Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуропа елдері халқын суды үнемдеп, еттен бас тартуға шақырды

© AFP 2024 / Sebastien BozonДорога в Ксорюпт-Лонжме после снегопада, Франция
Дорога в Ксорюпт-Лонжме после снегопада, Франция - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Биылғы сәуірде ауа райы тағы тосын мінез танытатын түрі бар: тіпті климаты қолайлы Францияда да соңғы 70 жылда болмаған аяз тіркелді. Түнде ауа температурасы минус тоғыз Цельсий градусқа дейін төмендеді, деп жазды РИА Новости.
Бұл жағдай көкөніс пен жеміс өсіретін шаруаларға шығын келтірді. Соның салдарынан онсыз да күн сайын қымбаттап жатқан көкөністің бағасы тағы шарықтайды. Бүгінде ауа райы Еуроодақ геосаяси шешім қабылдап жатқан шақта екінші дәрежелі рөл атқарып тұр.
Бүгін Еуропа елдерінің шенеуніктері халықты азық-түлік, су, жылу, электр қуатын мейлінше үнемдеуге шақырып отыр. Қыс мезгілінде жылу қажет болса, жазда аптап ыстыққа шыдамаған жұрт желдеткіш пен кондиционер қосатыны белгілі. Ал мұның барлығы – электр қуатының шығыны. Жалпы қазір Еуропа Ресейді жазалап, бірақ өзіне ешқандай залал келмейтіндей әрекет ойлап табуға тырысып жатыр.
Кейбір елдер Ресейдің энергия тасымалдағыштарынан бас тартуға үндегенмен, Біріккен Еуропада бәрі бірдей бұл ұсынысты қолдап отырған жоқ. Германияда саясаткерлер ресейлік газ экспортынан бас тартуға дайын екендерін айтқанмен, сөз соңынан бұл "тап қазір емес, болашақта жасалатын қадам" екенін ескертеді. Ресейлік энергия тасымалдағыштарға тәуелділігі өз көршісімен салыстырғанда шамамен екі есе аз Франция поляктарды да, немістерді де ренжітпеуге барын салып жатыр.
 Катовице қаласынан келген алтыншы рейс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Қоғам
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды
"Шығыс Еуропада да осы тектес жағдай. Бірі ресейлік жеткізулерден бас тартуға дайынбыз десе, екінші бір тарап "еуропалық шешімдерді толық қолдайтын" кейіп танытып, бірақ газсыз тіршілік қиындайтынын аңғартуға тырысады", - деп жазылған материалда.
Блумберг басылымы бұл шиеленісті одан бетер ушықтырып жатыр. Басылым мұнай мен газдың қымбаттауына байланысты Мәскеу осы жылы Ресеймен тату емес елдерге көмірсутек жеткізу арқылы 321 миллиардтан астам доллар пайда көруі мүмкін деп жазды. Бұл ойды екі түрлі түсінуге болады: Блумберг "Газпром" концернінің табысына қызғана қарап отыр немесе өз санкциялық стратегиясына аса сенімді емес еуропалықтарды жылудан бас тартуға көндіруге тырысып жатыр.
Ресейдің көмірсутегінен, сондай-ақ полимерінен, бидайынан бас тартқан Біріккен Еуропаның бұл тығырықтан шығатын қандай жолы бар? Нарықта артық энергия тасымалдағыш қоры өте аз. Оны жеткізу де күрделі мәселе.
Еуроодақтың қуатты екеніне еш күмән жоқ. Бірақ жалпыеуропалық билік те бір дегенде көгілдір отынды танкер резервуарына тиеп, бұл мәселенің түйінін тез шеше алмайды. Бұл түйткілді АҚШ президенті Джо Байденнің араласуы да оңай шешпейтіні белгілі.
Жалпыеуропалық жаһандық шешімдер қабылдауда бірлік жоқ екені байқалады. Дәлел ретінде ресми Будапешттің Брюссельмен ашық бас араздықта болуын айтуға болады. Егер Венргиядағы сайлау нәтижесін ескерсек, бұл қарсылық әлі жалғасатын түрі бар.
Орбан кезекті рет дауыс берушілердің сеніміне ие болды. Сондықтан ол сайлаушылардың мүддесін қорғауға барын салады. Бұл үнемделетін су көлемінен бастап тұтынатын азық-түлік бағасына дейінгі мәселені қамтиды.
Ресей-Украина келіссөзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
"Себебі қазір біріккен Еуропадағы ахуал адам түсініп болмайтындай. Олар ұранды сөздерге қаттты ере бастағаны соншалық, қарапайым халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіндегі қажеттіліктер кейінгі орынға ығысып барады. Жақын болашақта "нағыз еуропалық болу" сирек душқа түсу, киімшең жәні қалың көрпеге оранып ұйықтау, еттен бас тарту және жаппай велосипедке көшуді аңғартса, ешкім таңдана қоймас", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, бұл қарқын жалғаса берсе және Еуропадағы билік басындағылар халықты ортақ құндылықтарды бірге ұстануға үндеуді тоқтатпаса, декоративті косметика қолданатын қыз-келіншектерді де "Кремль агенті" деп санауға дейін жетеді. Өйткені бұл "нағыз еуропалық қыз-келіншектер ернін боямайды" деген ұраннна бастала алады.
Жаңалықтар
0