Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

© Sputnik / Владислав ВодневҚайрат Құдайберген
Қайрат Құдайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзарды, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Қамауда ұстау туралы қаулыны Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдаған.
"20 маусымда сот Қ-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін ұзартуды санкциялады. Қамауда ұстау уақыты 2 айға дейін, яғни 2023 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды", - деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы мәслихатының VII шақырылымының депутаты және блогер Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Оған дейін Қайрат Құдайбергенді қаңтар оқиғасының куәгері ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураға жауап алуға шақырған болатын.
Қамауда отырып, ол депутат мәртебесінен айрылды.
Бір жыл екі ай ішінде Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзарды.
Криминальный авторитет Арман Джумагельдиев (Дикий Арман) - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Дикий Арман мен Қайрат Құдайберген рақымшылыққа ілінбейді
Жаңалықтар
0