АҚШ пен НАТО қандай уәде беріп отыр

© AP Photo / GERALD HERBERTЛюди на фоне американского флага
Люди на фоне американского флага - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Жазылу
Солтүстікатлантикалық альянс 24 наурызда Брюссельде өткен саммитте Киев режиміне қару-жарақпен көмектесу, Украинада химиялық немесе биологиялық қару қолдануға (Ресейде мұндай қару жоқ) қатысты әрекет ету жайын талқылап, украин жерінде ресейлік әскермен әскери қақтығысқа түсуден қашқақтады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Күні бұрын АҚШ президенті Джо Байден әлемде жаңа тәртіп орнату ниетімен халықаралық қауымдастықты қызықтырып, бұл мәселеге Еуропаға сапарының қорытындысы бойынша толығырақ тоқталуға уәде етті.
Вашингтон мен Брюссельдің айтарлықтай ықпалы болғанмен, АҚШ пен Еуроодақ әлемді билеп отырған жоқ. Сондықтан олардың "одақтастары" бірлестік аясында батыстағылардың бастамаларына қолдау көрсеткенмен, Ресеймен арадағы экономикалық байланысты бұзуға құлшынып отырған жоқ. Сол себепті Ескі Әлем "Ресейді қалай жазалау керектігі" туралы толғанғанмен, "Искандер", "Калибр" және "Кинжалдан" жапа шегуді қаламайды.
Киевтің жаңа талаптар қоятынын білген НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг саммит басталардан бұрын Брюссель Украинаға қолдау көрсетіп жатқанын, бірақ өздерінің қарсыласушы тарап емес екенін және өз әскерін жөнелтпейтінін ескертіп, сондықтан Киев БҰҰ Жарғысының 51-бабында бекітілген өзін-өзі қорғау құқығын басшылыққа алуы қажет екенін айтты.
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті
НАТО жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Джулианн Смит те Пентагон америкалық әскерді Украинаға жібермейтінін, ал Польшаның "бітімгерлер бағыттау" туралы ұсынысы көп сауал тудырып отырғанын айтты.
Мәскеу әскери операцияға араласқан үшінші тарапқа аяушылық танытпайтынын бірнеше рет ескерткен. 23 наурызда РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО-ның кез келген елінің әскері Украинаға кіруі альянстың Ресеймен қарулы қақтығысын білдіретінін еске салды.
БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжарик те Украинада бітімгерлік миссия құру үшін алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сәйкес мандатты мақұлдауы және осындай миссия қамтамасыз ететін бейбітшілік бар жағдайда ғана жүзеге асатынын айтты.
10 мыңға жуық поляк "бітімгерін" Батыс Украинаға аумағына енгізуді қарастыратын Варшаваның қауіпті жобасы еуропалық елдің басым бөлігінің мүддесіне сай келмей отыр. Мұны тек Дания мен Литва қолдады.
"Егер поляк әскері өз бастамасымен Украина жеріне аяқ басатын болса, онда НАТО Жарғысының ұжымдық қорғанысты қарастыратын 5-бабы күшін жоғалтады. Сондықтан Варшава Ресеймен тікелей әскери қақтығысқа түскен болып саналады. Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия сынды АҚШ-тың негізгі еуропалық одақтастары Польшаға өз армиясын қоспайтыны анық", - деп жазды әскери шолушы.
Еуроодаққа мүше бірнеше мемлекеттің қорғаныс министрлері күні кеше қорғанысты күшейту бойынша 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды қабылдады. Ескі Әлемдегі әлеуетті дауды шешу үшін 2025 жылға дейін 5 мың сарбаздан тұратын еуропалық жедел әрекет ету күштерін құру қарастырылды. Бұл АҚШ пен НАТО қатыспайтын еуропалық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құрудың бастамасы.
Қазақстан, АҚШ, ту - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Саясат
Ресейге қарсы санкция әсері: Қазақстан АҚШ-пен консультация өткізді
Сарапшының пікірінше, Варшаваның геосаяси жоспары толығымен жүзеге аспады. Польша бар болғаны 45 ресейлік дипломатты нон-грата тұлға деп жариялап, "терроризмді қаржыландырғаны үшін" РФ елшілігінің есепшотын бұғаттады. Альянстың Украинамен іргелес жатқан басқа үш елі – Венргия, Словакия мен Румыния украин жерінде Ресеймен соғысуға дайын емес.
"НАТО соғысушы тарап емес. НАТО альянс ретінде Украинаға қару-жарақ жеткізіп жатқан жоқ. Біз бұл соғыс Украина аумағынан шығуына жол бермеу керекпіз. Ұшуға тыйым салынған аймақтарды іске қосу Украина төбесіндегі соғысқа, ал ол жаққа " жөнелту Ресей мен НАТО арасындағы тікелей соғысқа алып келетінін ашық айту керек", - деді Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
Ал көрші Болгарияның премьер-министрі Кирил Петков НАТО бойынша серіктестеріне Украинаға әскери көмек көрсетпейтінін айтты. Сондықтан болгарлардың С-300 зениттік зымыран жүйесіне қатысты мәселе осымен жабылды.
Киев режиміне қару-жарақ жеткізу әлі жалғасып жатыр. 24 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский видеобайланыс арқылы НАТО саммитінен "шұғыл әскери көмек беруді" талап етті. Сәрсенбіде Зеленский француз парламентінің алдында сөз сөйлеген кезде де Украинаға әскери техника жеткізуді сұрады. АҚШ конгресі мен Израиль кнессетіне де жолдаған өтініші осы сипатта екенін жазды Александр Хроленко.
Украинаға қару-жарақ жеткізу мүмкіндігі жолға қойылғаны ресейлік әскер көзін жойған "украин" зениттік зымыран кешендері мен соққы жасаушы ұшақтардың саны жүзден асуы дәлел. Өйткені 24 ақпанда Украина Қарулы күштерінің иелігіндегі жойғыш және шабуылдаушы ұшақтардың саны жүзге де жетпеген. Ал бір айда қиратылған зениттік зымыран кешендерінің саны 200-ден асып түсті.
Жаңалықтар
0