Қоғам

Қазақстандық банк өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасыларына 3 млн теңгеден береді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Halyk Bank Абай облысында өрттен қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Абай облысында өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасыларына Halyk-тан 3 миллион теңгеден беріледі. Сонымен қатар өрттен қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің Halyk Bank-тегі несиелері есептен шығарылады", - делінген хабарламада.

Банк басшылығы марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.
Еске салсақ, Семей орманындағы алапат өрттен 14 орманшы қаза тапты. Олар өз учаскесінде өртті сөндіруге шыққан.
11 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына ұшып барды.
Абай облысындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2023
Өңірлер
Абай облысында мың жарым адам 5 учаскеде өрт сөндіріп жатыр
Жаңалықтар
0