https://sputnik.kz/20231003/qayym-mukhamedkhanovtyn-omir-zholy-35401103.html
Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы
Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы
Sputnik Қазақстан
Ғалым, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор. 03.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-03T12:11+0500
2023-10-03T12:11+0500
2023-10-09T12:11+0500
қайым мұхамедханов
дерекқор
https://sputnik.kz/img/1206/15/12061543_0:96:2000:1221_1920x0_80_0_0_daa318540e8a8dcd0eec6a1b2a777e91.jpg
Ол Абай мектебін сақтап қалды, Семейде ұлы ойшылдың мұражайын ұйымдастырды. Зертеуші ғалымның көмегімен әлемге әйгілі "Абай жолы" эпопеясы жазылды. Sputnik Қазақстан Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректерді ұсынады.Әке жолыҚайымның әкесі – Мұхамедхан Сейітқұлов ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани дамуына көп еңбек сіңірді. Оның үйіне Абай, Шәкәрім, Абай шәкірттері, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі жиналатын.Сейітқұловтың қаржысына "Сары-Арқа" газеті, ал 1918 жылдан бастап Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуезовтің редакциясымен "Абай" журналы шығарылды. Әлихан Бөкейханов Семейге "Алаш" атауын қайтару туралы мәселе көтергенде Қайымның әкесі барынша қолдау жасаған.Сейітқұлов Міржақып Дулатовты кепілге ақша төлеп, тұтқыннан босатқан. Екеуі қанды көйлек дос болған тұлғалар. Шәкәрімнің қамаудан босап шығуына да көмектеседі. Бүгінде елге белгілі Шәкәрімнің жалғыз фотосуреті де осы Сейітқұловтың отбасында түсіріліпті.Мұхтар Әуезов те жиі қонаққа келіп тұратын. Қайымның әкесі жазушының "Еңлік-Кебек", "Қарагөз" және тағы басқа пьесаларының алғашқы репетициясын жасауға қолайлы жағдай жасады.Мұхамедхан Сейітқұлов 1921, 1928, 1932 және 1937 жылдары қуғын-сүргінге және тәркілеуге ұшырады. 1937 жылы 2 желтоқсанда түнде атылды. Артынан ақталған.Балалық шағыҚайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда қазіргі Жаңасемейде (бұрынғы "Заречная слободка", артынан Алаш қаласы аталған) дүниеге келді. Бала кезінен қазақтың біртуар азаматтарының тәрбиесін көріп өсті.Қайым жас кезінен әкесінің достары берген тапсырмаларды орындайтын. Мәселен, кітапты араб қарпімен, көркем жазумен көшіру немесе түрлі тілдерге аудару сияқты тапсырмалар болды. Өзінің алғашқы өлеңдерін де үйге келген әкесінің достарына оқитын.1924-1928 жылдары Жаңасемей қаласындағы бастауыш қазақ мектебінде оқыса, одан кейін үш жылдай Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білім алды.Әкесі атылып кеткенде Қайым 15 жаста болған. Оған отбасын асырау үшін көп жұмыс істеуге тура келді. Кемежайда жүк тасушы болды, қара жұмыс істеді. Кадр бөлімі қызметкері, мәдениет саласында жүрді, одан кейін мұғалімдік қызмет атқарды. Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін Семей пединститутына түсті. Ал 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады.Мұхамедхан Сейітқұлов тұтқындалғаннан кейін Қайым педагогикалық институттан қуылды. Сол кезде оған әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау білдірді.Мұқаң Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. Оны Абай туралы роман-эпопея жазғанда түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады. Әуезов Қайым үшін ғұмыр бойы ұстаз болып қалды. Ал шәкірт ұстазына өмірінің соңына дейін адал болды.Ұстаздың алғашқы тапсырмасы 1930 жылдардың аяғында Абай мұрасының жойылып кету қаупі туды. Абай сөзі бұрмаланды, шығармалары зерттелмей қалды. Ал қолжазбалары мен жеке заттары жоғалды, өмірінің куәгері болған қариялар да азайып қалды.Мұхтар Әуезов бірқатар маңызды тапсырманы өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды. Олар:Қайым жүк көлігімен шалғай ауылдарды аралап, Абайды көзі көрген қариялармен, өмірі мен шығармашылығынан хабардар адамдармен әңгімелесті. Тұрмыстық заттар, киімдер, кітаптар мен қолжазбаларының шынайылығын нақтылады. Осылайша, 1940 жылы Семей қаласында тұңғыш мемлекеттік әдеби-мемориалды Абай мұражайы ұйымдастырылды. Оған 500 жәдігер қойылды.Қайымның өзі мұражайдағы жұмысын жоғары оқу орнында сабақ берумен қатар жүргізді. Ал 1947 жылы мұражай ҚазССР-і Ғылым Академиясының қарамағына өтті. Академия президенті Қаныш Сәтбаевтың бұйрығымен Қайым Мұхамедханов мұражай директоры болып тағайындалды. Сол кездегі биліктен қолдау болмаса да, Қайым Абайдың 100 жылдық мерейтойын лайықты өткізді."Абай жолын" жазуға көмектестіМұхтар Әуезов "Абай жолы" эпопеясын жазғанда Қайым Мұхамедхановтан көп материал алған. Оны халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов та ерекше атап өткен."Кәкең Абайтану ғылымының ең білгірі болды. Бүкіл саналы ғұмырын абайтану ғылымын дамытуға жұмсады. Абай шығармаларының текстологиясы туралы тамаша зерттеу еңбегін жазды. Соңына "Абайдың ақын шәкірттері" деген төрт томдық қымбат қазына қалдырды. "Абай" энциклопедиясын шығаруға аянбай атсалысты. Кәкең ұлы Мұхтар Әуезовтің ең жақын досы болды. "Абай жолы" эпопеясына байланысты көптеген деректерді Мұхаң Кәкеңнен – Қайым Мұхамедханұлынан алды", - деп жазды Нұршайықов.Қайым Мұхамедханов уақыттың тығыз екенін білді. Сол себепті осы жолда аянбай еңбек етті. Абай мектебі ақындарының есімдерін қалпына келтірді, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинап, толық өмірбаяндарын жазды. Ал Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектебі – ғылымдағы жаңа бағыт. Мұхамедханов оны сақтап қалған және ғылыми айналымға енгізді.1940 жылдардан басталған ғылыми зерттеу ұзақ жылдарға жалғасады. Ақыры 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойында "Абайдың ақын шәкірттері" деген атпен төрт кітап болып шығады.Ғалым тұтқынға алынды1951 жылы 7 сәуірде Қайым Мұхамедханов "Абайдың әдеби мектебі" диссертациясын қорғады. Бұл ел тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды. Диссертация қорғалса да, ұстаз бен шәкірт – Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады.Диссертацияны қорғау кезінде басталған айыптаулар баспасөзде тапсырыс бойынша жазылған мақалалармен жалғасты. Ақырында Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен босатты. Сол жылы 1 желтоқсанда ғалым тұтқынға алынды.Қайымды алдымен Семей және Алматыдағы НКВД түрмесінде ұстады, одан кейін Қарағанды лагеріне қамады. Шектен шыққан азаптаулар Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады. Ғалым өз идеяларынан бас тартпады, Абай мектебін сақтауға бел буды. Ал сол кездегі билік тек бір ғана идеология – марксизм-ленинизм мектебін мойындады.Сөздің түпнұсқалығы сақталдыҚайым Мұхамеджанов 1940 жылдардан бастап және өмірінің соңына дейін Абай шығармаларының текстологиясымен айналысты. Ұлы ойшылдың барлық өлеңдері мен поэмаларына түсініктеме жазды. Осылайша, ақынның ерекше сөздерінің тазалығын сақтауға күш салды. Бұдан бөлек, Абайдың 31 өлеңін нақтылап, ақынға тиесілі екенін анықтады.Мұхамедханов Абай, Шәкәрім, Әуезов, алаш зиялыларының шығармашылығын зерттеудің тұтастай ғылыми бағытына жол салды. Бұқар жырау, Махамбет және ежелгі батырлық жырлардың да сөз саптасына, байырғы қазақтың сөз саптау, сөз қолдану мәдениетіне, ескі дүниетанымына сүйене отырып сол мұралардың тіл тазалығын, ой тазалығын сақтап қалды.Қайым Шәкәрімнің ұлы Ахатпен бірге ақынның есімін ақтау жолында біраз еңбек етті. 1958 жылы Мәскеуден Шәкәрімнің ақталғаны туралы анықтама келгеннен кейін 30 жыл бойы Шәкәрім сөздерінің тазалығын сақтап қалу үшін күресті.Ғалым-текстологтың энциклопедиялық білімі Қазақ совет энциклопедиясының 12 томына ғылыми түсініктемелер жазуға, қателері мен жаңсақтығын жөндеуге мүмкіндік берді.Мұхамедхановтың еңбектеріҚайым ақын 1936 жылдан бастап жариялана бастады. Ол 100 ден аса өлеңдер мен поэмалар жазды,Карлагта "Туған ел – алтын бесік", "Балаларыма", "Жұбайым Фархинурға", "Отырдық тар қапаста күнді санап", "Шерубай станциясы" және тағы басқа өлеңдерін жазды.1954 жылдың қаңтар айында Мұхамедханов Карлагта жатып, 15 күннің ішінде Н.Карамзиннің "Сормаңдай Лиза" повесін қазақ тіліне аударды. Ал қазақ әдебиетінде орыс прозасын қазақ поэтикалық тілімен аударудың үш қана мысалы бар. Олар – М.Лермонтовтың Абай аударған "Вадим", А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған "Дубровский" және Н.Карамзиннің Мұхамедханов аударған "Сормаңдай Лиза" шығармалары.Драматург Қайым пьесалар да жазды. Соның ішінде "Майданнан майданға", "Комиссар Ғаббасов", "Перне" мен "Ер Білісай" шығармалары бар. КСРО халық әртісі У.Гаджибековтың "Аршын-мал-алан" музыкалық комедиялық қойылымын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Бұдан бөлек, Пушкиннің "Русалка" поэмасы, француз драматургы Пьер Огюстеннің Бомаршенің "Женитьба Фигаро" шығармасы бойынша пьесасын, Боккаччоның "Декамеронын", поляк драматургы Ежи Юрандоттың "Такое время" шығармаларын, сондай-ақ, сондай-ақ Ғ.Тоқай, Т.Шевченко және тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақша сөйлетті. 1000-нан астам ғылыми еңбек жазды.Қайым көптеген қолжазбаларды анықтап, өңдеп ҚазССР Ғылым Академиясының мұрағатына сақтауға өткізді. Соның ішінде "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", Абай, Шәкәрімнің белгісіз өлеңдері, батырлар, алаш зиялылары туралы материалдар мен мәдени құндылықтар бар.Майталман педагог 50 жыл Семей пединститутында дәріс берді, жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 60 жыл. Ол жастардың бірнеше буынан тәрбиелеп шығарды.Әнұранның сөзін жазды1943 жылы ҚазақКСР әнұранын жазуға байқау жарияланғанда Қайым 27 жаста еді. Жазған өлеңі бірден конкурсты жеңіп алады. "Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған",- деп басталатын өлең мәтіні қазыларды бірден елең еткізді. Қуатты өлең сол кездегі жасы енді отызға келген композитор Мұқан Төлебаевтың да шабытын тасқындатып жібереді.Әнұран аса сәтті шығады. Дегенмен сол кездегі саяси жүйе "Ер қазақ" деген сөзді аса жақтыра қоймады. Қазылар құрамында болған Ә.Тәжібаев пен Ғ.Мүсірепов "Ер қазақты" "Біз қазақ" деген сөзбен өзгертеді. Әнұран авторлар ұжымы атынан шығады.1992 жылы Қайым Мұхамедханов тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын шығаруға арналған байқауға да қатысып, тағы жеңіске жетеді. Бірақ мәтін қайтадан "авторлар ұжымы" атынан шығады дегеннен кейін қатысудан бас тартты.Қайым Мұхамедханов 2004 жылы 88 жасында өмірден өтті. Ғалымның есімі көптеген энциклопедияларға енді. 2010 жылы ғалымның туған жері Семей қаласында ескерткіш орнатылды. Ал үйіне мемориалдық тақта қойылды.
https://sputnik.kz/20220327/dulat-isabekov-turaly-ne-bilemiz-23768689.html
https://sputnik.kz/20200815/Shamshi-Qaldayaqov-zhayly-derekter-14717213.html
https://sputnik.kz/20190602/Qazaqtyn-uly-aqyny-Abay-Qunanbayuly-turaly-qyzyqty-derekter-10357198.html
https://sputnik.kz/20191208/Muhtar-Auezov-omirbaian-12234439.html
https://sputnik.kz/20210815/Mukhtar-Magauin-omirbaian-17866600.html
https://sputnik.kz/20210429/Soz-zergeri-Gabit-Musirepov-17-jyl-turgan-ui-16923523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1206/15/12061543_138:0:1915:1333_1920x0_80_0_0_1d93a278db76f92640e7e27fae595aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайым мұхамедханов абай мұхтар әуезов мухамедханов каюм
қайым мұхамедханов абай мұхтар әуезов мухамедханов каюм
Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы
12:11 03.10.2023 (жаңартылды: 12:11 09.10.2023) Ғалым, ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор.
Ол Абай мектебін сақтап қалды, Семейде ұлы ойшылдың мұражайын ұйымдастырды. Зертеуші ғалымның көмегімен әлемге әйгілі "Абай жолы" эпопеясы жазылды.
Sputnik Қазақстан Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректерді ұсынады.
Қайымның әкесі – Мұхамедхан Сейітқұлов ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани дамуына көп еңбек сіңірді. Оның үйіне Абай, Шәкәрім, Абай шәкірттері, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі жиналатын.
Сейітқұловтың қаржысына "Сары-Арқа" газеті, ал 1918 жылдан бастап Жүсіпбек Аймауытов және Мұхтар Әуезовтің редакциясымен "Абай" журналы шығарылды. Әлихан Бөкейханов Семейге "Алаш" атауын қайтару туралы мәселе көтергенде Қайымның әкесі барынша қолдау жасаған.
Сейітқұлов Міржақып Дулатовты кепілге ақша төлеп, тұтқыннан босатқан. Екеуі қанды көйлек дос болған тұлғалар. Шәкәрімнің қамаудан босап шығуына да көмектеседі. Бүгінде елге белгілі Шәкәрімнің жалғыз фотосуреті де осы Сейітқұловтың отбасында түсіріліпті.
Мұхтар Әуезов те жиі қонаққа келіп тұратын. Қайымның әкесі жазушының "Еңлік-Кебек", "Қарагөз" және тағы басқа пьесаларының алғашқы репетициясын жасауға қолайлы жағдай жасады.
Мұхамедхан Сейітқұлов 1921, 1928, 1932 және 1937 жылдары қуғын-сүргінге және тәркілеуге ұшырады. 1937 жылы 2 желтоқсанда түнде атылды. Артынан ақталған.
Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда қазіргі Жаңасемейде (бұрынғы "Заречная слободка", артынан Алаш қаласы аталған) дүниеге келді. Бала кезінен қазақтың біртуар азаматтарының тәрбиесін көріп өсті.
Қайым жас кезінен әкесінің достары берген тапсырмаларды орындайтын. Мәселен, кітапты араб қарпімен, көркем жазумен көшіру немесе түрлі тілдерге аудару сияқты тапсырмалар болды. Өзінің алғашқы өлеңдерін де үйге келген әкесінің достарына оқитын.
1924-1928 жылдары Жаңасемей қаласындағы бастауыш қазақ мектебінде оқыса, одан кейін үш жылдай Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білім алды.
Әкесі атылып кеткенде Қайым 15 жаста болған. Оған отбасын асырау үшін көп жұмыс істеуге тура келді. Кемежайда жүк тасушы болды, қара жұмыс істеді. Кадр бөлімі қызметкері, мәдениет саласында жүрді, одан кейін мұғалімдік қызмет атқарды. Екі жылдық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін әзірлеу курсынан кейін Семей пединститутына түсті. Ал 17 жастан бастап Семей қаласының әртүрлі мекемелерінде сабақ бере бастады.
Мұхамедхан Сейітқұлов тұтқындалғаннан кейін Қайым педагогикалық институттан қуылды. Сол кезде оған әкесінің досы Мұхтар Әуезов моральдық тұрғыда қолдау білдірді.
Мұқаң Қайымның бойынан ерекше дарын, имандылық пен адалдықты байқайды. Оны Абай туралы роман-эпопея жазғанда түрлі тапсырма орындайтын ғылыми тілші етіп алады. Әуезов Қайым үшін ғұмыр бойы ұстаз болып қалды. Ал шәкірт ұстазына өмірінің соңына дейін адал болды.
Ұстаздың алғашқы тапсырмасы
1930 жылдардың аяғында Абай мұрасының жойылып кету қаупі туды. Абай сөзі бұрмаланды, шығармалары зерттелмей қалды. Ал қолжазбалары мен жеке заттары жоғалды, өмірінің куәгері болған қариялар да азайып қалды.
Мұхтар Әуезов бірқатар маңызды тапсырманы өзінің шәкірті Қайымға сеніп тапсырды.
Абайдың тұңғыш мұражайын ашуға негіздеме қалау;
Абай шәкірттері мен ізбасарларының мектебін құру және сақтау;
Ойшыл-ақынның құнды сөзін текстологиялық талдау әдісімен сақтап қалу.
Қайым жүк көлігімен шалғай ауылдарды аралап, Абайды көзі көрген қариялармен, өмірі мен шығармашылығынан хабардар адамдармен әңгімелесті. Тұрмыстық заттар, киімдер, кітаптар мен қолжазбаларының шынайылығын нақтылады. Осылайша, 1940 жылы Семей қаласында тұңғыш мемлекеттік әдеби-мемориалды Абай мұражайы ұйымдастырылды. Оған 500 жәдігер қойылды.
Қайымның өзі мұражайдағы жұмысын жоғары оқу орнында сабақ берумен қатар жүргізді. Ал 1947 жылы мұражай ҚазССР-і Ғылым Академиясының қарамағына өтті. Академия президенті Қаныш Сәтбаевтың бұйрығымен Қайым Мұхамедханов мұражай директоры болып тағайындалды. Сол кездегі биліктен қолдау болмаса да, Қайым Абайдың 100 жылдық мерейтойын лайықты өткізді.
"Абай жолын" жазуға көмектесті
Мұхтар Әуезов "Абай жолы" эпопеясын жазғанда Қайым Мұхамедхановтан көп материал алған. Оны халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов та ерекше атап өткен.
"Кәкең Абайтану ғылымының ең білгірі болды. Бүкіл саналы ғұмырын абайтану ғылымын дамытуға жұмсады. Абай шығармаларының текстологиясы туралы тамаша зерттеу еңбегін жазды. Соңына "Абайдың ақын шәкірттері" деген төрт томдық қымбат қазына қалдырды. "Абай" энциклопедиясын шығаруға аянбай атсалысты. Кәкең ұлы Мұхтар Әуезовтің ең жақын досы болды. "Абай жолы" эпопеясына байланысты көптеген деректерді Мұхаң Кәкеңнен – Қайым Мұхамедханұлынан алды", - деп жазды Нұршайықов.
Қайым Мұхамедханов уақыттың тығыз екенін білді. Сол себепті осы жолда аянбай еңбек етті. Абай мектебі ақындарының есімдерін қалпына келтірді, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинап, толық өмірбаяндарын жазды. Ал Абай шәкірттері мен ізбасарлары мектебі – ғылымдағы жаңа бағыт. Мұхамедханов оны сақтап қалған және ғылыми айналымға енгізді.
1940 жылдардан басталған ғылыми зерттеу ұзақ жылдарға жалғасады. Ақыры 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойында "Абайдың ақын шәкірттері" деген атпен төрт кітап болып шығады.
1951 жылы 7 сәуірде Қайым Мұхамедханов "Абайдың әдеби мектебі" диссертациясын қорғады. Бұл ел тарихындағы елеулі оқиғаның бірі болды. Диссертация қорғалса да, ұстаз бен шәкірт – Әуезов пен Мұхамедхановты айыптау тоқтамады.
Диссертацияны қорғау кезінде басталған айыптаулар баспасөзде тапсырыс бойынша жазылған мақалалармен жалғасты. Ақырында Мұхамедхановты Абай мұражайы директоры және оқытушы қызметінен босатты. Сол жылы 1 желтоқсанда ғалым тұтқынға алынды.
Қайымды алдымен Семей және Алматыдағы НКВД түрмесінде ұстады, одан кейін Қарағанды лагеріне қамады. Шектен шыққан азаптаулар Қайымның ерік-жігерін сындыра алмады. Ғалым өз идеяларынан бас тартпады, Абай мектебін сақтауға бел буды. Ал сол кездегі билік тек бір ғана идеология – марксизм-ленинизм мектебін мойындады.
Сөздің түпнұсқалығы сақталды
Қайым Мұхамеджанов 1940 жылдардан бастап және өмірінің соңына дейін Абай шығармаларының текстологиясымен айналысты. Ұлы ойшылдың барлық өлеңдері мен поэмаларына түсініктеме жазды. Осылайша, ақынның ерекше сөздерінің тазалығын сақтауға күш салды. Бұдан бөлек, Абайдың 31 өлеңін нақтылап, ақынға тиесілі екенін анықтады.
Мұхамедханов Абай, Шәкәрім, Әуезов, алаш зиялыларының шығармашылығын зерттеудің тұтастай ғылыми бағытына жол салды. Бұқар жырау, Махамбет және ежелгі батырлық жырлардың да сөз саптасына, байырғы қазақтың сөз саптау, сөз қолдану мәдениетіне, ескі дүниетанымына сүйене отырып сол мұралардың тіл тазалығын, ой тазалығын сақтап қалды.
Қайым Шәкәрімнің ұлы Ахатпен бірге ақынның есімін ақтау жолында біраз еңбек етті. 1958 жылы Мәскеуден Шәкәрімнің ақталғаны туралы анықтама келгеннен кейін 30 жыл бойы Шәкәрім сөздерінің тазалығын сақтап қалу үшін күресті.
Ғалым-текстологтың энциклопедиялық білімі Қазақ совет энциклопедиясының 12 томына ғылыми түсініктемелер жазуға, қателері мен жаңсақтығын жөндеуге мүмкіндік берді.
Мұхамедхановтың еңбектері
Қайым ақын 1936 жылдан бастап жариялана бастады. Ол 100 ден аса өлеңдер мен поэмалар жазды,
Карлагта "Туған ел – алтын бесік", "Балаларыма", "Жұбайым Фархинурға", "Отырдық тар қапаста күнді санап", "Шерубай станциясы" және тағы басқа өлеңдерін жазды.
1954 жылдың қаңтар айында Мұхамедханов Карлагта жатып, 15 күннің ішінде Н.Карамзиннің "Сормаңдай Лиза" повесін қазақ тіліне аударды. Ал қазақ әдебиетінде орыс прозасын қазақ поэтикалық тілімен аударудың үш қана мысалы бар. Олар – М.Лермонтовтың Абай аударған "Вадим", А.С.Пушкиннің Шәкәрім аударған "Дубровский" және Н.Карамзиннің Мұхамедханов аударған "Сормаңдай Лиза" шығармалары.
Драматург Қайым пьесалар да жазды. Соның ішінде "Майданнан майданға", "Комиссар Ғаббасов", "Перне" мен "Ер Білісай" шығармалары бар. КСРО халық әртісі У.Гаджибековтың "Аршын-мал-алан" музыкалық комедиялық қойылымын алғаш рет қазақ тіліне аударды. Бұдан бөлек, Пушкиннің "Русалка" поэмасы, француз драматургы Пьер Огюстеннің Бомаршенің "Женитьба Фигаро" шығармасы бойынша пьесасын, Боккаччоның "Декамеронын", поляк драматургы Ежи Юрандоттың "Такое время" шығармаларын, сондай-ақ, сондай-ақ Ғ.Тоқай, Т.Шевченко және тағы басқа ақындардың өлеңдерін қазақша сөйлетті. 1000-нан астам ғылыми еңбек жазды.
Қайым көптеген қолжазбаларды анықтап, өңдеп ҚазССР Ғылым Академиясының мұрағатына сақтауға өткізді. Соның ішінде "Қабанбай батыр", "Бөгенбай батыр", Абай, Шәкәрімнің белгісіз өлеңдері, батырлар, алаш зиялылары туралы материалдар мен мәдени құндылықтар бар.
Майталман педагог 50 жыл Семей пединститутында дәріс берді, жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 60 жыл. Ол жастардың бірнеше буынан тәрбиелеп шығарды.
1943 жылы ҚазақКСР әнұранын жазуға байқау жарияланғанда Қайым 27 жаста еді. Жазған өлеңі бірден конкурсты жеңіп алады. "Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған",- деп басталатын өлең мәтіні қазыларды бірден елең еткізді. Қуатты өлең сол кездегі жасы енді отызға келген композитор Мұқан Төлебаевтың да шабытын тасқындатып жібереді.
Әнұран аса сәтті шығады. Дегенмен сол кездегі саяси жүйе "Ер қазақ" деген сөзді аса жақтыра қоймады. Қазылар құрамында болған Ә.Тәжібаев пен Ғ.Мүсірепов "Ер қазақты" "Біз қазақ" деген сөзбен өзгертеді. Әнұран авторлар ұжымы атынан шығады.
1992 жылы Қайым Мұхамедханов тәуелсіз Қазақстанның Әнұранын шығаруға арналған байқауға да қатысып, тағы жеңіске жетеді. Бірақ мәтін қайтадан "авторлар ұжымы" атынан шығады дегеннен кейін қатысудан бас тартты.
Қайым Мұхамедханов 2004 жылы 88 жасында өмірден өтті. Ғалымның есімі көптеген энциклопедияларға енді. 2010 жылы ғалымның туған жері Семей қаласында ескерткіш орнатылды. Ал үйіне мемориалдық тақта қойылды.