Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мадридтегі НАТО саммитінде қандай мәселе талқыланып жатыр

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО
НАТО - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
АҚШ әлемдегі саяси және экономикалық үстемдігін сақтау үшін Еуропада әскери қақтығыс өршіп, Азияны тұрақсыздық жайлағанын көздейді. АҚШ-тың Еуропадағы жекелеген одақтастары дүниежүзілік соғысқа үшінші рет қайта араласуға дайын, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
28-30 маусымда Мадридте НАТО-ның 36-шы саммиті өтіп жатыр. Ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл шараны тарихи деп атады. Одақтастар 2030 жылға дейінгі альянстың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын қабылдауды, Ресейді басты қарсылас деп жариялауды және 30 жылдағы Шығыс Еуропадағы 40 мыңнан 300 мыңға дейін өсетін жедел әрекет ету күштерін орналастыру жоспарын талқылауды көздеп отыр. Альянс Украина Қарулы күштерінің НАТО-ның жедел сәйкестік стандарттарына қол жеткізуі үшін Киев режимін қолдаудың күшейтілген кешенді жоспарын қабылдайды.
"Қорыта айтқанда, Ресей мен оның жақын одақтасы Беларуське соғыс жариялап, Киевті қарсы соғысуды жалғастыра беруге итермелейді. Сондықтан Украина аумағы мен мемлекеттігін демилитаризация және денацификациялаудан басқа амал болмай тұр", - деп жазды Хроленко.
Мадрид саммитінде сондай-ақ Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болу үшін жолдаған өтініштері, Австралия, Жапония, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралады. Дегенмен, Ресеймен ұзақ мерзімді күрестің әлеуеті күн тәртібіндегі барлық басқа мәселелерден басым түсетіні анық.
Ұлыбритания армиясының бас қолбасшысы Патрик Сандерс "арнайы әскери операциядан кейін Ресей еуропалық қауіпсіздік үшін 24 ақпанға дейінгі кезеңдегіден де әлдеқайда қаупі арта түсетінін" айтты. Бұған дейін әскери қолбасшы премьер-министр Борис Джонсоннан елдің қорғаныс бюджетін 2028 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 2,5%-іне дейін ұлғайтуды сұрап, "Ресейді жеңу" мәселесін британ армиясы үшін өмірлік маңызды мақсат ретінде атады.
Хроленконың пікірінше, британдардың өздерін тым асыра бағалауы НАТО елдерінің ортақ проблемасын айқындап тұр. Сыртқы саясаттағылар Ирак, Югославия, Ауғанстан, Ливия мен Сириядағы іс-әрекет жазасыз қалдырылатынына сенеді. Мәскеу ұсынған тең және бөлінбейтін қауіпсіздік параметрлері Еуропа құрылығында өзектілігін сақтап отыр. 1997 жылы альянстың шетелдік әскерін тиісті аумақтан шығарылуы тарихи шарасыздық болды, ал АҚШ пен НАТО елдерінің әскерилер мен арнайы жасағы украин аумағында болуын геосаяси "алаңсыздық" деп сипаттауға болады.
Батыстың агрессиялы бағдары мен арандатушылық әрекетіне, НАТО-ның украин жеріндегі іс-қимылына және Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуіне жауап ретінде Мәскеу мен Минск қорғаныс саласындағы интеграцияны белсенді дамытып жатыр. Вильнюстың ресейлік Калининиград облысына блокада жариялауға қатысты арандатушылық әрекетінен кейін Литвамен шекара аумағында Беларусь-Ресей әскери жасағын құру ықтималдылығы артты.
26 маусымда өткен кезекті кездесуде Ресей Федерациясы мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко Одақтас мемлекет шекарасына жақын жерде НАТО күштерінің шоғырлануы, Польша мен Литваның арандатушылық әрекеттерін талқылады. Президенттер жедел әрекет ету нұсқаларын қарастырды. Оның ішінде ең тиімдісі беларусь шабуылдау ұшақтарын тактикалық ядролық қару тасымалдаушылар деңгейіне дейін жаңғырту және Беларусь Республикасының Қарулы күштеріне ресейлік "Искандер-М" зымыран кешендерін беру ұсынылды. Бұл зымыран кешендер 500 километрге дейінгі қашықтыққа ұшып, 50 килотоннаға дейінгі ядролық қаруды қоса алғанда, оқтұмсықтардың барлық спектрін алып ұша алады. Мәскеу мен Минск авиатехниканы жаңғыртуға және мобильді зымыран кешендерін тапсыруды жақын уақытта жүзеге асыруды көздеп отырғанын атап өту керек.
"G7 көшбасшылары Мәскеудің Минскке ядролық зымырандар беруіне қатысты алаңдаушылық танытты. Бірақ Ресей мен Беларусь ядролық қаруды таратпау туралы қандай да бір халықаралық келісімді бұзып отырған жоқ. Сондықтан Еуропаның мұны мойындауына тура келеді", - деп жазды сарапшы.
Әскери шолушының пікірінше, қазір НАТО ішінде қайшылықтар күшейіп келеді. Рим, Париж, Мадрид, Анкара саяси сын-тәуекелдер мен әскери қауіптерді басқаша бағалап отыр. Мысалы, Испания альянстан оңтүстік (африкалық) флангтың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Бірақ Украинадағы қарулы қақтығыс және "орыстарды шығыста тежеу" АҚШ үшін сөзсіз басымдық болып қала береді.
НАТО саммиті қарсаңында Мадридте Еуропаны милитаризациялауға қарсы азаматтар көп мыңдаған демонстрация өткізді. Бұл шара халық, үкіметтің және АҚШ тікелей жетекшілік ететін агрессивті әскери блоктың шынайы мүдделерінің қаншалықты екі түрлі екенін көрсетті.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0