"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы өрт: тағы бір кеншінің мәйіті табылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивное фото шахтера в шахте
Архивное фото шахтера в шахте - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Жазылу
Енді екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында өрт салдарынан қаза болған үшінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлады "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қаза тапқан кеншінің кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Компания көз жұмған кеншілердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін хабарлады.
Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған. 22 адам эвакуацияланды. 13 адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Бұған дейін оның екеуінің мәйіті табылған болатын. Енді екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмек көрсетілуге тиіс.
Шахтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай материалдық көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0