Астанадағы өрт ошағына төтенше жағдайлар министрі барды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаМинистр по чрезвычайным ситуациям Казахстана прибыл на место пожара под Астаной
Министр по чрезвычайным ситуациям Казахстана прибыл на место пожара под Астаной - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 маусым – Sputnik. Астанадағы өрт ошағына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Кешкі 18.30 жағдай бойынша өрт әлі сөндірілген жоқ. Тілсіз жау 15 га аумаққа жайылған. Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндірумен айналысып жатыр.

"Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана орманы техникасы жұмылдырылды, қосымша қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды", - дейді ведомство.

Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
"Құрметті тұрғындар, ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз. Егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска киген дұрыс. Түтіннің бөлмеге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз", - деп хабарлады ТЖД мамандары.
Еске сала кетейік, Астана маңында қамысты алқап жанып жатыр. Қаланың қою түтін басып, дәрігерлер тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.
Жаңалықтар
0