https://sputnik.kz/20220608/aqsh-pen-eo-reseylik-munaydy-satyp-aludyn-zholyn-tapty-25404720.html
АҚШ пен ЕО ресейлік мұнайды сатып алудың жолын тапты
АҚШ пен ЕО ресейлік мұнайды сатып алудың жолын тапты
Sputnik Қазақстан
Вашингтон мен Брюссель ресейлік мұнайдан бас тартқанымен, оны сатып алуды жалғастырып жатыр. Еуропалықтан көптен бері "латвиялық қоспаға" ауысты. Енді... 08.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-08T16:25+0500
2022-06-08T16:25+0500
2022-06-08T16:25+0500
үндістан
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
Вашингтон мен Брюссель ресейлік мұнайдан бас тартқанымен, оны сатып алуды жалғастырып жатыр. Еуропалықтан көптен бері "латвиялық қоспаға" ауысты. Енді америкалық компаниялар да айналма жол іздеп жатыр. Трейдерлер "жеткізулерді сақтау үшін" көмірсутектердің қайдан келетінін жасырып отыр. "Тыйым салынған" ресейлік ресурстар Батысқа қалай жеткізіліп жатқаны туралы РИА Новости жазды. АҚШ-та сәуірден бастап көмірсутек импортына тыйым салынған. Бірақ мамырда Нью-Йорк пен Нью-Джерси порттарына болжаммен ресейлік мұнай тиелген танкерлер жеткізілді.The Wall Street Journal жазғандай, жүк жөнелтушілер мен қайта өңдеушілер оның қай елден жеткізілгенін жасырып, оны әлем нарығына бағыттап жатыр. Нью-Йорк пен Нью-Джерси порттарына ішінара ресейлік шиикізаттан дайындалған отын жеткізіді.Ол АҚШ-қа Суэцк арнасы мен Атлантика арқылы Үндістандағы мұнай өңдеуші зауыттардан жеткізілді. Жүк жөнелту құжаттарына, Refinitiv аналитикалық компаниясының мәліметтеріне және Хельсиникдегі Энергетика эәне таза ауаны зерттеу орталығының анализіне сәйкес, үнді жеріндегі бұл компаниялар ресейлік көмірсутектің ірі сатып алушылары.Айналма жол арқылы жанармай Еуропаға да жетіп жатыр. Сәуірде Bloomberg еуропалық кәсіпорындар шектеулерді еңсеріп жатқаны туралы жазды: трейдерлер ресейлік мұнай құрамы 50 проценттен аз мұнайдың әр түрінен құралған латвиялық қоспаны сатады. Олар Shell бұл санкцияларды бұзу болып санамайтынын айтты.Енді "үнді-ресейлік" мұнай пайда болды. Сәуірде Ресейден көмірсутек сатып алу бойынша Азия алғаш рет Еуропаны басып озды. Әсіресе Үндістан көп мөлшерде сатып алды: ақпаннан бастап шамамен 62,5 миллион баррель. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп.Көктем басталған шақтан бері Үндістаннан Еуропаға мұнай өнімдерін жеткізу 30 процентке, АҚШ-қа – 43 процентке артқан. Осылайша Ресейден дисконт арқылы шикізат алып, Үндістан қайта сату арқылы қомақты табысқа кенеліп отыр.Үндістаннан негізінен жеке мұнай өңдеушілер сатып алып жатыр. Мемлекеттік компаниялар әдетте бір жылдық келісімшарт арқылы сатып алады. NDTV телеарнасы "батыстағы компаниялар ресейлік мұнайдан бас тартып жатқан шақта Reliance Industries пен Nayara Energy секілді үнді мұнай өңдеуші компаниялары осы жылы ірі импорттаушыға айналғанын" хабарлады.Қайта өңдеушілер ішкі сатуды қысқарту және жанармай экспортын, соның ішінде, Еуропаға экспорттауды қатты ұлғайту арқасында үлкен табыс алып отырғандарын жасырмайды. "Біз бір баррелі 30 доллар көлеміндегі тиімділікке қол жеткізуге тырысып жатырмыз", - деп мәлімдеген телеарнаға зауыт өкілдерінің бірі."Азиаттар жағдайды тиімді пайдалана алды: олар мұнай қорын жинап, оны жоғары бағада сатты. Бұл тұста Ресей ешқандай шығынға батып отырған жоқ. Мұнайды сату керек. Әйтпесе өндірісті қысқартуға тура келеді. Ал бұл ұңғымаларды бұғаттауға, кейін қайта іске қосуға алып келеді. Мұның барлығы үлкен шығынды қажет етеді", - деп жазды РИА Новости.Баға өсуі жағдайында энергия ресурстарының экспортынан түсетін табыс бір жарым есе артты. Сәуірде мұнай мен газ 1,8 триллион рубль (наурызда 1,2 трлн) пайда әкелді. Осылайша ақпан мен сәуір аралығында федералдық бюджетке 2022 жылға жоспарланған 9,5 триллион рубльдің жартысына жуығы түсіп қойды.Дегенмен, кейбір бақылаушылар үнді жеткізулеріне қауіп төнгенін айтып жатыр. Дели көптеген мұнай өнімін, соның ішінде бензин экспорттайды. Бірақ үнді The Economic Times газетінің жазуынша, Австралия, АҚШ және Еуропа Ресейден жанармай сатып алуға тыйым салып жатқандықтан, ресей мұнайдан басқа елдер өндіретін мұнай өнімдері де санкцияға ұшырауы мүмкін.Сондықтан батыстағы мемлекеттер үнді экспорттаушыларынан шиикізаттың қайдан жеткізілгені туралы толыққанды есеп талап етуі мүмкін. Бірақ сарапшылар оның "ресейлік" екенін анықтау қиынға соғатынын айтып жатыр."Құжаттарды ештеңе анықталмайтындай етіп толтыруға болады. Ең оңай әдісі мынау: ресейлік ESPO-ны танкерлерге құяды, Таяу Шығыстан жеткізілген мұнай ішінде бар Үндістаннан келген кемелерге жақындап, 70 процент Сауд Арабиясының, 30 процент ресейлік мұнайды құяды. Осы қоспаны Үндістанға жөнелтеді. Ал енді анықтап көрсін", - дейді тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов.Тағы бір мәселе: Еуропа бір сәтте басқа өңірлердің көмірсутегіне көше алмайды. Ол үшін мұнай өңдеуші зауыттарды бейімдеу қажет. Бұған екі және төрт жыл уақыт кетуі ықтимал. Оған дейін жанармай тапшылығы ушығып, Еуроодақ экономикасы құлдырауы әбден мүмкін. Сондықтан еуропалықтар мұнай қоспасы ққайдан жеткізілгеніне көз жұма арауға мәжбүр болады.Еуроодақ ресейлік мұнайға тыйым салуды насихаттап жатқан шақта АҚШ президенті Джо Байден күтпеген мәлімдеме жасады. Оныңң айтуынша, Батыста ресейлік шикізатты нарықтағыдан төмен бағада сатып алу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Алайда Кремльдегілер бұған үміт артудың қажеті жоқ екенін айтты. "Бәрібір логистикалық проблемалар жалғасып жатыр, бұл жалпыәлемдік энергетикалық нарықтың тұрақсыздығына алып келеді. Ресей өзіне шығын келетін сауданы құптамайды. Бір тарапта сұраныс төмендесе, бір тарапта сұраныс артады. Мұнай жөнелту ағынын қайта бейімдеу жүреді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Еуропа тағы басқа мемлекеттерден мұнай табатынына Швейцарияның экономика министрі Ги Пармелан қазірден күмәнданып отыр. Ол Blick басылымына берген сұхбатында "Украинадағы әскери іс-қимылды тезірек тоқтату мақсатында Ресейге қарсы санкция енгізді, бірақ нәтижесі әлі жоқ" деді ол. Министр Еуропа жеткізулердің басқа көздерін іздеуге тырысқанымен, әзірше ешкімде нақты шешім жоқ екенін айтты.
https://sputnik.kz/20220506/aqsh-ta-inflyatsiya-rekordtyq-dengeyge-zhetti-24689022.html
https://sputnik.kz/20220406/europa-elderi-khalqyn-sudy-unemdep-etten-bas-tartuga-shaqyrdy-24047649.html
үндістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үндістан
Вашингтон мен Брюссель ресейлік мұнайдан бас тартқанымен, оны сатып алуды жалғастырып жатыр. Еуропалықтан көптен бері "латвиялық қоспаға" ауысты. Енді америкалық компаниялар да айналма жол іздеп жатыр. Трейдерлер "жеткізулерді сақтау үшін" көмірсутектердің қайдан келетінін жасырып отыр. "Тыйым салынған" ресейлік ресурстар Батысқа қалай жеткізіліп жатқаны туралы
РИА Новости жазды.
АҚШ-та сәуірден бастап көмірсутек импортына тыйым салынған. Бірақ мамырда Нью-Йорк пен Нью-Джерси порттарына болжаммен ресейлік мұнай тиелген танкерлер жеткізілді.
The Wall Street Journal жазғандай, жүк жөнелтушілер мен қайта өңдеушілер оның қай елден жеткізілгенін жасырып, оны әлем нарығына бағыттап жатыр. Нью-Йорк пен Нью-Джерси порттарына ішінара ресейлік шиикізаттан дайындалған отын жеткізіді.
Ол АҚШ-қа Суэцк арнасы мен Атлантика арқылы Үндістандағы мұнай өңдеуші зауыттардан жеткізілді. Жүк жөнелту құжаттарына, Refinitiv аналитикалық компаниясының мәліметтеріне және Хельсиникдегі Энергетика эәне таза ауаны зерттеу орталығының анализіне сәйкес, үнді жеріндегі бұл компаниялар ресейлік көмірсутектің ірі сатып алушылары.
Айналма жол арқылы жанармай Еуропаға да жетіп жатыр. Сәуірде Bloomberg еуропалық кәсіпорындар шектеулерді еңсеріп жатқаны туралы жазды: трейдерлер ресейлік мұнай құрамы 50 проценттен аз мұнайдың әр түрінен құралған латвиялық қоспаны сатады. Олар Shell бұл санкцияларды бұзу болып санамайтынын айтты.
Енді "үнді-ресейлік" мұнай пайда болды. Сәуірде Ресейден көмірсутек сатып алу бойынша Азия алғаш рет Еуропаны басып озды. Әсіресе Үндістан көп мөлшерде сатып алды: ақпаннан бастап шамамен 62,5 миллион баррель. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп.
Көктем басталған шақтан бері Үндістаннан Еуропаға мұнай өнімдерін жеткізу 30 процентке, АҚШ-қа – 43 процентке артқан. Осылайша Ресейден дисконт арқылы шикізат алып, Үндістан қайта сату арқылы қомақты табысқа кенеліп отыр.
Үндістаннан негізінен жеке мұнай өңдеушілер сатып алып жатыр. Мемлекеттік компаниялар әдетте бір жылдық келісімшарт арқылы сатып алады. NDTV телеарнасы "батыстағы компаниялар ресейлік мұнайдан бас тартып жатқан шақта Reliance Industries пен Nayara Energy секілді үнді мұнай өңдеуші компаниялары осы жылы ірі импорттаушыға айналғанын" хабарлады.
Қайта өңдеушілер ішкі сатуды қысқарту және жанармай экспортын, соның ішінде, Еуропаға экспорттауды қатты ұлғайту арқасында үлкен табыс алып отырғандарын жасырмайды. "Біз бір баррелі 30 доллар көлеміндегі тиімділікке қол жеткізуге тырысып жатырмыз", - деп мәлімдеген телеарнаға зауыт өкілдерінің бірі.
"Азиаттар жағдайды тиімді пайдалана алды: олар мұнай қорын жинап, оны жоғары бағада сатты. Бұл тұста Ресей ешқандай шығынға батып отырған жоқ. Мұнайды сату керек. Әйтпесе өндірісті қысқартуға тура келеді. Ал бұл ұңғымаларды бұғаттауға, кейін қайта іске қосуға алып келеді. Мұның барлығы үлкен шығынды қажет етеді", - деп жазды РИА Новости.
Баға өсуі жағдайында энергия ресурстарының экспортынан түсетін табыс бір жарым есе артты. Сәуірде мұнай мен газ 1,8 триллион рубль (наурызда 1,2 трлн) пайда әкелді. Осылайша ақпан мен сәуір аралығында федералдық бюджетке 2022 жылға жоспарланған 9,5 триллион рубльдің жартысына жуығы түсіп қойды.
Дегенмен, кейбір бақылаушылар үнді жеткізулеріне қауіп төнгенін айтып жатыр. Дели көптеген мұнай өнімін, соның ішінде бензин экспорттайды. Бірақ үнді The Economic Times газетінің жазуынша, Австралия, АҚШ және Еуропа Ресейден жанармай сатып алуға тыйым салып жатқандықтан, ресей мұнайдан басқа елдер өндіретін мұнай өнімдері де санкцияға ұшырауы мүмкін.
Сондықтан батыстағы мемлекеттер үнді экспорттаушыларынан шиикізаттың қайдан жеткізілгені туралы толыққанды есеп талап етуі мүмкін. Бірақ сарапшылар оның "ресейлік" екенін анықтау қиынға соғатынын айтып жатыр.
"Құжаттарды ештеңе анықталмайтындай етіп толтыруға болады. Ең оңай әдісі мынау: ресейлік ESPO-ны танкерлерге құяды, Таяу Шығыстан жеткізілген мұнай ішінде бар Үндістаннан келген кемелерге жақындап, 70 процент Сауд Арабиясының, 30 процент ресейлік мұнайды құяды. Осы қоспаны Үндістанға жөнелтеді. Ал енді анықтап көрсін", - дейді тәуелсіз өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов.
Тағы бір мәселе: Еуропа бір сәтте басқа өңірлердің көмірсутегіне көше алмайды. Ол үшін мұнай өңдеуші зауыттарды бейімдеу қажет. Бұған екі және төрт жыл уақыт кетуі ықтимал. Оған дейін жанармай тапшылығы ушығып, Еуроодақ экономикасы құлдырауы әбден мүмкін. Сондықтан еуропалықтар мұнай қоспасы ққайдан жеткізілгеніне көз жұма арауға мәжбүр болады.
Еуроодақ ресейлік мұнайға тыйым салуды насихаттап жатқан шақта АҚШ президенті Джо Байден күтпеген мәлімдеме жасады. Оныңң айтуынша, Батыста ресейлік шикізатты нарықтағыдан төмен бағада сатып алу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Алайда Кремльдегілер бұған үміт артудың қажеті жоқ екенін айтты.
"Бәрібір логистикалық проблемалар жалғасып жатыр, бұл жалпыәлемдік энергетикалық нарықтың тұрақсыздығына алып келеді. Ресей өзіне шығын келетін сауданы құптамайды. Бір тарапта сұраныс төмендесе, бір тарапта сұраныс артады. Мұнай жөнелту ағынын қайта бейімдеу жүреді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Еуропа тағы басқа мемлекеттерден мұнай табатынына Швейцарияның экономика министрі Ги Пармелан қазірден күмәнданып отыр. Ол Blick басылымына берген сұхбатында "Украинадағы әскери іс-қимылды тезірек тоқтату мақсатында Ресейге қарсы санкция енгізді, бірақ нәтижесі әлі жоқ" деді ол. Министр Еуропа жеткізулердің басқа көздерін іздеуге тырысқанымен, әзірше ешкімде нақты шешім жоқ екенін айтты.