Қоғам

Шавкат Мирзиеев Қазақстан халқына көңіл айтты

© Sputnik / Рамиз БахтияровҚасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев және  Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімеге Өзбекстан тарапы бастамашы болған.
"Өзбекстан президенті Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты мемлекет басшысына және Қазақстан халқына көңіл айтты. Шавкат Мирзиёев қаза тапқан азаматтардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді", - делінген хабарламада.
Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растады және әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.
Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен 14 орманшы қаза тапты.
8 маусымда басталған тілсіз жау әлі басылар емес.
Абай облысындағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2023
Өңірлер
Абай облысында орман өрті әлі сөнген жоқ
Жаңалықтар
0