https://sputnik.kz/20220422/deputat-qayrat-qudaybergen-ustaldy-24373197.html
Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды
Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол сот санкциясына дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T09:08+0500
2022-04-22T09:08+0500
2022-04-22T09:15+0500
қоғам
қайрат құдайберген
депутат
https://sputnik.kz/img/992/08/9920888_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_366210a2755f842d47d73cb729fb39f9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Алматы мәслихатының депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген ұсталды.Оны бүгін түнде ұстаған. Қазір ол Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ақпарат көзі растады."Иә, түнде Құдайберген ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы "Ұстау негіздері" негізінде ұсталды. Әзірге 72 сағаттан артық отырмайды. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша күдікті ретінде өтіп жатыр. Мұндай істі Бас прокуратура жүргізеді, сол себепті ресми түсініктемені тек солар ғана бере алады", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан тілшісіне.Сондай-ақ ол 72 сағат ішінде Қайрат Құдайбергенге қатысты істі тергеу уақытына бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселе шешілуге тиіс екенін атап өтті.Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тергеу сотына Құдайбергенге қатысты материалдар әлі түспегенін нақтылады.Ал Бас прокуратура әзірге жауап берген жоқ.Бұған дейін Қайрат Құдайбергенді қаңтар оқиғасының куәгері ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураға жауап алуға шақырған болатын.
https://sputnik.kz/20220419/shymkent-taraz-qantardagy-shabuyl-24301570.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/992/08/9920888_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_c95f8b07c3d8dce66e359f814f80f34a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат құдайберген, депутат
қайрат құдайберген, депутат
Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды
09:08 22.04.2022 (жаңартылды: 09:15 22.04.2022) Ол сот санкциясына дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Алматы мәслихатының депутаты, бизнесмен Қайрат Құдайберген ұсталды.
Оны бүгін түнде ұстаған. Қазір ол Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл туралы
Sputnik Қазақстанға ақпарат көзі растады.
"Иә, түнде Құдайберген ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы "Ұстау негіздері" негізінде ұсталды. Әзірге 72 сағаттан артық отырмайды. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша күдікті ретінде өтіп жатыр. Мұндай істі Бас прокуратура жүргізеді, сол себепті ресми түсініктемені тек солар ғана бере алады", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Сондай-ақ ол 72 сағат ішінде Қайрат Құдайбергенге қатысты істі тергеу уақытына бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселе шешілуге тиіс екенін атап өтті.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі тергеу сотына Құдайбергенге қатысты материалдар әлі түспегенін нақтылады.
Ал Бас прокуратура әзірге жауап берген жоқ.
Бұған дейін Қайрат Құдайбергенді қаңтар оқиғасының куәгері ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратураға жауап алуға шақырған болатын.