https://sputnik.kz/20230612/erdogan-toqaevqa-qonyrau-shalyp-konil-aytty-35868899.html
Ердоған Тоқаевқа қоңырау шалып, көңіл айтты
Ердоған Тоқаевқа қоңырау шалып, көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Абай облысында өрттен орманшылардың қаза табуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты. 12.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-12T14:17+0500
2023-06-12T14:17+0500
2023-06-12T14:18+0500
қоғам
режеп тайип ердоған
түркия
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35546838_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9c2d704871dd52553d839426e8da76fe.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Абай облысында өрттен орманшылардың қаза табуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты.Түркия тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтқан болатын.Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады.9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы қаза тапқаны туралы суыт хабар жетті.10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барып, марқұмдардың жақындарымен кездесті.Президент 12 маусым – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.Елдің шығысында тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр. Жалын 60 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
https://sputnik.kz/20230612/abay-oblysynda-ort-sondiru-koligi-zhanyp-ketti--35861959.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/01/35546838_41:0:1178:853_1920x0_80_0_0_fde5d831963a1a1839e7c36c50d88a41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
режеп тайип ердоған, түркия, қасым-жомарт тоқаев
режеп тайип ердоған, түркия, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Абай облысында өрттен орманшылардың қаза табуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты.
Түркия тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Қасым-Жомарт Тоқаевқа
көңіл айтқан болатын.Еске салсақ, 8 маусымда "Семей орманы" резерватынан өрт шықты. Аптап ыстықтан тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мүмкін болмады.
9 маусымда "Семей орманы" резерваты Новошульба филиалының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені хабарланды. Олар өз учаскесіндегі өртті сөндіруге шыққан. Көп ұзамай іздеу жұмыстары басталды. Алайда 10 маусым күні орманшылардың барлығы қаза тапқаны туралы суыт хабар жетті.
10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына ұшып барып, марқұмдардың жақындарымен кездесті.
Президент 12 маусым – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Елдің шығысында тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр. Жалын 60 мың гектардан астам аумақты шарпыған.