https://sputnik.kz/20230614/serik-kudebaevtyn-elden-qalay-qashyp-ketkeni-belgili-boldy-35939383.html
Серік Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені белгілі болды
Серік Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Он жылға сотталған генерал-майорға елден қашқаны үшін қосымша жаза беріледі 14.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-14T13:21+0500
2023-06-14T13:21+0500
2023-06-14T13:44+0500
бас прокуратура
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_0:0:2992:1683_1920x0_80_0_0_0696ce875840d2e1a8e90fe768bafe12.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қалай қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, қашқын генерал-майор шекарадағы өткізу бекетінен өтпеген.Ол Күдебаевтың елден қашу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталғанын атап өтті. Іс сотқа жолданды. Ең басты айыпталушы Күдебаевтың өзі."Ол біздің шекарамыздан тыс жерден Қырғызстан мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі мұндай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себепті өзі ғана жауапқа тартылып жатыр", - деп нақтылады бас прокурордың орынбасары.Ол сондай-ақ Күдебаев жасаған осы қылмысы үшін қосымша жаза арқалайтынын айтты.Еске салсақ, биыл 3 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды. 23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашқан Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді. Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін генерал-майор сотқа баруды тоқтатқан. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді. 27 сәуірде Серік Күдебаевтың ұсталғаны хабарланды. Ресми ақпарат бойынша, ол Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Қазақстанға қайтарылған. Алайда оның отбасы Күдебаев өз еркімен елге оралғанын мәлімдеді. 28 сәуірде Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Азаптау" және 362-бабы 4-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Айта кетері, Серік Қүдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам Алматы полициясы департаментінің бастығы болған.
https://sputnik.kz/20230428/general-qudebaev-sotta-songy-sozin-aytty-34388575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/556/94/5569487_1167:160:2992:1529_1920x0_80_0_0_c52d45226ba89466c632aea8d31c3093.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қаңтар оқиғасы
бас прокуратура, қаңтар оқиғасы
Серік Күдебаевтың елден қалай қашып кеткені белгілі болды
13:21 14.06.2023 (жаңартылды: 13:44 14.06.2023) Он жылға сотталған генерал-майорға елден қашқаны үшін қосымша жаза беріледі
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Бас прокуратура Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қалай қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, қашқын генерал-майор шекарадағы өткізу бекетінен өтпеген.
"Оның берген жауабына сәйкес, ол Кеген ауданында шекарада темір тордың астын көтеру арқылы өтіп кеткен", деді Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.
Ол Күдебаевтың елден қашу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталғанын атап өтті. Іс сотқа жолданды. Ең басты айыпталушы Күдебаевтың өзі.
"Ол біздің шекарамыздан тыс жерден Қырғызстан мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі мұндай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себепті өзі ғана жауапқа тартылып жатыр", - деп нақтылады бас прокурордың орынбасары.
Ол сондай-ақ Күдебаев жасаған осы қылмысы үшін қосымша жаза арқалайтынын айтты.
Еске салсақ, биыл 3 сәуірде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа
іздеу жарияланды. Оған экс-полицейдің елден қашуы себеп болды.
23 наурызда Күдебаев қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өтіп, сол күні Бішкектен Стамбулға ұшып кеткен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелге қашқан Күдебаев шекарадан ресми жұмыс істеп тұрған өткізу бекеттері арқылы өтпегенін мәлімдеді.
Серік Күдебаевқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін генерал-майор сотқа баруды тоқтатқан. Отырыс генералдың келмеуіне байланысты 5 рет кейінге шегерілді.
27 сәуірде Серік Күдебаевтың
ұсталғаны хабарланды. Ресми ақпарат бойынша, ол Түркияда ұсталып, арнайы бортпен Қазақстанға қайтарылған. Алайда оның отбасы Күдебаев өз еркімен елге оралғанын мәлімдеді.
28 сәуірде Талдықорған қалалық сотының үкімімен Серік Күдебаев Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-тармағы 1-тармақшасы "Азаптау" және 362-бабы 4-тармағы – Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға
сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Айта кетері, Серік Қүдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол алты жылдан астам Алматы полициясы департаментінің бастығы болған.