Астананы көк түтін тұмшалады: қала іргесінде қамыс өртеніп жатыр

© Sputnik / Молдир БультековаГустые клубы дыма над Астаной
Густые клубы дыма над Астаной - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана іргесінде қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған шөптің өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.
© Sputnik / Санат Имангалиев Астана
Густые клубы дыма над Астаной - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2023
Астана
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған шөптің өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, "Астана орманы" мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған.
Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп отыр, дейді мамандар.
Жаңалықтар
0