https://sputnik.kz/20220603/shvetsiya-men-finlyandiyanyn-nato-ga-kiruinin-saldary-qanday-bolady-25277118.html
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруінің салдары қандай болады
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруінің салдары қандай болады
Sputnik Қазақстан
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуы аясындағы талқылаулар бірнеше айдан бері созылып жатыр және жақын уақытта аяқталатын түрі жоқ. Жалпы Стокгольм мен... 03.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-03T17:49+0500
2022-06-03T17:49+0500
2022-06-06T12:11+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_0:199:2932:1848_1920x0_80_0_0_0ec5322e5b3b7425749e4e7b4fd961fb.jpg
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуы аясындағы талқылаулар бірнеше айдан бері созылып жатыр және жақын уақытта аяқталатын түрі жоқ. Жалпы Стокгольм мен Хельсинкидің альянсқа қосылу туралы шешімінің өзі ақылға қонымсыз, деп жазды РИА Новости тілшісі.Бұл Түркия блоктың кеңеюіне қарсылық танытып отырғанынан байқалады. Скандинавия елдерінің астаналарына қарағанда Анкара осы жағдайды өз пайдасына қолданып, АҚШ-тан жойғыш ұшақтар тасымалы мен Сириядағы күрдтерге қарсы кезекті операцияға қатысты нақты талаптар қойды. Еске салсақ, Ирактағы түрік әскерінің осы тектес операциясына демократияшыл әлем назар аудармауға тырысты.Түркия соңғы бірнеше жыл бойы әлемде жалғасып келе жатқан және соңғы бірнеше айда өрши түскен өзгерістер мемлекеттерден жедел әрекетті қажет ететінін түсініп отыр. Ал Швеция мен Финляндия Ресей шекарасына жақын аймақта "демократияның бекінісіне" айналуды жөн көріп, АҚШ алдындағы міндеттемелерін еселеуге асығып отыр. Ал қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, бұл екі мемлекеттің алғанынан гөрі жоғалтатыны әлдеқайда орасан зор болатыны анық. Мәскеу тарапынан оларға ешқандай қауіп төнген жоқ. Енді олар Ресейге қатысты бейтарап қарым-қатынастан орыстармен жаулас альянсқа мүше болғалы отыр. Дегенмен, олар НАТО-ның оқу-жаттығуларына бұрыннан қатысып келеді. Сондықтан олардың бейтараптылығы тек шартты сипатта еді."Кез келген адам мұндай жағдайда аталған екі мемлекет кемінде экономикалық салада қандай да бір табысқа қол жеткізуі мүмкін деп жорамалдайтыны анық. Бірақ Швеция мен Финляндия "олжалы" болмайды. Егер АҚШ өз одақтастарынан талап еткендей қорғаныс Финляндия да бұған дейін ЖІӨ-нің екі процентін қорғаныс саласына жұмсаса, онда енді Швецияға шығынды арттыруға тура келеді. Өткен жылы бұл елде әскери шығындарға ЖІӨ-нің небәрі 1,3 процентін жұмсады. Енді бұл саладағы шығынды кемінде бір жарым есе арттыру қажет болады", - деп жазылған материалда.Бір қызығы, КСРО тарағаннан кейін НАТО-ның әскери шығыны біртіндеп қысқара бастады. Ал қазір Вашингтон "орыс агрессиясын" сылтау етіп одақтастарын шығынды қомақты көлемде арттыруға мәжбүрлей алады.Дағдарыс кезінде мұндай шығын елдердің бюджеті мен халыққа үлкен кесірі тиеді. Алайда альянсқа мүше болу мәселесінде халық пікірімен санасып жатқан ешкім жоқ. Сәуірдің соңында швед сыртқы істер министрі Анн Линде ешқандай референдум болмайтыны туралы мәлімдеді. Бүтіндей мемлекет үшін маңызды мәселеде халық пікірі маңызды болмай тұр.Блокқа мүше болу Стокгольм мен Хельсинкиге жауапкершілік пен шығынды арттырса, Вашингтон осының арқасында Арктикадағы өз позициясын нығайта алады. Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіргеннен кейін Ресей ғана Арктика кеңесінің НАТО-ға кірмейтін жалғыз мүшесі болып қала береді."Сондықтан Арктика ХХІ ғасырдағы негізгі қақтығыс аренасына айналады. Бұл тек тікелей әскери қауіпті ғана емес, экономика саласындағы тайталасты да аңғартып тұр. Мәскеуге қарсы енгізілген санкциялардың алтыншы пакеті мұнай тасымалдауына ішінара шектеуді қарастырады. Қазірдің өзінде рекордтық көрсеткішке жеткен бағаның осыдан кейін арзандауы екіталай. Ертесіне америкалық президент Джо Байден Батыс негізінде ресейлік мұнайды нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағада сатып алуға дайын екенін мәлімдеді", - деп жазды мақала авторы.Қара алтын бағасының шарықтауы Арктикадағы қорды бұрынғыдан да тартымды, ал оларды өндіруді әлдеқайда тиімді етіп отыр. Сондай-ақ түрлі экологтар, саясаткерлер мен танымал тұлғалар насихаттаған жасыл энергетикаға көшу жақын уақытта орындалмайтын сыңайлы.Климаттық өзгерістер Арктикадағы кеме қатынасын әлдеқайда қолжетімді етеді. Сондықтан Солтүстік теңіз жолы әлемдік сауданың маңызды бағыттарының біріне айналуы ықтимал. Негізінен, бұл теңіз жолы Суэцк арнасынан немесе Добрая Надежда мүйісін айналып өтетін жолдан екі есе қысқа. Солтүстік теңіз жолының дамуына Қытай мен Үндістан да қызығушылық танытып отыр. Ресей Солтүстік теңіз жолын өзіне тарихтан тиесілі бағдарды көріп отырса, Батыс оны ұлттық құзыреттен тәркілеуді талап етіп отыр.Арктиканың ресурстық базасы мен оны қолдану құқығы Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыстың бірінші кезектегі және негізгі себебі екенін әлем қазір аңғарып отыр. Сондықтан Батыс бұл өңірде өз ықпалын күшейту үшін кез келген қадамға баруы мүмкін.
https://sputnik.kz/20220518/shvetsiya-finlyandiya-nato-24897833.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18382920_102:0:2831:2047_1920x0_80_0_0_d1f3ecacca0c1b5c4db90106b0d38aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болуы аясындағы талқылаулар бірнеше айдан бері созылып жатыр және жақын уақытта аяқталатын түрі жоқ. Жалпы Стокгольм мен Хельсинкидің альянсқа қосылу туралы шешімінің өзі ақылға қонымсыз, деп жазды
РИА Новости тілшісі.
Бұл Түркия блоктың кеңеюіне қарсылық танытып отырғанынан байқалады. Скандинавия елдерінің астаналарына қарағанда Анкара осы жағдайды өз пайдасына қолданып, АҚШ-тан жойғыш ұшақтар тасымалы мен Сириядағы күрдтерге қарсы кезекті операцияға қатысты нақты талаптар қойды. Еске салсақ, Ирактағы түрік әскерінің осы тектес операциясына демократияшыл әлем назар аудармауға тырысты.
Түркия соңғы бірнеше жыл бойы әлемде жалғасып келе жатқан және соңғы бірнеше айда өрши түскен өзгерістер мемлекеттерден жедел әрекетті қажет ететінін түсініп отыр. Ал Швеция мен Финляндия Ресей шекарасына жақын аймақта "демократияның бекінісіне" айналуды жөн көріп, АҚШ алдындағы міндеттемелерін еселеуге асығып отыр. Ал қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, бұл екі мемлекеттің алғанынан гөрі жоғалтатыны әлдеқайда орасан зор болатыны анық. Мәскеу тарапынан оларға ешқандай қауіп төнген жоқ. Енді олар Ресейге қатысты бейтарап қарым-қатынастан орыстармен жаулас альянсқа мүше болғалы отыр. Дегенмен, олар НАТО-ның оқу-жаттығуларына бұрыннан қатысып келеді. Сондықтан олардың бейтараптылығы тек шартты сипатта еді.
"Кез келген адам мұндай жағдайда аталған екі мемлекет кемінде экономикалық салада қандай да бір табысқа қол жеткізуі мүмкін деп жорамалдайтыны анық. Бірақ Швеция мен Финляндия "олжалы" болмайды. Егер АҚШ өз одақтастарынан талап еткендей қорғаныс Финляндия да бұған дейін ЖІӨ-нің екі процентін қорғаныс саласына жұмсаса, онда енді Швецияға шығынды арттыруға тура келеді. Өткен жылы бұл елде әскери шығындарға ЖІӨ-нің небәрі 1,3 процентін жұмсады. Енді бұл саладағы шығынды кемінде бір жарым есе арттыру қажет болады", - деп жазылған материалда.
Бір қызығы, КСРО тарағаннан кейін НАТО-ның әскери шығыны біртіндеп қысқара бастады. Ал қазір Вашингтон "орыс агрессиясын" сылтау етіп одақтастарын шығынды қомақты көлемде арттыруға мәжбүрлей алады.
Дағдарыс кезінде мұндай шығын елдердің бюджеті мен халыққа үлкен кесірі тиеді. Алайда альянсқа мүше болу мәселесінде халық пікірімен санасып жатқан ешкім жоқ. Сәуірдің соңында швед сыртқы істер министрі Анн Линде ешқандай референдум болмайтыны туралы мәлімдеді. Бүтіндей мемлекет үшін маңызды мәселеде халық пікірі маңызды болмай тұр.
Блокқа мүше болу Стокгольм мен Хельсинкиге жауапкершілік пен шығынды арттырса, Вашингтон осының арқасында Арктикадағы өз позициясын нығайта алады. Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіргеннен кейін Ресей ғана Арктика кеңесінің НАТО-ға кірмейтін жалғыз мүшесі болып қала береді.
"Сондықтан Арктика ХХІ ғасырдағы негізгі қақтығыс аренасына айналады. Бұл тек тікелей әскери қауіпті ғана емес, экономика саласындағы тайталасты да аңғартып тұр. Мәскеуге қарсы енгізілген санкциялардың алтыншы пакеті мұнай тасымалдауына ішінара шектеуді қарастырады. Қазірдің өзінде рекордтық көрсеткішке жеткен бағаның осыдан кейін арзандауы екіталай. Ертесіне америкалық президент Джо Байден Батыс негізінде ресейлік мұнайды нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағада сатып алуға дайын екенін мәлімдеді", - деп жазды мақала авторы.
Қара алтын бағасының шарықтауы Арктикадағы қорды бұрынғыдан да тартымды, ал оларды өндіруді әлдеқайда тиімді етіп отыр. Сондай-ақ түрлі экологтар, саясаткерлер мен танымал тұлғалар насихаттаған жасыл энергетикаға көшу жақын уақытта орындалмайтын сыңайлы.
Климаттық өзгерістер Арктикадағы кеме қатынасын әлдеқайда қолжетімді етеді. Сондықтан Солтүстік теңіз жолы әлемдік сауданың маңызды бағыттарының біріне айналуы ықтимал. Негізінен, бұл теңіз жолы Суэцк арнасынан немесе Добрая Надежда мүйісін айналып өтетін жолдан екі есе қысқа. Солтүстік теңіз жолының дамуына Қытай мен Үндістан да қызығушылық танытып отыр. Ресей Солтүстік теңіз жолын өзіне тарихтан тиесілі бағдарды көріп отырса, Батыс оны ұлттық құзыреттен тәркілеуді талап етіп отыр.
Арктиканың ресурстық базасы мен оны қолдану құқығы Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыстың бірінші кезектегі және негізгі себебі екенін әлем қазір аңғарып отыр. Сондықтан Батыс бұл өңірде өз ықпалын күшейту үшін кез келген қадамға баруы мүмкін.