https://sputnik.kz/20220419/shymkent-taraz-qantardagy-shabuyl-24301570.html
Қаңтар оқиғасы: Шымкент пен Таразда әкімдікке шабуылдаған 30-дан астам адам қаза болған
Қаңтар оқиғасы: Шымкент пен Таразда әкімдікке шабуылдаған 30-дан астам адам қаза болған
Sputnik Қазақстан
Бесінші қаңтардан алтыншы қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталған 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T11:33+0500
2022-04-19T11:33+0500
2022-05-23T14:18+0500
шымкент
тараз
қаңтар
шабуыл
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050281_0:0:3038:1710_1920x0_80_0_0_69d108013f0c035cdd21ffbcc2ac618e.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Қылмыстық қудалау органдары қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты мән-жайды анықтап жатыр.Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, бесінші қаңтардан алтыншы қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталған. "Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Олар 3 мыңнан астам адамнан тұратын агрессивті топтың шабуылына тойтарыс беру керек болған. Адамдардың көпшілігінде атыс қаруы болды. Полиция қызметкерлері тек резеңке оқ пен жарық-шу гранаталарын пайдаланды. Алайда бұл ойрандатушыларды тоқтатпады", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.Тек 3 қарулы шабуыл жасалып, қызметкерлердің өміріне нақты қауіп төнген соң атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде 20 шабуылшы қаза болды. Сондай-ақ, 6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалған.Медициналық зерттеулердің нәтижесінде шабуылдаған 9 адам мас күйінде және екеуі есірткінің әсерінде болғаны анықталды.
шымкент
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050281_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_4012e4c0911be79c7de7e49749aa369f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, тараз, қаңтар, шабуыл
шымкент, тараз, қаңтар, шабуыл
Қаңтар оқиғасы: Шымкент пен Таразда әкімдікке шабуылдаған 30-дан астам адам қаза болған
11:33 19.04.2022 (жаңартылды: 14:18 23.05.2022) Бесінші қаңтардан алтыншы қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталған
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Қылмыстық қудалау органдары қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты мән-жайды анықтап жатыр.
Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, бесінші қаңтардан алтыншы қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталған.
"Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Олар 3 мыңнан астам адамнан тұратын агрессивті топтың шабуылына тойтарыс беру керек болған. Адамдардың көпшілігінде атыс қаруы болды. Полиция қызметкерлері тек резеңке оқ пен жарық-шу гранаталарын пайдаланды. Алайда бұл ойрандатушыларды тоқтатпады", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Тек 3 қарулы шабуыл жасалып, қызметкерлердің өміріне нақты қауіп төнген соң атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде 20 шабуылшы қаза болды. Сондай-ақ, 6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына қарулы шабуыл жасалған.
"500 адамға жуық қарулы топ ғимараттарға оқ атты, салдарынан полиция қызметкерлері қаза болды. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қарсы оқ атып, 11 қылмыскердің көзі жойылды", - деді Қилымжанов.
Медициналық зерттеулердің нәтижесінде шабуылдаған 9 адам мас күйінде және екеуі есірткінің әсерінде болғаны анықталды.