімді қорғауында болады деген сөз", - деп түсіндірді Ибрагимова.
Заң жобасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 646 мың адам Отбасы банкіне беріледі.
Әкімдікте кезекте тұрғандар саны бұдан былай көбеймейді, дейді банк.
Оның орнына Отбасы базасында банк "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасын құруды жоспарлап отыр, оған барлық азаматтар, белгілі бір санаттарға жататынына қарамастан, есепке тұра алады, деп нақтылады баспасөз қызметі.
"Әрбір өтінімге отбасының цифрлық портреті қалыптастырылатын болады. Онда кірістер, мүлік, активтер туралы ақпарат болады, бұл мұқтаж азаматтың отбасылық жағдайының барлық сипаттамаларын толық ескеруге мүмкіндік береді", - деп толықтырды банкте.
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" банкте мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық база болады деп есептеледі. Орталықты құру "бір терезе"қағидатын қолдануға мүмкіндік береді.
"Кезекке қатысушылар бойынша мәліметтерді өзектендіру үшін заң жобасымен кезекте тұрғандар тоқсанына кемінде бір рет түгенделеді",-деп нақтылады баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда банкте 2,7 миллион қазақстандық өзінің болашақ тұрғын үйіне ақша жинаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру кезінде банк 490 000 қазақстандық отбасының қоныс тойын атап өтуге көмектесті.
Айта кетері өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру жобасын
таныстырды. Осылайша Отбасы банк екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады.