https://sputnik.kz/20230818/shakhtada-qaza-tapqan-kenshilerdin-otbasyna-qanday-materialdyq-komek-korsetiledi-37775078.html
Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай материалдық көмек көрсетіледі
Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай материалдық көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Қайтыс болған адамдардың отбасына 10 жылдық жалақысы төленеді 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T12:51+0500
2023-08-18T12:51+0500
2023-08-18T12:53+0500
шахта
апат
https://sputnik.kz/img/209/85/2098571_0:252:4416:2736_1920x0_80_0_0_346f66468ed3896480f80e7aa1e0e241.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сондай-ақ өрттен зардап шеккен шахтерлерге де көмек көрсетіледі."Олардың сырқаттануына байланысты жәрдемақы 100 пайыз төленеді. Сауығып шыққанға дейін емдеу шығындарын компания толығымен өз мойнына алады. Егер одан кейін жазылмай, мүгедек болып қалса, онда әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді ол.Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылды. Екі адамның денесі табылды, тағы үшеуі іздестіріліп жатыр.Зардап шеккен 11 кенші қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/209/85/2098571_216:0:4200:2988_1920x0_80_0_0_0267ca2681f408830bccf409e0b8ea17.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахта, апат
Шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай материалдық көмек көрсетіледі
12:51 18.08.2023 (жаңартылды: 12:53 18.08.2023) Қайтыс болған адамдардың отбасына 10 жылдық жалақысы төленеді
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл мекемеде жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық еңбек шарты бар. Сол ұжымдық еңбек шарты бойынша қайтыс болған адамдардың отбасына 10 жылдық жалақысы төленеді. Қайғылы жағдайда қаза болғандардың отбасына пәтер беріледі, балаларының оқуға түсуіне жағдай жасалады", - деді Оспанқұлов шахтадағы апат бойынша өткен брифингте.
Сондай-ақ өрттен зардап шеккен шахтерлерге де көмек көрсетіледі.
"Олардың сырқаттануына байланысты жәрдемақы 100 пайыз төленеді. Сауығып шыққанға дейін емдеу шығындарын компания толығымен өз мойнына алады. Егер одан кейін жазылмай, мүгедек болып қалса, онда әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді ол.
Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылды. Екі адамның денесі табылды, тағы үшеуі іздестіріліп жатыр.
Зардап шеккен 11 кенші қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.