https://sputnik.kz/20220409/qazaqstannyn-aqsh-tagy-elshisi-dzho-baydenmen-kezdesti-24098393.html
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен АҚШ экономикалық санкциялардың банк секторына әсерін жеңілдету мүмкіндігін талқылады 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T15:39+0500
2022-04-09T15:39+0500
2022-04-09T15:42+0500
саясат
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/04/09/24097414_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_d656c7ffd602a2e65648fc0e2273e410.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі америкалық тараппен жоғары деңгейде екі кездесу өткенін хабарлады.2022 жылдың 4 сәуірінде Ақ үйдегі хаттамалық іс-шара кезінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джо Байденмен қысқа кездесу өткізді. Елші Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілек жеткізіп, Қазақстан Республикасының АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге ниетті екенін атап өтті.Өз кезегінде америкалық көшбасшы екі елдің екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша сындарлы серіктестігінің жалғасуын қолдайтынын білдірді.Сондай-ақ Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының өкілдері мен кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстанда филиалы бар шетелік компаниялар үшін санкциялық мәселелер жөнінде кезекті Қазақстан-Америка онлайн-консультацияларын өткізді.Іс-шараның мақсаты АҚШ санкцияларының қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктердің қызметіне ықпалын, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайтуға бағытталған.Америкалық дипломаттар АҚШ санкциялары, санкциялар режимінде бизнес және серіктестермен транзакция жүргізу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Тараптар Қазақстан экономикасына санкция салдарын азайту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/09/24097414_66:0:1202:852_1920x0_80_0_0_970856778399c28a4fb39d6ecb3abefe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті
15:39 09.04.2022 (жаңартылды: 15:42 09.04.2022) Қазақстан мен АҚШ экономикалық санкциялардың банк секторына әсерін жеңілдету мүмкіндігін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі америкалық тараппен жоғары деңгейде екі кездесу өткенін хабарлады.
2022 жылдың 4 сәуірінде Ақ үйдегі хаттамалық іс-шара кезінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джо Байденмен қысқа кездесу өткізді. Елші Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілек жеткізіп, Қазақстан Республикасының АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге ниетті екенін атап өтті.
Өз кезегінде америкалық көшбасшы екі елдің екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша сындарлы серіктестігінің жалғасуын қолдайтынын білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының өкілдері мен кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстанда филиалы бар шетелік компаниялар үшін санкциялық мәселелер жөнінде кезекті Қазақстан-Америка онлайн-консультацияларын өткізді.
Іс-шараның мақсаты АҚШ санкцияларының қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктердің қызметіне ықпалын, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайтуға бағытталған.
Америкалық дипломаттар АҚШ санкциялары, санкциялар режимінде бизнес және серіктестермен транзакция жүргізу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тараптар Қазақстан экономикасына санкция салдарын азайту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.