АҚШ бұғатталған ресейлік активтердің қаншасын жұмсауы мүмкін

© AFP 2024 / Andrew Caballero-ReynoldsКапитолия
Капитолия - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Жазылу
Америкалықтар бұғатталған ресейлік активтерден екі миллион долларды Украинаға көмек ретінде жолдау туралы шешім қабылдады, деп жазды РИА Новости.
АҚШ өкілдер палатасы бұғатталған ресейлік қаражатты Украинаны қолдау және "Ресейді демократиялау" мақсатында қолдануға рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл заңнаманы 417 конгрессмен қолдаса, 8-і қарсы болды.
The New York Times хабарлауынша, президент Джо Байденді санкция аясында тәркіленген бағалы бұйымдарды сатуға шақырған. Алайда актив иелерінің бұл әрекетті даулауына құқық беретін заң жобасы мақұлдаудан өтпеді. Бірақ, қуануға әлі ерте.
Байден Конгреске ресейлік олигархтарға қарсы іс-қимылды қарастыратын ұсыныстар пакетін жолдайтынын мәлімдеді. "Біз олардың жиған-терген қаражатынан айыру үшін барлығын жасаймыз... Бұл мүліктерге тәркілеу жүргізуге арналған жаңа механизмдер құрылады. Біз олигарх активтерін сату кезінде түскен қаражаттың Украинаға келтірілген залалды жоюға тікелей бағытталуын қарастырамыз", - деді Байден.
Сонымен қатар, Мемлекеттік департамент Ресейді терроризм демеушісі ретінде мойындау мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеу Вашингтонның барлық шешіміне, тіпті осы секілді ақылға қонымсыз әрекеттеріне де тиісінше жауап берілетініне уәде етті.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан сәуірдің ортасында бұғатталған ресейлік активтер бизнесмендерге қайтарылмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан елшісі Ержан Ашықбаев пен АҚШ президенті Джозеф Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Саясат
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті
Вашингтон екі миллион доллармен шектеліп қалмайтыны анық. Америкалықтар Федералды резерв жүйесінде жатқан Ресей Орталық банкіне тиесілі жүз миллиард долларды бұғаттады. Мемлекеттік департамент басшысы Энтони Блинкен Ақ үй осы ақшаны Киевке жөнелту жайын ойластырып жатқанын жасырмады. Бірақ заң аясындағы ережелер кедергі келтіріп тұр. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Орталық банк пен ресейлік миллиардерлерге тиісті қаражаттан кемінде 400 миллиард доллар алуға үміттенген еді.
"Өткен жылы тәлібтерден қашуға мәжбүр болғаннан кейін америкалықтар Ауғанстанның жеті миллиард долларға жуық қаражатын бұғаттады. Олар мұны арқылы Кабулға дипоматия мәселесінде қысым көрсету тетігі деп ақтады", - деп жазылған мақалада.
Қаражаттың бір бөлігін 2001 жылдың 11 қыркүйегінде теракт салдарынан зардап шеккендердің отбасына жолдады, қалғанын гуманитарлық көмекке бағыттады. Тәлібтер мұны тонау деп атағанмен, Вашингтон еш қысылған жоқ. Олар АҚШ пен оның одақтастарының ауған экономикасына инвестицияларын сылтау етті. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш те "тағдыры қыл үстінде тұрған" елге өзіне тиісті қаражатты қайтаруды талап еткен.
Оның үстіне, америкалықтар Ауғанстанда құны жеті миллиард долларға жуықтайтын әскери жабдықты қалдырып кетті. Пентагонның заң қабылдаушылар алдында берген есебіне сүйенген CNN осындай дерек келтірді. Әскери ұшақтар мен автокөліктер, қару-жарақ, оқ-дәрі мен басқа да әскери техника "Талибан"* қолында қалды.
Ал Иранға бұл да бұйырмады. 1979 жылғы ислам революциясынан кейін бұғатталған активтер 100-120 миллиард долларға бағаланды. Бұл қаражат АҚШ-та ғана емес, сондай-ақ Қытай, Оңтүстік Корея, Люксембург, Жапония мен Иракта сақтаулы болған. Оның басым бөлігі – мұнай саудасынан түскен табыс.
"Америкалық тараптың мұндай әрекеті қандай да бір халықаралық құқықтық аяда қарастырылмаған. Мұны бұдан әрі жалғастырып, бұған дейін мүмкін болмаған қадамдарды жүзеге асыру амалдары жасалады, - дейді халықаралық заңгер Дмитрий Романенко. – Қарсы жауап ретінде қабылданатын шаралар да сөз болатыны анық. Ресей ел аумағындағы АҚШ-тың жеке және заңды тұғаларының активтеріне бұғат қою құқығын иеленуі мүмкін".
Оның пікірінше, конгресс шешімін даулауға ешкім батылдық танытпайды.
"Ресейлік бұғатталған үш жүз миллиард долларды қолдану идеясын Киев ұсынды, ал Вашингтон қолдады, - дейді Ресей ғылым академиясы АҚШ және Канада институтының ғылыми қызметкері Владимир Васильев. – Бірақ ол үшін заң аясында кедергілер бар екені анықталды. Есепшотты бұғаттау бір бөлек, ал ондағы қаражатты жарату тіпті басқа мәселе. Ол үшін ұлттық органдар мен сот инстанцияларының құзыреті жеткіліксіз".
Люди на фоне американского флага - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
АҚШ пен НАТО қандай уәде беріп отыр
Оның пікірінше, бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. "Иә, Ауғанстанға қатысты жағдайды еске түсіреді. Бірақ "Талибанның"* тыйым салынған террористік ұйым болуы оны ерекшелеп тұр. Әдетте қаражат бұғатталып, одан соң оны қайтару мәселесі шешіледі немесе ол ақшаны экономикалық есеп айырысу үшін қолдану мақсатында белгісіз мерзімде ұстап тұрады. Иранмен арадағы жағдай секілді", - дейді сарапшы.
Ресей қаражаты украин босқындарын қабылдаған Еуроодақ елдеріне де жолдануы ықтимал. Алайда Васильев ол қаражат мақсатқа сай жұмсалатынына күмәнданып отыр.
"Америкалықтар барлық үш жүз миллиард долларды жұмсайтынын бірден жария етпей, алдымен пилотты жобадан бастап отыр. Ол қаражатты шетінен жұмсаса, онда бұл заңды секілді сезіледі. Қазір бірінші траншты алады да, оны Украинаға бағыттайды. Сосын оның көлемі ұлғая береді. Осылайша бұл әрекетке қоғам үйренеді", - дейді Васильев.
Вашингтон әлемдік қаржы саласында өте қауіпті әрекетке барып отыр. Себебі енді ешбір мемлекет өз салымдарының қауіпсіз сақталғанына сенімді бола алмайды, деп жазды автор.
*Террористік әрекеті үшін БҰҰ санкциялары енгізілген ұйым.
Жаңалықтар
0