Тоқаев шахтадағы апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.
Сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмек көрсетілуге тиіс.
Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырылды.
"Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның біреуінің мәйіті табылды, төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.
Шахтинск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Екі емес, бір кеншінің денесі табылды – әкімдік
Жаңалықтар
0