https://sputnik.kz/20220506/aqsh-ta-inflyatsiya-rekordtyq-dengeyge-zhetti-24689022.html
АҚШ-та инфляция рекордтық деңгейге жетті
АҚШ-та инфляция рекордтық деңгейге жетті
Sputnik Қазақстан
АҚШ-та негізгі мөлшерлемені 0,7-1,0 процентке өсірді. Бұған шарықтап кеткен баға себеп болды. Жалпы 1980 жылдан бері америкалықтар мұндай қымбатшылықты... 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T17:55+0500
2022-05-06T17:55+0500
2022-05-10T08:56+0500
инфляция
https://sputnik.kz/img/1302/67/13026718_0:108:2197:1344_1920x0_80_0_0_58bd85a4b3d358cfcca2565850ddd36e.jpg
АҚШ-та негізгі мөлшерлемені 0,7-1,0 процентке өсірді. Бұған шарықтап кеткен баға себеп болды. Жалпы 1980 жылдан бері америкалықтар мұндай қымбатшылықты көрмеген еді. Әсіресе бензин мен электр қуатының құны кіріске үлкен салмақ болып тұр, деп жазды РИА Новости.АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мөлшерлемені екінші рет ұлғайтты. 2000 жылдың мамырынан бері алғаш рет бірден 50 базистік тармаққа көтерілді. Әдетте америкалық реттеуші мекеме аса мұқият. Бірақ үдеген инфляция шұғыл шара қабылдауды қажет етті. АҚШ еңбек министрлігі наурызда 8,5 процент, ақпанда 7,9 процент болғанын хабарлады.Бензин бәрінен қатты қымбаттады. Сондықтан көлік шығыны да ұлғая түсті. Америкалықтар сүйіп жейтін фастфуд бағасы артты. Электр энергисы мен жалға алу құны да қалысар емес."Барлығына Ресейдің Украинадағы әскери операциясы себеп. Инфляцияның 70 проценті Путиннің бензин бағасын қымбаттатуы салдарынан болды", - деп ақталды АҚШ президенті Джо Байден.Бірақ The Wall Street Journal басылымы АҚШ-та тауар өткен жылдан бері қымбаттап жатқанын жазды. Бұл "тым ауқымды федералды шығын мен әлсіз ақшалай-кредит саясатының" салдары.Федералды резерв жүйесі 2021 жыл бойы жоғары инфляция уақытша сипатта екенін айтумен болды. Ал іс жүзінде олар шұғыл шара қабылдауды қажет ететін сәтті мүлт жіберіп алды. "Бізге ертерек қимылдау керек еді", - деді ведомство басшысы Джером Пауэлл.Елде жұмыссыздық деңгейі өсті: сәуірде 6 проценттен жоғары. Ал бірінші тоқсанда ЖІӨ жылдық көрсеткіште бір жарым есе қысқарды. Бұл туралы АҚШ сауда министрлігі мәлімдеді."Бұл импорттың ұлғаюы мен қордың баяу толықтыруының салдары. Сауда теңгерімінің тапшылығы артты. Пандемия салдарынан Қытайда енгізілген шектеулер де әсер етті", - дейді BitRiver қаржы аналитигі Владислав Антонов.Мұндай жағдайда негізгі мөлшерлемені күрт ұлғайтуға тура келді. Бұл осылай болады деп күтілгендіктен, нарықта оң әсер қалыптасты. Сәрсенбіде сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық қор индекстері өсті. Мысалы, S&P үшке жуық процентке қымбаттады. Олар алдын-ала бағасы жоғарылатты, дейді Антонов. Ал доллар керісінше еуроға және жапон иеніне қатысты 0,65 процентке арзандады."Қаржы саласын реттеуші мекеме наурызда басталған ақшалай-кредит саясатын қатаңдатуды жалғастырып жатыр. Джером Пауэлл алдағы отырыстарда тағы 50 базистік тармаққа бірден кезекті рет ұлғайту мәселесі қаралатынын айтты. Одддан соң инфляция, тұтынуға қатысты әсерін бақылау үшін біршама кідіріс болады", - дейді Жоғарғы қаржы басқару мектебінің аналитикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Михаил Коган.Кейбір аналитиктердің бірден 75 тармаққа арттыру туралы күдігімен бөлісті. Федералды резерв жүйесінде тосы қадамды жақтайтындардың бірі Сент-Луистегі Федералды резерв банкінің басшысы Джеймс Буллард. Ол мөлшерлемені жыл соңына қарай 3-3,25 процентке ұлғайтуды ұсынып жатыр.Бірақ "Тәжірибелік инвестициялау мектебінің" негізін қалаушы Федор Сидоров бұл іске аспауы мүмкін екенін айтты. АҚШ экономикасында дағдарыс туындап жатыр. Энергия тасымалдағыштар, агроөнеркәсіптік кешен өнімі қымбаттап жатыр. Пандемия кезінде ажыратылған логистикалық және өндірістік байланыстар әлі толығымен қалпына келген жоқ."Инфляцияны тежеу үшін 6-7 процент мөлшерлеме қажет. Бірақ америкалықтар үшін бұл қолжетімсіз. Мемлекет қарызы тым жоғары: қазірдің өзінде 30,4 триллион доллар. Үкіметтің шетелдік кредиторларға процентті төлеуі бара-бара қиындап жатыр", - дейді сарапшы.Аналитиктер осы себбепті баға өсіп жатқанын айтты. АҚШТ экономикасы біруақытта ЖІӨ төмендеуімен инфляция және жұмыссыздық деңгейі өсетін стагфляцияға тап болады."1 маусымнан бастап Федералды резерв жүйесі ипотекалық және қазынашылық облигацияларды айына сәйкесінше 17,5 және 30 миллард доллардан жаппай сатуға кіріседі. Күзде 35 және 60 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бір жыл ішінде реттеуші ведомство теңгерімі шамамен бір триллион долларға қысқарады. Қазір бұл тоғыз триллион доллар деңгейінде тұр. Билік нарықтағы "артық" өтімділікті жойып, осылайша баға өсімін баулатуды көздеп отыр", - деп жазылған материалда.Панддемия кезінде кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында экономикаға триллиондаған қаражат салынды. Мұның барлығы нөлге жақын мөлшерлеме кезінде жасалды."Енді Федералды резерв жүйесі рекордтық инфляцияға алып келген қор нарығындағы "бос қауашақтардан" арылуды көздеп отыр. Бағалы қағаздаорды аса мұқият сату керек. Бұл қорлар мен орталық банктердің облигациялардан жаппай құтылуына алып келуіне жол бермеу қажет", - деді Владислав Антонов.Сарапшылар АҚШ-тың ақша-кредит саясатының қатаңдатылуы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың басталуын білдіреді дейді.Инвесторлар экономиканың қалпына келетініне сенбейді. Олар акциялардан, облигациялардан құтылып, алтын мен қолма-қол ақша сынды сын-қаупі төмен активтерге инвестициялап жатыр. Федор Сидоровтың айтуынша, бұл бүкіл әлемдегі қор нарығына әсер етеді."Алдағы уақытта инфляция деңгеейі тізбек бойынша барлық елде үдейді деп күтілуде. Литвада қазірдің өзінде 15,5 проценттен жоғары болса, Германияда 40 жылдағы ең жоғарғы мән – 7,3 процентке жетті. Ал халықтың шынайы табысы азаяды. Нәтижесінде ауқымды және ұзаққа созылатын рецессия туындайды", - деп жазды мақала авторы.Жаһандық экономика әлі күнге дейін коронавирус дағдарысынан кейін қалпына келіп үлгерген жоқ. Украинадағы арнайы операцияға байланысты Ресейге қарсы енгізілген қатаң санкциялар жағдайды ушықтырып отыр. Мұнай мен газ бағасы рекордтық деңгейге жетті. Өндіріс, көлік, дүкен сөрелеріндегі тауарлар қымбаттап барады. Сондықтан негізгі мөлшерлемені көтеру бұл тығырықтан шығуға көмектесуі екіталай.
https://sputnik.kz/20220429/aqsh-bugattalgan-reseylik-aktivterdin-qanshasyn-zhumsauy-mumkin-24554790.html
https://sputnik.kz/20211012/qazaqstan-inflyatsiya-jedeldedi-18380962.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/67/13026718_130:0:2067:1453_1920x0_80_0_0_e7ea15c31e57e4002a63ae5824941452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
АҚШ-та негізгі мөлшерлемені 0,7-1,0 процентке өсірді. Бұған шарықтап кеткен баға себеп болды. Жалпы 1980 жылдан бері америкалықтар мұндай қымбатшылықты көрмеген еді. Әсіресе бензин мен электр қуатының құны кіріске үлкен салмақ болып тұр, деп жазды
РИА Новости.АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мөлшерлемені екінші рет ұлғайтты. 2000 жылдың мамырынан бері алғаш рет бірден 50 базистік тармаққа көтерілді. Әдетте америкалық реттеуші мекеме аса мұқият. Бірақ үдеген инфляция шұғыл шара қабылдауды қажет етті. АҚШ еңбек министрлігі наурызда 8,5 процент, ақпанда 7,9 процент болғанын хабарлады.
Бензин бәрінен қатты қымбаттады. Сондықтан көлік шығыны да ұлғая түсті. Америкалықтар сүйіп жейтін фастфуд бағасы артты. Электр энергисы мен жалға алу құны да қалысар емес.
"Барлығына Ресейдің Украинадағы әскери операциясы себеп. Инфляцияның 70 проценті Путиннің бензин бағасын қымбаттатуы салдарынан болды", - деп ақталды АҚШ президенті Джо Байден.
Бірақ The Wall Street Journal басылымы АҚШ-та тауар өткен жылдан бері қымбаттап жатқанын жазды. Бұл "тым ауқымды федералды шығын мен әлсіз ақшалай-кредит саясатының" салдары.
Федералды резерв жүйесі 2021 жыл бойы жоғары инфляция уақытша сипатта екенін айтумен болды. Ал іс жүзінде олар шұғыл шара қабылдауды қажет ететін сәтті мүлт жіберіп алды. "Бізге ертерек қимылдау керек еді", - деді ведомство басшысы Джером Пауэлл.
Елде жұмыссыздық деңгейі өсті: сәуірде 6 проценттен жоғары. Ал бірінші тоқсанда ЖІӨ жылдық көрсеткіште бір жарым есе қысқарды. Бұл туралы АҚШ сауда министрлігі мәлімдеді.
"Бұл импорттың ұлғаюы мен қордың баяу толықтыруының салдары. Сауда теңгерімінің тапшылығы артты. Пандемия салдарынан Қытайда енгізілген шектеулер де әсер етті", - дейді BitRiver қаржы аналитигі Владислав Антонов.
Мұндай жағдайда негізгі мөлшерлемені күрт ұлғайтуға тура келді. Бұл осылай болады деп күтілгендіктен, нарықта оң әсер қалыптасты. Сәрсенбіде сауда-саттық қорытындысы бойынша америкалық қор индекстері өсті. Мысалы, S&P үшке жуық процентке қымбаттады. Олар алдын-ала бағасы жоғарылатты, дейді Антонов. Ал доллар керісінше еуроға және жапон иеніне қатысты 0,65 процентке арзандады.
"Қаржы саласын реттеуші мекеме наурызда басталған ақшалай-кредит саясатын қатаңдатуды жалғастырып жатыр. Джером Пауэлл алдағы отырыстарда тағы 50 базистік тармаққа бірден кезекті рет ұлғайту мәселесі қаралатынын айтты. Одддан соң инфляция, тұтынуға қатысты әсерін бақылау үшін біршама кідіріс болады", - дейді Жоғарғы қаржы басқару мектебінің аналитикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Михаил Коган.
Кейбір аналитиктердің бірден 75 тармаққа арттыру туралы күдігімен бөлісті. Федералды резерв жүйесінде тосы қадамды жақтайтындардың бірі Сент-Луистегі Федералды резерв банкінің басшысы Джеймс Буллард. Ол мөлшерлемені жыл соңына қарай 3-3,25 процентке ұлғайтуды ұсынып жатыр.
Бірақ "Тәжірибелік инвестициялау мектебінің" негізін қалаушы Федор Сидоров бұл іске аспауы мүмкін екенін айтты. АҚШ экономикасында дағдарыс туындап жатыр. Энергия тасымалдағыштар, агроөнеркәсіптік кешен өнімі қымбаттап жатыр. Пандемия кезінде ажыратылған логистикалық және өндірістік байланыстар әлі толығымен қалпына келген жоқ.
"Инфляцияны тежеу үшін 6-7 процент мөлшерлеме қажет. Бірақ америкалықтар үшін бұл қолжетімсіз. Мемлекет қарызы тым жоғары: қазірдің өзінде 30,4 триллион доллар. Үкіметтің шетелдік кредиторларға процентті төлеуі бара-бара қиындап жатыр", - дейді сарапшы.
Аналитиктер осы себбепті баға өсіп жатқанын айтты. АҚШТ экономикасы біруақытта ЖІӨ төмендеуімен инфляция және жұмыссыздық деңгейі өсетін стагфляцияға тап болады.
"1 маусымнан бастап Федералды резерв жүйесі ипотекалық және қазынашылық облигацияларды айына сәйкесінше 17,5 және 30 миллард доллардан жаппай сатуға кіріседі. Күзде 35 және 60 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бір жыл ішінде реттеуші ведомство теңгерімі шамамен бір триллион долларға қысқарады. Қазір бұл тоғыз триллион доллар деңгейінде тұр. Билік нарықтағы "артық" өтімділікті жойып, осылайша баға өсімін баулатуды көздеп отыр", - деп жазылған материалда.
Панддемия кезінде кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында экономикаға триллиондаған қаражат салынды. Мұның барлығы нөлге жақын мөлшерлеме кезінде жасалды.
"Енді Федералды резерв жүйесі рекордтық инфляцияға алып келген қор нарығындағы "бос қауашақтардан" арылуды көздеп отыр. Бағалы қағаздаорды аса мұқият сату керек. Бұл қорлар мен орталық банктердің облигациялардан жаппай құтылуына алып келуіне жол бермеу қажет", - деді Владислав Антонов.
Сарапшылар АҚШ-тың ақша-кредит саясатының қатаңдатылуы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың басталуын білдіреді дейді.
Инвесторлар экономиканың қалпына келетініне сенбейді. Олар акциялардан, облигациялардан құтылып, алтын мен қолма-қол ақша сынды сын-қаупі төмен активтерге инвестициялап жатыр. Федор Сидоровтың айтуынша, бұл бүкіл әлемдегі қор нарығына әсер етеді.
"Алдағы уақытта инфляция деңгеейі тізбек бойынша барлық елде үдейді деп күтілуде. Литвада қазірдің өзінде 15,5 проценттен жоғары болса, Германияда 40 жылдағы ең жоғарғы мән – 7,3 процентке жетті. Ал халықтың шынайы табысы азаяды. Нәтижесінде ауқымды және ұзаққа созылатын рецессия туындайды", - деп жазды мақала авторы.
Жаһандық экономика әлі күнге дейін коронавирус дағдарысынан кейін қалпына келіп үлгерген жоқ. Украинадағы арнайы операцияға байланысты Ресейге қарсы енгізілген қатаң санкциялар жағдайды ушықтырып отыр. Мұнай мен газ бағасы рекордтық деңгейге жетті. Өндіріс, көлік, дүкен сөрелеріндегі тауарлар қымбаттап барады. Сондықтан негізгі мөлшерлемені көтеру бұл тығырықтан шығуға көмектесуі екіталай.