https://sputnik.kz/20230823/paterdi-zhalga-alganda-neni-bilu-kerek-37894268.html
Пәтерді жалға алғанда нені білу керек
Пәтерді жалға алғанда нені білу керек
Sputnik Қазақстан
Пәтерді жалға бергенде міндетті түрде келісімшарт жасап алған дұрыс. Онда пәтерді жалға беруші мен жалға алушының құқықтары жазылады, міндеттері де көрсетіледі. Келісімшартта барлық жиһаз бен тұрмыстық техниканың тізімі де болады
2023-08-23T16:21+0500
2023-08-23T16:21+0500
2023-08-23T17:01+0500
дерекқор
пәтер
пәтерлер
қымбат пәтер
астана
алматы
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_0:191:2961:1857_1920x0_80_0_0_5a0ada4fc461e0a0e6e93f2e994c58e5.jpg
Бүгінде пәтерді жалға беретін қазақстандықтар аз емес. Біреулер қосымша табыс көрсе, енді біреулер үстіне ақша қосып, өз үйінен кең баспана іздеп кетеді. Алайда көбісі кейбір мәселелерді ескере бермейді. Соның салдарынан пәтерді жалға алған адамдармен түсініспеушіліктер болып жатады. Артынан басқаларын іздеуге тура келеді. Sputnik Қазақстан пәтерді жалға беруге қатысты негізгі мәселелерді зерделеп шықты.Келісімшартта бәрін көрсеткен дұрысПәтерді жалға бергенде міндетті түрде келісімшарт жасап алған дұрыс. Құжаттың көшірмелері интернетте көп. Онда пәтерді жалға беруші мен жалға алушының құқықтары жазылады, міндеттері де көрсетіледі. Сонда екі тарап жауапкершіліктің бар екенін біледі.Келісімшартта барлық жиһаз бен тұрмыстық техниканың тізімі де болады. Ал бір нәрсе бұзылса, оны жөндеу және шығындарын төлеу тәртібі бекітіледі. Құжатқа үйді жинау мен тазалықты сақтау міндеттерін де енгізуге болады. Үйдің иесі пәтерді қай уақытта және қашан тексере алатынын көрсетеді. Бұдан бөлек кейбіреулер келісімшартқа тыныштықты сақтау тәртібін енгізіп қояды. Сонда көршілер көп шағымданбайды.Пәтерді жалға беретіндер депозитке тағы бір айдың ақшасын да сұрауы мүмкін. Оны да келісімшартқа енгізіп қояды. Пәтер иесі ол ақшаның есебінен тұрмыстық техниканы жөндеуге, я болмаса, үйді жаңартуға кеткен шығындарды өтей алады.Коммуналдық төлемдер кімнің мойнындаПәтердің коммуналдық шығындарын жалға алушы адам төлейді. Бірақ көппәтерлі үйде жинақтау жарналары да бар. Оны шатырды жөндеу және тағы басқа жұмыстарға жұмсайды. Жинақтау жарнасын үйдің иесі төлеуі керек.Сондай-ақ жылына бір рет мүлік пен жердің салығы келеді. Оны да пәтер иесі төлейді.Коммуналдық төлемдерді алдын ала бірнеше айға алып қоюға болады. Бірақ ондай міндеттер келісімшартта көрсетілуі керек.Жалға алушы болмаса, үйге кіре ала ма?Пәтердің иесі өз үйіне кіруге құқылы. Себебі оған келісімдегі шарттардың қаншалықты орындалып жатқанын тексеріп отыру керек. Ол үшін тексерістің нақты уақыты мен күнін белгілеп қойған дұрыс. Мәселен, пәтерді айына бір рет немесе жарты жылда төрт рет тексеріп тұрады. Уақытын да көрсеткен дұрыс.Пәтер иесі келетінін алдын ала ескертуі керек. Ал жалға алушы үйде болуы қажет. Себебі пәтерде жеке заттары, соның ішінде құнды заттары да бар. Бірақ төтенше жағдай, мысалы, өрт немесе коммуналдық апат кезінде үйдің есігін бұзып кіруге болады. Сондай-ақ жалға алушы екі айдан астам уақыт бойы ақшасын төлемесе, есікті бұзуға рұқсат бар. Бірақ кем дегенде екі куәгердің көзінше мүліктің хаттамасын жасап, бәрін видеоға түсіріп алған жөн. Жалға алушыларға да ескертіп қойған дұрыс.Заң бойынша түнгі сағат 22:00 мен таңғы 6:00-дің арасында пәтерді жалға алған адамдарды мазалауға болмайды.Бұзылған техниканы кім жөндейдіПәтерді жалға алған адам барлық тұрмыстық техниканы қабылдап алғаннан кейін оған жауапты болады. Бұл дегеніміз, бір нәрсе бұзылып қалса, жөндеу шығындарын төлейді. Бірақ бірнеше маңызды мәселені ескеру керек.Техника кернеудің күрт жоғарылап кетуінен, я болмаса, төтенше жағдайдың салдарынан бұзылса, оны жөндеу шығындары кімнің мойнында болатынын келісімшартта көрсетіп қойған жөн. Ондайда пәтер иесі ақша шығарады. Бұдан бөлек, сервис орталығында техниканың тозуы немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда пәтер иесі жөндеу қызметін төлейді.Үйде темекі шегуге тыйым салуға бола маПәтерді жалға беретіндердің көбісі темекі шеккенді ұнатпайды. Себебі артынан түтіннің иісі жиһаз бен қабырғаға сіңіп кетеді, төбелер сарғаяды. Артынан тағы тұсқағазды ауыстыру керек я болмаса үйді толығымен қайтадан бояп шығу қажет.Темекі шекпейтін адамды табу үшін хабарландыруға бірден осы талапты жазып қойған дұрыс. Ал келісімшарт жасағанда темекі шегуге болмайтынын ішіне қоса салуға болады. Темекі және темекі өнімдерін көрсеткен жөн. Негізгі тармақтар:Барлық темекі өнімдерін, соның ішінде электронды сигареттер, қорқорлар және тағы басқа заттарды шегуге болмайды;Бұл шектеу қонақтарға да таралады, осы тармақты бұзғаны үшін жалға алушы жауап береді;Пәтердің кез келген бөлмесінде, балкон мен лоджияда темекі шегуге тайым салынған;Осы талаптар бұзылса, айыппұл салуға болады. Кейбіреулер келісімшартты тоқтатып, басқа жалға алушыларды іздейді.Пәтерақысын неше рет көтеруге боладыКелісімшартта пәтердің ақысы цифрмен және жазбаша көрсетіледі. Бұдан бөлек, ақыны көтеру жиілігін енгізуге болады. Ондайда пәтер ақысын неше процентке көтерілетінін де жазып қояды.Азаматтық кодекске сәйкес, пәтер иесі жалға алу ақысын жылына бір рет қана көтере алады. Осы талап бұзылса, жалға алушы сотқа жүгінуі мүмкін.Сосын келісімшартта үйді босату мерзімі де көрсетіледі. Жалға алушы пәтер ақысымен келіспесе, жаңа үй іздейді. Әдетте, үйді босатуға екі ай беріледі. Ал келісімшарт болмаса, үйді бір айдың ішінде босату керек. Бірақ осы уақыттың ішінде пәтер ақысы өзгермеуі керек.Жалға алушыны уақытша тіркеуге қоюға бола маЖалға алушы адам пәтерді бір айдан астам уақытқа алса, уақытша тіркеуге тұруға құқығы бар. Бұдан бөлек, ата-анасымен бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалар да тіркеуге қойылады. Себебі оларды жақын жердегі балабақша мен мектепке беру керек.Уақытша тіркеудің ең аз уақыты – үш ай, максимум – бір жыл. Артынан ұзартып отыруға болады. Пәтер иесі жалға алушыны уақытша тіркеуге қоюдан бас тартса, 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.Жалға алушы адам уақытша тіркеуге қойылса да, үйдің жиналыстарына қатысып, дауыс бере алмайды.
https://sputnik.kz/20230816/ipotekany-tiimdi-shartpen-alu-ushin-ne-isteu-kerek-37709315.html
https://sputnik.kz/20230813/zeynetaqy-zhinagyn-mura-etip-qaldyruga-bola-ma-37637733.html
https://sputnik.kz/20230726/ashura-kuni-zhaqyndap-qaldy-oraza-ustau-mindet-pe-37018945.html
https://sputnik.kz/20230611/qazhylyq-2023-qasietti-sapar-ne-bilu-kerek-35764929.html
https://sputnik.kz/20230525/aqsha-depozit-ashatyndar-neni-bilui-qazhet-35259557.html
https://sputnik.kz/20230523/qazaqstandyqtar-zeynet-qalay-erte-shyga-alady-35189510.html
астана
алматы
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/665/23/6652377_115:0:2846:2048_1920x0_80_0_0_79a1fee26e24ca1a2cb3ddc98c62f2a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пәтер жалға беру жалға алу келісімшарт пәтерақы коммуналдық төлем аренда квартир в астане долгосрочная аренда квартир в астане снять квартиру аренда квартир в туркестане аренда квартир в алмате жалға алушы жалға беруші
пәтер жалға беру жалға алу келісімшарт пәтерақы коммуналдық төлем аренда квартир в астане долгосрочная аренда квартир в астане снять квартиру аренда квартир в туркестане аренда квартир в алмате жалға алушы жалға беруші
Пәтерді жалға алғанда нені білу керек
16:21 23.08.2023 (жаңартылды: 17:01 23.08.2023) Пәтерді жалға бергенде міндетті түрде келісімшарт жасап алған дұрыс
Бүгінде пәтерді жалға беретін қазақстандықтар аз емес. Біреулер қосымша табыс көрсе, енді біреулер үстіне ақша қосып, өз үйінен кең баспана іздеп кетеді. Алайда көбісі кейбір мәселелерді ескере бермейді. Соның салдарынан пәтерді жалға алған адамдармен түсініспеушіліктер болып жатады. Артынан басқаларын іздеуге тура келеді.
Sputnik Қазақстан пәтерді жалға беруге қатысты негізгі мәселелерді зерделеп шықты.
Келісімшартта бәрін көрсеткен дұрыс
Пәтерді жалға бергенде міндетті түрде келісімшарт жасап алған дұрыс. Құжаттың көшірмелері интернетте көп. Онда пәтерді жалға беруші мен жалға алушының құқықтары жазылады, міндеттері де көрсетіледі. Сонда екі тарап жауапкершіліктің бар екенін біледі.
Келісімшартта барлық жиһаз бен тұрмыстық техниканың тізімі де болады. Ал бір нәрсе бұзылса, оны жөндеу және шығындарын төлеу тәртібі бекітіледі. Құжатқа үйді жинау мен тазалықты сақтау міндеттерін де енгізуге болады. Үйдің иесі пәтерді қай уақытта және қашан тексере алатынын көрсетеді. Бұдан бөлек кейбіреулер келісімшартқа тыныштықты сақтау тәртібін енгізіп қояды. Сонда көршілер көп шағымданбайды.
Пәтерді жалға беретіндер депозитке тағы бір айдың ақшасын да сұрауы мүмкін. Оны да келісімшартқа енгізіп қояды. Пәтер иесі ол ақшаның есебінен тұрмыстық техниканы жөндеуге, я болмаса, үйді жаңартуға кеткен шығындарды өтей алады.
Коммуналдық төлемдер кімнің мойнында
Пәтердің коммуналдық шығындарын жалға алушы адам төлейді. Бірақ көппәтерлі үйде жинақтау жарналары да бар. Оны шатырды жөндеу және тағы басқа жұмыстарға жұмсайды. Жинақтау жарнасын үйдің иесі төлеуі керек.
Сондай-ақ жылына бір рет мүлік пен жердің салығы келеді. Оны да пәтер иесі төлейді.
Коммуналдық төлемдерді алдын ала бірнеше айға алып қоюға болады. Бірақ ондай міндеттер келісімшартта көрсетілуі керек.
Жалға алушы болмаса, үйге кіре ала ма?
Пәтердің иесі өз үйіне кіруге құқылы. Себебі оған келісімдегі шарттардың қаншалықты орындалып жатқанын тексеріп отыру керек. Ол үшін тексерістің нақты уақыты мен күнін белгілеп қойған дұрыс. Мәселен, пәтерді айына бір рет немесе жарты жылда төрт рет тексеріп тұрады. Уақытын да көрсеткен дұрыс.
Пәтер иесі келетінін алдын ала ескертуі керек. Ал жалға алушы үйде болуы қажет. Себебі пәтерде жеке заттары, соның ішінде құнды заттары да бар. Бірақ төтенше жағдай, мысалы, өрт немесе коммуналдық апат кезінде үйдің есігін бұзып кіруге болады. Сондай-ақ жалға алушы екі айдан астам уақыт бойы ақшасын төлемесе, есікті бұзуға рұқсат бар. Бірақ кем дегенде екі куәгердің көзінше мүліктің хаттамасын жасап, бәрін видеоға түсіріп алған жөн. Жалға алушыларға да ескертіп қойған дұрыс.
Заң бойынша түнгі сағат 22:00 мен таңғы 6:00-дің арасында пәтерді жалға алған адамдарды мазалауға болмайды.
Бұзылған техниканы кім жөндейді
Пәтерді жалға алған адам барлық тұрмыстық техниканы қабылдап алғаннан кейін оған жауапты болады. Бұл дегеніміз, бір нәрсе бұзылып қалса, жөндеу шығындарын төлейді. Бірақ бірнеше маңызды мәселені ескеру керек.
Техника кернеудің күрт жоғарылап кетуінен, я болмаса, төтенше жағдайдың салдарынан бұзылса, оны жөндеу шығындары кімнің мойнында болатынын келісімшартта көрсетіп қойған жөн. Ондайда пәтер иесі ақша шығарады. Бұдан бөлек, сервис орталығында техниканың тозуы немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда пәтер иесі жөндеу қызметін төлейді.
Үйде темекі шегуге тыйым салуға бола ма
Пәтерді жалға беретіндердің көбісі темекі шеккенді ұнатпайды. Себебі артынан түтіннің иісі жиһаз бен қабырғаға сіңіп кетеді, төбелер сарғаяды. Артынан тағы тұсқағазды ауыстыру керек я болмаса үйді толығымен қайтадан бояп шығу қажет.
Темекі шекпейтін адамды табу үшін хабарландыруға бірден осы талапты жазып қойған дұрыс. Ал келісімшарт жасағанда темекі шегуге болмайтынын ішіне қоса салуға болады. Темекі және темекі өнімдерін көрсеткен жөн. Негізгі тармақтар:
Барлық темекі өнімдерін, соның ішінде электронды сигареттер, қорқорлар және тағы басқа заттарды шегуге болмайды;
Бұл шектеу қонақтарға да таралады, осы тармақты бұзғаны үшін жалға алушы жауап береді;
Пәтердің кез келген бөлмесінде, балкон мен лоджияда темекі шегуге тайым салынған;
Осы талаптар бұзылса, айыппұл салуға болады. Кейбіреулер келісімшартты тоқтатып, басқа жалға алушыларды іздейді.
Пәтерақысын неше рет көтеруге болады
Келісімшартта пәтердің ақысы цифрмен және жазбаша көрсетіледі. Бұдан бөлек, ақыны көтеру жиілігін енгізуге болады. Ондайда пәтер ақысын неше процентке көтерілетінін де жазып қояды.
Азаматтық кодекске сәйкес, пәтер иесі жалға алу ақысын жылына бір рет қана көтере алады. Осы талап бұзылса, жалға алушы сотқа жүгінуі мүмкін.
Сосын келісімшартта үйді босату мерзімі де көрсетіледі. Жалға алушы пәтер ақысымен келіспесе, жаңа үй іздейді. Әдетте, үйді босатуға екі ай беріледі. Ал келісімшарт болмаса, үйді бір айдың ішінде босату керек. Бірақ осы уақыттың ішінде пәтер ақысы өзгермеуі керек.
Жалға алушыны уақытша тіркеуге қоюға бола ма
Жалға алушы адам пәтерді бір айдан астам уақытқа алса, уақытша тіркеуге тұруға құқығы бар. Бұдан бөлек, ата-анасымен бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалар да тіркеуге қойылады. Себебі оларды жақын жердегі балабақша мен мектепке беру керек.
Уақытша тіркеудің ең аз уақыты – үш ай, максимум – бір жыл. Артынан ұзартып отыруға болады. Пәтер иесі жалға алушыны уақытша тіркеуге қоюдан бас тартса, 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Жалға алушы адам уақытша тіркеуге қойылса да, үйдің жиналыстарына қатысып, дауыс бере алмайды.