https://sputnik.kz/20220630/nato-sammitinde-reseyge-qatysty-ne-aytyldy-25921243.html
НАТО саммитінде Ресейге қатысты не айтылды
НАТО саммитінде Ресейге қатысты не айтылды
Sputnik Қазақстан
Мадридте өткен НАТО саммитінде Ресей ресми түрде "одақтастардың қауіпсіздігіне төнген әлдеқайда маңызды және тікелей қауіп, Еуро-Атлантикалық өңірдегі... 30.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-30T18:08+0500
2022-06-30T18:08+0500
2022-07-04T10:59+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
Мадридте өткен НАТО саммитінде Ресей ресми түрде "одақтастардың қауіпсіздігіне төнген әлдеқайда маңызды және тікелей қауіп, Еуро-Атлантикалық өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қатер" ретінде жарияланды. Ал альянс өзін "қорғаныс мақсатында әрекет ететін және "ешбір елге қауіп төндірмейтін" одақ ретінде сипаттады, деп жазды РИА Новости.Бірақ одақтастар Ресей тарапынан болып жатқан қауіп-қатерге қарсы әрекет етуді жалғастырып, Украинаны саяси және әскери салада қолдауды тоқтатпайды. Ал Ресейден "Украинадан кетуді" талап етті. Алайда декларацияда мұның барлығына қандай әдіспен қол жеткізілетіні туралы айтылмайды.Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс Мадридте сөйлеген сөзінде нақты ұсыныс айтты:"Қазір Украина Ресейді жеңіп, президент Зеленский басымды күшпен келіссөз жүргізуі үшін күш салуды екі еселейтін уақыт болып тұр. Біз Украинада Ресейдің жеңіліс табуына қол жеткізуге міндеттіміз.. Біз мұны еуропалық қауіпсіздік, еркіндік пен демократия үшін жасауымыз керек. Кейбіреулер Ресей қазір Украинада соғысып жатқан шақта келіссөз жүргізуге болатынын айтып жатыр. Алайда, бұл жалған бейбітшілік болар еді деп ойлаймын. Біз өткеннен сабақ алуымыз керек. Мысалы, орындалмаған Минск келісімі. Сондықтан алдымен Ресейді жеңіп, содан кейін келіссөз жүргізу қажет".Англосаксондар Ресейді жеңгенше соғысқа кірісетіні туралы бұрыннан белгілі. Дегенмен, олардың Ресейді жеңе алатынына сенімділігі таңғалдырады. Өйткені Ресейдің кері шегінбейтіні, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуден бас тартпайтыны бүкіл әлемге белгілі болып отыр. Сондықтан мұның барлығын атлантистердің рухын көтеру үшін айтылды деп санауғам болады.Мадридте бекітілген НАТО-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық тұжырымдамасында Қытай да атап көрсетілген. Бірақ Бейжің Мәскеу секілді нақты қарсы тарап ретінде айтылмаған."Қытайдың мақсаты мен оның мәжбүрлеу саясаты біздің мүдделерімізге, қауіпсіздігіміз бен құндылықтарымызға сын-қатер төндіріп тұр. Қытай өз стратегиясы, мүддесі мен әскери ықпалына қатысты бейтарап қалыпты сақтай отырып, өзінің халықаралық ықпалын арттыру үшін саяси, экономикалық және әскери құралдардың кең спектрін қолданып отыр", - деп жазылған тұжырымдамада.Мұның барлығына Қытайдың Ресеймен "тереңдетілген стратегиялық серіктестік" дәне "олардың ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті бұзуға қатысты өзара әрекеті" себеп болуы мүмкін. Ал НАТО бұл әрекетті барынша сынға алып отыр. Дегенмен, НАТО Еуро-Атлантикалық қана емес, Тынық мұхиты өңіріндегі өзіне еш қатысы жоқ іске араласып отыр."Англосаксондар барлық аймақтан өз мүддесін тауып алады. Сондықтан кез келген дербес мемлекетті олар "қауіп төндіруші" ретінде қарастырады. Осыған мысал ретінде Иран мен Венесуэланы, Солтүстік Корея мен Мьянманы, Ирак пен Ливияны атауға болады", - деп жазды мақала авторы.Мақала авторының пікірінше, Ресейден қауіп төніп тұр деп жариялаған Батыс өз қолымен өз ұстанымдарын нашарлатып, өзіне қарсы тараптар санын арттырып отыр. Қазір Қытай "НАТО-ға қауіп төндіріп жатыр" деген мәлімдеме мүлде қисынсыз болып отыр. Англосаксондар соңғы жылдары Бейжіңнің қауіп төндіріп отырғанын үздіксіз мәлімдеп келеді. Бірақ, америкалық базалар орналасқан Аспан асты елі еуропалық қауіпсіздікке төнген қатер екеніне әлемде ешкім сенбейді.Жалпы Батыс Мәскеу мен Бейжіңнің стратегиялық альянсы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұласатынына күмәнмен қарайды. Сондықтан олар екі мемлекет арасындағы байланысты мейлінше әлсіретіп, олардың бір-біріне қарсы тарап болуын көздейді. Бірақ НАТО саммиті секілді жиындарда Ресей мен Қытайды қатар қойып, қос елді "әлемге төнген қауіп" деп атау, Бейжің мен Мәскеудің арасына жік түсірудің орнына оларды бұрығыдан бетер жақындастыра түсетінін түсінбей отыр."Батыс әлі күнге дейін бүкіл әлемге және Мәскеу мен Бейжіңдегі ревизионистерге қатысты ықпалы мен әлеуеті жоғары екеніне сенімді. Олардың пікірінше, бұл қаржылық, әскери, идеологиялық, насихаттық, яғни геосаяси үстемдік әле ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан олар "бүлік шығарып, әлем тәртібіне қарсы шыққандарды" жазалауға барын салып жатыр", - деп жазылған материалда.
https://sputnik.kz/20220629/madridtegi-nato-sammitinde-qanday-masele-talqylanyp-zhatyr-25827318.html
https://sputnik.kz/20220603/shvetsiya-men-finlyandiyanyn-nato-ga-kiruinin-saldary-qanday-bolady-25277118.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Мадридте өткен НАТО саммитінде Ресей ресми түрде "одақтастардың қауіпсіздігіне төнген әлдеқайда маңызды және тікелей қауіп, Еуро-Атлантикалық өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қатер" ретінде жарияланды. Ал альянс өзін "қорғаныс мақсатында әрекет ететін және "ешбір елге қауіп төндірмейтін" одақ ретінде сипаттады, деп жазды
РИА Новости.Бірақ одақтастар Ресей тарапынан болып жатқан қауіп-қатерге қарсы әрекет етуді жалғастырып, Украинаны саяси және әскери салада қолдауды тоқтатпайды. Ал Ресейден "Украинадан кетуді" талап етті. Алайда декларацияда мұның барлығына қандай әдіспен қол жеткізілетіні туралы айтылмайды.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс Мадридте сөйлеген сөзінде нақты ұсыныс айтты:
"Қазір Украина Ресейді жеңіп, президент Зеленский басымды күшпен келіссөз жүргізуі үшін күш салуды екі еселейтін уақыт болып тұр. Біз Украинада Ресейдің жеңіліс табуына қол жеткізуге міндеттіміз.. Біз мұны еуропалық қауіпсіздік, еркіндік пен демократия үшін жасауымыз керек. Кейбіреулер Ресей қазір Украинада соғысып жатқан шақта келіссөз жүргізуге болатынын айтып жатыр. Алайда, бұл жалған бейбітшілік болар еді деп ойлаймын. Біз өткеннен сабақ алуымыз керек. Мысалы, орындалмаған Минск келісімі. Сондықтан алдымен Ресейді жеңіп, содан кейін келіссөз жүргізу қажет".
Англосаксондар Ресейді жеңгенше соғысқа кірісетіні туралы бұрыннан белгілі. Дегенмен, олардың Ресейді жеңе алатынына сенімділігі таңғалдырады. Өйткені Ресейдің кері шегінбейтіні, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуден бас тартпайтыны бүкіл әлемге белгілі болып отыр. Сондықтан мұның барлығын атлантистердің рухын көтеру үшін айтылды деп санауғам болады.
Мадридте бекітілген НАТО-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық тұжырымдамасында Қытай да атап көрсетілген. Бірақ Бейжің Мәскеу секілді нақты қарсы тарап ретінде айтылмаған.
"Қытайдың мақсаты мен оның мәжбүрлеу саясаты біздің мүдделерімізге, қауіпсіздігіміз бен құндылықтарымызға сын-қатер төндіріп тұр. Қытай өз стратегиясы, мүддесі мен әскери ықпалына қатысты бейтарап қалыпты сақтай отырып, өзінің халықаралық ықпалын арттыру үшін саяси, экономикалық және әскери құралдардың кең спектрін қолданып отыр", - деп жазылған тұжырымдамада.
Мұның барлығына Қытайдың Ресеймен "тереңдетілген стратегиялық серіктестік" дәне "олардың ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті бұзуға қатысты өзара әрекеті" себеп болуы мүмкін. Ал НАТО бұл әрекетті барынша сынға алып отыр. Дегенмен, НАТО Еуро-Атлантикалық қана емес, Тынық мұхиты өңіріндегі өзіне еш қатысы жоқ іске араласып отыр.
"Англосаксондар барлық аймақтан өз мүддесін тауып алады. Сондықтан кез келген дербес мемлекетті олар "қауіп төндіруші" ретінде қарастырады. Осыған мысал ретінде Иран мен Венесуэланы, Солтүстік Корея мен Мьянманы, Ирак пен Ливияны атауға болады", - деп жазды мақала авторы.
Мақала авторының пікірінше, Ресейден қауіп төніп тұр деп жариялаған Батыс өз қолымен өз ұстанымдарын нашарлатып, өзіне қарсы тараптар санын арттырып отыр. Қазір Қытай "НАТО-ға қауіп төндіріп жатыр" деген мәлімдеме мүлде қисынсыз болып отыр. Англосаксондар соңғы жылдары Бейжіңнің қауіп төндіріп отырғанын үздіксіз мәлімдеп келеді. Бірақ, америкалық базалар орналасқан Аспан асты елі еуропалық қауіпсіздікке төнген қатер екеніне әлемде ешкім сенбейді.
Жалпы Батыс Мәскеу мен Бейжіңнің стратегиялық альянсы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұласатынына күмәнмен қарайды. Сондықтан олар екі мемлекет арасындағы байланысты мейлінше әлсіретіп, олардың бір-біріне қарсы тарап болуын көздейді. Бірақ НАТО саммиті секілді жиындарда Ресей мен Қытайды қатар қойып, қос елді "әлемге төнген қауіп" деп атау, Бейжің мен Мәскеудің арасына жік түсірудің орнына оларды бұрығыдан бетер жақындастыра түсетінін түсінбей отыр.
"Батыс әлі күнге дейін бүкіл әлемге және Мәскеу мен Бейжіңдегі ревизионистерге қатысты ықпалы мен әлеуеті жоғары екеніне сенімді. Олардың пікірінше, бұл қаржылық, әскери, идеологиялық, насихаттық, яғни геосаяси үстемдік әле ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан олар "бүлік шығарып, әлем тәртібіне қарсы шыққандарды" жазалауға барын салып жатыр", - деп жазылған материалда.