https://sputnik.kz/20230726/ashura-kuni-zhaqyndap-qaldy-oraza-ustau-mindet-pe-37018945.html
Ашура күні жақындап қалды: ораза ұстау міндет пе
Ашура күні жақындап қалды: ораза ұстау міндет пе
Sputnik Қазақстан
2023 жылы Ашура күні 28 шілдеге, қасиетті жұмаға тұспа-тұс келіп тұр.
2023-07-26T15:54+0500
2023-07-26T15:54+0500
2023-07-26T15:54+0500
дерекқор
ораза
күн
https://sputnik.kz/img/1384/75/13847588_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_880f391ffc8f8c4921c9a4a861528250.jpg
Ашура күні деген неҚұран Кәрімде айтылған қасиетті төрт айдың бірі – мұхаррам.Мұхаррам мұсылман жыл санауының алғашқы айы саналады, "қасиетті", "тыйым салынған" деген мағыналарды білдіреді. Алла елшісі мұхаррамды "Алланың айы" деп сипаттаған. Осы мұхаррам айының оныншы жұлдызы "Ашура күні" деп аталады."Ашура" араб тілінде он деген санды білдіретін "ашара" сөзінен шыққан. Кейбір ғалымдар ашура күнінің атауын Алла Тағаланың пайғамбарымыздың үмметіне он түрлі ерекше уақытты сыйлауымен байланыстырып, соның оныншысы ашура екенін айтқан.Адам пайғамбардың жаратылуы, жұмаққа кіруі және жұмақтан шығарылған соң тәубесінің қабыл болуы, Нұх пайғамбардың топан судан құтылуы, Жүніс пайғамбардың балықтың қарнынан шығуы, Ибраһим пайғамбардың отқа жанбауы, Жақып пайғамбардың ұлы Жүсіппен қауышуы, Жүсіп пайғамбардың құдықтан шығуы, Аюб пайғамбардың дерттен құтылуы сияқты елеулі оқиғалар осы Ашура күні болған деседі.Ашура күні қашан 2023 жылы Ашура күні 28 шілдеге, қасиетті жұмаға тұспа-тұс келіп тұр.Ашура күні ораза ұстауға бола маАшура күні мұсылманға ораза ұстау міндет емес, нәпіл оразалардан саналады.Пайғамбарымыз алғаш Мәдина қаласына келгенде Рамазан айының оразасы парыз болмаған шақта қаладағы яһудилердің мұхаррамның оны күні ораза ұстайтынын көріп, олардан бұл оразаның себебін сұрайды. Сонда олар: "Бұл біз үшін айтулы күн. Нақ осы күні Алла Тағала Мұса пайғамбар мен қауымын озбыр Перғауыннан құтқарған", – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар: "Олай болса Мұсаға сендерден гөрі мен жақынмын", – деп, мұсылмандарға осы күні ораза тұтуға бұйырады. Бірақ кейінірек Рамазан оразасы парыз етілген соң: "Қалаған адам тұтсын, қаламаған адам аузын ашсын", – деп адамның өз еркіне қалдырады. Десе де бұл күні ораза ұстаған мұсылман үлкен сауапқа ие болады. Әрі ауыз бекіткен жанның өткен жылғы күнәлары кешіріледі.Алла елшісі "Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза", – деген.Осыған байланысты ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап деп пәтуа берілген. Яғни 27 және 28 шілде немесе 28 және 29 шілде күндері ораза ұстау құпталған амал саналады.Ашура күні тағы қандай амалдар орындаладыАшура күні пенде бұрынғы жасаған күнә-қателіктері үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе еткені жөн.Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемістен жеген соң, тәубе етеді. Алла Тағала ол турасында қасиетті Құранда: "Сонда Адам (оған Алланың сәлемі болсын) Раббысынан сөздер үйренді де, жалбарынып тәубе етті. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді", – деп айтқан. Ғалымдарымыз Адам пайғамбардың тәубесінің қабыл болған күн осы Ашура күні екенін айтқан.Сонымен қатар бұл күні мұқтаждарға садақа берген абзал. Өйткені Ашура күні берілген садақаның сауабы мол.Бұған қоса Ашура күні отбасы мүшелеріне, ағайын-туысқа ерекше көңіл бөліп, қуаныш сыйлау маңызды. Пайғамбарымыз: "Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды", – деген."Кеңшілік жасау" дегенде дәмді тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істерді меңзеген. Ғалымдарымыз Ашура күнінде отбасына кеңшілік жасауды мұстахап амалға жатқызады.Сондай-ақ Ашура күні кедей адамдарды қуантып, ең кемі он адамға сәлем берген абзал.Ашура күні ізгі амалдарды орындап, жақсылық жасаудың сауабы қаншалықты мол болса, тыйым етілген істі жасаудың да күнәсі ауыр. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер...", – деп айтқан.
https://sputnik.kz/20230118/dini-merekeler-kuntizbesi---2023--31236823.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/75/13847588_111:0:1891:1335_1920x0_80_0_0_641fb842a8d477e9310115ac89637962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ашура күні 2023 28 шілде мұсылман ораза ұстау день ашуры
ашура күні 2023 28 шілде мұсылман ораза ұстау день ашуры
Ашура күні жақындап қалды: ораза ұстау міндет пе
Мұсылмандар үшін айтулы күндердің бірі саналатын Ашура күні туралы толығырақ Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз
Құран Кәрімде айтылған қасиетті төрт айдың бірі – мұхаррам.
Мұхаррам мұсылман жыл санауының алғашқы айы саналады, "қасиетті", "тыйым салынған" деген мағыналарды білдіреді. Алла елшісі мұхаррамды "Алланың айы" деп сипаттаған. Осы мұхаррам айының оныншы жұлдызы "Ашура күні" деп аталады.
"Ашура" араб тілінде он деген санды білдіретін "ашара" сөзінен шыққан. Кейбір ғалымдар ашура күнінің атауын Алла Тағаланың пайғамбарымыздың үмметіне он түрлі ерекше уақытты сыйлауымен байланыстырып, соның оныншысы ашура екенін айтқан.
Адам пайғамбардың жаратылуы, жұмаққа кіруі және жұмақтан шығарылған соң тәубесінің қабыл болуы, Нұх пайғамбардың топан судан құтылуы, Жүніс пайғамбардың балықтың қарнынан шығуы, Ибраһим пайғамбардың отқа жанбауы, Жақып пайғамбардың ұлы Жүсіппен қауышуы, Жүсіп пайғамбардың құдықтан шығуы, Аюб пайғамбардың дерттен құтылуы сияқты елеулі оқиғалар осы Ашура күні болған деседі.
2023 жылы Ашура күні 28 шілдеге, қасиетті жұмаға тұспа-тұс келіп тұр.
Ашура күні ораза ұстауға бола ма
Ашура күні мұсылманға ораза ұстау міндет емес, нәпіл оразалардан саналады.
Пайғамбарымыз алғаш Мәдина қаласына келгенде Рамазан айының оразасы парыз болмаған шақта қаладағы яһудилердің мұхаррамның оны күні ораза ұстайтынын көріп, олардан бұл оразаның себебін сұрайды. Сонда олар: "Бұл біз үшін айтулы күн. Нақ осы күні Алла Тағала Мұса пайғамбар мен қауымын озбыр Перғауыннан құтқарған", – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар: "Олай болса Мұсаға сендерден гөрі мен жақынмын", – деп, мұсылмандарға осы күні ораза тұтуға бұйырады. Бірақ кейінірек Рамазан оразасы парыз етілген соң: "Қалаған адам тұтсын, қаламаған адам аузын ашсын", – деп адамның өз еркіне қалдырады.
Десе де бұл күні ораза ұстаған мұсылман үлкен сауапқа ие болады. Әрі ауыз бекіткен жанның өткен жылғы күнәлары кешіріледі.
Алла елшісі "Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза", – деген.
Осыған байланысты ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап деп пәтуа берілген. Яғни 27 және 28 шілде немесе 28 және 29 шілде күндері ораза ұстау құпталған амал саналады.
Ашура күні тағы қандай амалдар орындалады
Ашура күні пенде бұрынғы жасаған күнә-қателіктері үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе еткені жөн.
Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған жемістен жеген соң, тәубе етеді. Алла Тағала ол турасында қасиетті Құранда: "Сонда Адам (оған Алланың сәлемі болсын) Раббысынан сөздер үйренді де, жалбарынып тәубе етті. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді", – деп айтқан. Ғалымдарымыз Адам пайғамбардың тәубесінің қабыл болған күн осы Ашура күні екенін айтқан.
Сонымен қатар бұл күні мұқтаждарға садақа берген абзал. Өйткені Ашура күні берілген садақаның сауабы мол.
Бұған қоса Ашура күні отбасы мүшелеріне, ағайын-туысқа ерекше көңіл бөліп, қуаныш сыйлау маңызды. Пайғамбарымыз: "Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды", – деген.
"Кеңшілік жасау" дегенде дәмді тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істерді меңзеген. Ғалымдарымыз Ашура күнінде отбасына кеңшілік жасауды мұстахап амалға жатқызады.
Сондай-ақ Ашура күні кедей адамдарды қуантып, ең кемі он адамға сәлем берген абзал.
Ашура күні ізгі амалдарды орындап, жақсылық жасаудың сауабы қаншалықты мол болса, тыйым етілген істі жасаудың да күнәсі ауыр. Алла Тағала қасиетті Құранда: "Бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер...", – деп айтқан.