Оқиға

Тиісті органдар апат ауқымы бойынша қате болжам жасаған - Тоқаев

© Photo : ҚР Президентінің баспасөз қызметіПрезидент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты
Президент Абай облысында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрттен қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен кездесу кезінде осылай айтты.
"Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады", - деді ол.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты. Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған. Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылды.
10 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Оның орнына Сырым Шәріпхановты тағайындады.
Мемлекет басшысы дүйсенбі, 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын айтты.
Еске салсақ, Абай облысында орман өртінен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапты.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Қоғам
Қазақстандық банк өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасыларына 3 млн теңгеден береді
Жаңалықтар
0