Абай облысында өрт сөндіру көлігі жанып кетті

© Photo : ҚР ТЖМӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысында ормандағы өртті сөндіру кезінде құтқарушылардың көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде орманда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады. Сол жерде құтқарушылар да жүр. Жанып кеткен көлік Қарағанды облысынан өрт сөндіруге жіберілді деген ақпарат бар.
Видео Талица ауылына жақын жерде түсірілді. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті арнайы көліктің жанып кеткенін растады.
"Қатты түтіннің арасымен колоннамен келе жатқанда өрттің тез таралуы салдарынан "Камаз-43118" маркалы өрт сөндіру көлігі зақымданды", - дейді департамент мамандары.
Көлікте болған құтқарушылар зардап шеккен жоқ.
Пожар на заводе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
"Жалақысы 80 мың теңге": көз жұмған орманшының әкесі өрт басталған күнгі оқиғаны баяндады
Жаңалықтар
0