Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үйдің қазіргі келбеті – фото

Жазылу
Алматы қаласында қазақтың халық жазушысы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық музей-үйі 1991 жылы ашылған

Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесінің бойы тарихқа толы. Себебі дәл осы көшенің бойында бір кездері бірқатар ақын-жазушы, мәдениет және қоғам қайраткері тұрған. Қазір олар тұрған үй мемориалдық музей-үйге айналған. Соның бірі – қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің үйі. Қаламгердің 1968-1985 жылдары тұрған үйі қазір жазушы шығармашылығы мен өміріне қызығушылық танытқан оқырман үшін таптырмайтын жер.

Музей 1991 жылы ашылған. 1999 жылы бір-бірімен құда болған қос қаламгер Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов музейі бірікті. Нысан Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарайды. Ішінде жазушының жеке заттары, кітапханасы, қолданған ыдыс-аяғы сақталған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Ұлы Жібек жолы көрмесі: ерекше артефактар фотосы

Музей екі бөлімнен тұрады: әдеби және мемориалдық бөлім. Мемориалдық бөлім жазушының өзі тұрған кездегі қалпын толық сақтап қалған. Әдеби залда жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, зерттеу еңбектері, алған атақ-марапаттары, отбасылық суреттері қойылған.

Мемориалдық бөлімде жұмыс кабинеті, жазу үстелі, кітапханасы, көзі тірісінде соңғы қолданған сия сауыттары, домбырасы сақтаулы тұр. Қонақ бөлмесінде де жазушы киген киімдер, аяқ киімдері, сервант, айнасы, сыйға берілген шам секілді тұрмыстық бұйымдар бар.

Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын тек қарындашпен жазғаны белгілі. Қаламгер қате кеткен жерін өшіріп, қарындашпен қайта жазып отырған. Жазушының жазу үстелінде өмірінің соңында қолданған қарындаштары, кітап, көзәйнегі, күлсалғышы қаз қалпында тұр.

Жазушының кабинетінде 2000-ге жуық кітап бар.

"Бұл музей қатты үлкен емес, көлемі шағын. Қазір карантин кезінде адам сиреп қалды. Бұрын карантинге дейін студенттер мен оқушылар үзбей келіп тұратын", - дейді музей қызметкері Назым Әбдіқұл.

Музейге кіру құны ересектерге 500 теңге, студенттерге 300 теңге, оқушыларға 200 теңге. Музей ішіндегі экскурсия бір топқа – 500 теңге.

"Туған елге соңғы сөз" - Ғабит Мүсіреповтің соңғы айтып кеткен сөзі. Қайтыс боларынан 3 күн бұрын қаламгер Әлжаппар Әбішев пен Мұхтар Шахановты шақырған. Хатта "қалам ұстауға хәлім болмағандықтан хатты Әлжаппар мен Мұхтарға айтып жаздырдым" деген жолдар бар. Ғабит Мүсірепов 1985 жылы 31 желтоқсанда 83 жасында дүниеден озды.

Сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық музей-үйінің фотоларын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық музей-үйі 1991 жылы ашылған. Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесінде орналасқан музейде жазушы 1968-1985 жылдары тұрған.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
1/25
Қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мемориалдық музей-үйі 1991 жылы ашылған. Алматыдағы Мұқан Төлебаев көшесінде орналасқан музейде жазушы 1968-1985 жылдары тұрған.
© Sputnik / Тимур Батыршин1999 жылы бір-бірімен құда болған қос қаламгер Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов музейі біріктірілді. Қазір нысан Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарайды.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
2/25
1999 жылы бір-бірімен құда болған қос қаламгер Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов музейі біріктірілді. Қазір нысан Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарайды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей әдеби және мемориалдық бөлімнен тұрады. Әдеби бөлімге қаламгердің жеке кабинеті мен қонақ бөлме кіреді.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
3/25
Музей әдеби және мемориалдық бөлімнен тұрады. Әдеби бөлімге қаламгердің жеке кабинеті мен қонақ бөлме кіреді.
© Sputnik / Тимур БатыршинМемориалдық бөлім жазушының өзі тұрған кездегі қалпын толық сақтап қалған. Ол жерде қаламгердің жұмыс кабинеті, жазу үстелі, кітапханасы, көзі тірісінде соңғы қолданған сия сауыты, домбырасы сақтаулы тұр.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
4/25
Мемориалдық бөлім жазушының өзі тұрған кездегі қалпын толық сақтап қалған. Ол жерде қаламгердің жұмыс кабинеті, жазу үстелі, кітапханасы, көзі тірісінде соңғы қолданған сия сауыты, домбырасы сақтаулы тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинӘдеби залда жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, зерттеу еңбектері, алған атақ-марапаттары, отбасылық суреттері қойылған.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
5/25
Әдеби залда жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, зерттеу еңбектері, алған атақ-марапаттары, отбасылық суреттері қойылған.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurҒабит Мүсіреповтің көзілдірігі.
Ғабит Мүсіреповтің көзілдірігі - Sputnik Қазақстан
6/25
Ғабит Мүсіреповтің көзілдірігі.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсірепов қолданған күлсалғыш.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
7/25
Ғабит Мүсірепов қолданған күлсалғыш.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгердің жұмыс үстелінде тұрған ауа ылғалын өлшегіш.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
8/25
Қаламгердің жұмыс үстелінде тұрған ауа ылғалын өлшегіш.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсіреповтің жеке бөлмесінде тұрған радио. Радио бетінде Харьков, Таллин, Львов, Киев, Вильнюс, Рига, Люксембург, Кишинев, Ленинград, Москва деп жазылған.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
9/25
Ғабит Мүсіреповтің жеке бөлмесінде тұрған радио. Радио бетінде Харьков, Таллин, Львов, Киев, Вильнюс, Рига, Люксембург, Кишинев, Ленинград, Москва деп жазылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖазушы бөлмесіндегі орындық 1968 жылы Сауд Арабиясынан сатып алынған. Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын тек қарындашпен жазғаны белгілі. Қаламгер қате кеткен жерін өшіріп, қарындашпен қайта жазып отырған. Жазушының жазу үстелінде сол қарындаштары, кітап, көзәйнегі, күлсалғыштары қаз қалпында тұр.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
10/25
Жазушы бөлмесіндегі орындық 1968 жылы Сауд Арабиясынан сатып алынған. Ғабит Мүсіреповтің шығармаларын тек қарындашпен жазғаны белгілі. Қаламгер қате кеткен жерін өшіріп, қарындашпен қайта жазып отырған. Жазушының жазу үстелінде сол қарындаштары, кітап, көзәйнегі, күлсалғыштары қаз қалпында тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖазушының кабинетінде 2 мыңға жуық кітап қоры сақталған. Сондай-ақ хаттар мен картотекалар бар.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
11/25
Жазушының кабинетінде 2 мыңға жуық кітап қоры сақталған. Сондай-ақ хаттар мен картотекалар бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖеке кітапханадағы кітаптар арасында "История Казахской ССР", "Очерки истории СССР" секілді томдықтар мен Чарльз Дарвин мен Сталиннің "Вопросы ленинизма" секілді кітаптарды кездестіруге болады.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
12/25
Жеке кітапханадағы кітаптар арасында "История Казахской ССР", "Очерки истории СССР" секілді томдықтар мен Чарльз Дарвин мен Сталиннің "Вопросы ленинизма" секілді кітаптарды кездестіруге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонақ бөлмесінде жазушы киген киімдер, аяқ киімдері, сервант, айна, сыйға берілген шам, самаурын мен ыдыс-аяқ секілді тұрмыстық бұйымдар бар.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
13/25
Қонақ бөлмесінде жазушы киген киімдер, аяқ киімдері, сервант, айна, сыйға берілген шам, самаурын мен ыдыс-аяқ секілді тұрмыстық бұйымдар бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсіреповтің аяқ киімі.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
14/25
Ғабит Мүсіреповтің аяқ киімі.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонақ бөлмеде тұрған шам. Мұны Қазақ университеті сыйға берген.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
15/25
Қонақ бөлмеде тұрған шам. Мұны Қазақ университеті сыйға берген.
© Sputnik / Тимур БатыршинШамның үстінде ойылып "Қадірлі, Ғабе, шырағыңыз сөнбесін! деп жазылған.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
16/25
Шамның үстінде ойылып "Қадірлі, Ғабе, шырағыңыз сөнбесін! деп жазылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсіреповке 1968 жылы "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық берілді. 1977 жылы Қазақстан Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығын алды.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
17/25
Ғабит Мүсіреповке 1968 жылы "Кездеспей кеткен бір бейне" кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық берілді. 1977 жылы Қазақстан Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығын алды.
© Sputnik / Тимур БатыршинМүсірепов 1962, 1972, 1974 жылы 3 рет Ленин орденін алған. 2 рет Қызыл Ту ордені, 1982 жылы "Халықтар достығы" орденімен марапатталған. Фотода жазушылар одағының мүшесі екенін растайтын құжат пен Қазақ ССР жоғары советі президиумының жарлығы бойынша Қазақ ССР халық жазушысы атағын алғанын растайтын құжат. Ортада "Халықтар достығы" ордені тұр.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
18/25
Мүсірепов 1962, 1972, 1974 жылы 3 рет Ленин орденін алған. 2 рет Қызыл Ту ордені, 1982 жылы "Халықтар достығы" орденімен марапатталған. Фотода жазушылар одағының мүшесі екенін растайтын құжат пен Қазақ ССР жоғары советі президиумының жарлығы бойынша Қазақ ССР халық жазушысы атағын алғанын растайтын құжат. Ортада "Халықтар достығы" ордені тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузейге қаламгердің туыстарының фотосы да қойылған. Ғабит Мүсіреповтің 40 жыл бірге тұрған жарының есімі – Ғұсни. Олардың Ғалия, Роза, Ақмарал, Райхан есімді төрт қызы бар. Алайда 1964 жылы жазушының жары Хұсни өмірден өтеді. Бұл уақытта жазушының сүйіктісіне айналған Раиса Мұхамедиярованың аяғы ауыр еді. Олар Хұснидің жылын өткізбей шаңырақ көтереді. Осылайша, 62 жастағы жазушы 25 жастағы актрисаны ұнатып, жаңа отбасын құрған. Отбасында Гауһар мен Гүлнар есімді екі қыз өмірге келді.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
19/25
Музейге қаламгердің туыстарының фотосы да қойылған. Ғабит Мүсіреповтің 40 жыл бірге тұрған жарының есімі – Ғұсни. Олардың Ғалия, Роза, Ақмарал, Райхан есімді төрт қызы бар. Алайда 1964 жылы жазушының жары Хұсни өмірден өтеді. Бұл уақытта жазушының сүйіктісіне айналған Раиса Мұхамедиярованың аяғы ауыр еді. Олар Хұснидің жылын өткізбей шаңырақ көтереді. Осылайша, 62 жастағы жазушы 25 жастағы актрисаны ұнатып, жаңа отбасын құрған. Отбасында Гауһар мен Гүлнар есімді екі қыз өмірге келді.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей ішінде Ғабит Мүсіреповтің анасы Дина мен бауырлары Хамит, Баязит, Гүлсім мен Әшімнің фотосы да бар.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
20/25
Музей ішінде Ғабит Мүсіреповтің анасы Дина мен бауырлары Хамит, Баязит, Гүлсім мен Әшімнің фотосы да бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсіреповке 1974 жылы "Ленин" ордені табысталған сәт.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
21/25
Ғабит Мүсіреповке 1974 жылы "Ленин" ордені табысталған сәт.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚаламгердің бір хоббиі ағаш жону болған. Ол ағаштарды түрлі формада жонып, сәндеген. Музей қызметкерлерінің сөзінше, бұл таяқты сүйеніш ретінде пайдаланбаған.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
22/25
Қаламгердің бір хоббиі ағаш жону болған. Ол ағаштарды түрлі формада жонып, сәндеген. Музей қызметкерлерінің сөзінше, бұл таяқты сүйеніш ретінде пайдаланбаған.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабең отбасымен бірге.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
23/25
Ғабең отбасымен бірге.
© Sputnik / Тимур БатыршинМемориалдық музейдің әдеби бөлімінде тұрған кәде сыйлар.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
24/25
Мемориалдық музейдің әдеби бөлімінде тұрған кәде сыйлар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҒабит Мүсірепов дүниеден өтерден 3 күн бұрын хат жазып қалдырған. Оны "Туған елге соңғы сөз" деп атаған. Хатты Әлжаппар Әбішев пен Мұхтар Шаханов жазып алған. Хатта "қалам ұстауға хәлім болмағандықтан хатты Әлжаппар мен Мұхтарға айтып жаздырдым" деп жазылған. Осылайша Ғабит Мүсірепов 1985 жылы 31 желтоқсанда дүниеден озды.
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов 17 жыл тұрған үй - Sputnik Қазақстан
25/25
Ғабит Мүсірепов дүниеден өтерден 3 күн бұрын хат жазып қалдырған. Оны "Туған елге соңғы сөз" деп атаған. Хатты Әлжаппар Әбішев пен Мұхтар Шаханов жазып алған. Хатта "қалам ұстауға хәлім болмағандықтан хатты Әлжаппар мен Мұхтарға айтып жаздырдым" деп жазылған. Осылайша Ғабит Мүсірепов 1985 жылы 31 желтоқсанда дүниеден озды.
Жаңалықтар
0