Елорда тынысы

Дәрігерлер астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевСмог и запах гари в Астане
Смог и запах гари в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Дәрігерлер астаналықтарға көшеге шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігі.
Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр.
“Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге кеңес береді. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 15 гектар аумаққа жайылған өртті сөндіріп жатыр. Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.
Густые клубы дыма над Астаной - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Астананы көк түтін тұмшалады: қала іргесінде қамыс өртеніп жатыр
Жаңалықтар
0