https://sputnik.kz/20220425/ulttyq-bank-bazalyq-stavka-24441315.html
Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ке дейін көтерді
Ұлттық банк базалық ставканы 14%-ке дейін көтерді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14%... 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T14:50+0500
2022-04-25T14:50+0500
2022-04-25T14:50+0500
экономика
ұлттық банк
базалық мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/1434/99/14349907_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_7861d142306274b31dbe6735cef00fd6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.Соған сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.24 ақпанда, Ресей Украинада арнайы әскери операция бастаған күні Ұлттық банк базалық ставканы 13,5%-ке дейін көтерген болатын."Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға әсері жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.2022 жылғы наурызда жылдық инфляция 12%-ке (2022 жылғы ақпанда – 8,7%) дейін өсті. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсу қарқыны, сәйкесінше 15,4% (10%) және 10,9% (8,6%) болды. Ақылы қызмет құны 8,3% (7,1%) өсті.Сыртқы сектор тарапынан проинфляциялық факторлардың күшейе түскені байқалады. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баға индексі азық-түлік тауарларының барлық тобына баға көтерілген тұста 2022 жылдың наурыз айында 1990 жылдан бері рекордтық мәнге жетті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады. Мұның бәрі геосаяси дағдарыстың айналасындағы белгісіздіктің сақталуына, тыңайтқыштарға деген әлемдік бағаның жоғары болуына және жеткізу тізбегінің үзіліп қалуына байланысты болып отыр.Әлемдік мұнай нарығына қатысты болжамдар "қара алтын" бағасының жоғары деңгейде сақталып қала беретінін көрсетіп отыр. АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) бағалауынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде мұнай қоры наурыз соңында 2,61 млрд баррель болды. Бұл көрсеткіш бір ай бұрынғы есепке қарағанда біршама жоғары, бірақ 2014 жылдың сәуірінен бастап минимумдық көрсеткішке жақын. Мұнай нарығындағы шокты есепке алғанда, халықаралық ұйымдар мұнай бағасына қатысты болжамды едәуір арттырды. Осылайша 2022-2023 жылдары мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 90-100 АҚШ доллары арасында қалыптасады.Азық-түлік пен қуат көзі бағасының айтарлықтай өсуі салдарынан экономикасы дамыған, соның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктесі саналатын елдерде инфляция айтарлықтай өсті, бұл импортпен келетін инфляцияның өсуіне де әсер етеді.Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2022 жылы ғаламдық инфляция жоғары қалпын сақтап қалады. Дамыған елдерде инфляция 5,7% (бұған дейінгі баға 3,9%) деңгейінде, дамушы елдерде – 8,7% (бұған дейінгі мәні 5,9%) деңгейінде болады.Алдағы уақытта базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді қабылдаған кезде статистикалық деректер мен "2022 жылғы мамыр-маусым" болжамды раундының нәтижелері негізгі рөл атқарады.Ұлттық банк ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша жоспарға сай кезекті шешімі 2022 жылы 6 маусымда жарияланады.
https://sputnik.kz/20220421/qazaqstandyqtar-altyn-satyp-alu-24361624.html
https://sputnik.kz/20220314/toqaev-zharlygy-ulttyq-bank-valyuta-23510829.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1434/99/14349907_244:0:2975:2048_1920x0_80_0_0_270399b3b1bcff7d8acaeff05e5a2397.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
ұлттық банк, базалық мөлшерлеме
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Соған сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.
24 ақпанда, Ресей Украинада арнайы әскери операция бастаған күні Ұлттық банк базалық ставканы 13,5%-ке дейін көтерген болатын.
"Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға әсері жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді", - деп мәлімдеді Ұлттық банк.
2022 жылғы наурызда жылдық инфляция 12%-ке (2022 жылғы ақпанда – 8,7%) дейін өсті. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсу қарқыны, сәйкесінше 15,4% (10%) және 10,9% (8,6%) болды. Ақылы қызмет құны 8,3% (7,1%) өсті.
Сыртқы сектор тарапынан проинфляциялық факторлардың күшейе түскені байқалады. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баға индексі азық-түлік тауарларының барлық тобына баға көтерілген тұста 2022 жылдың наурыз айында 1990 жылдан бері рекордтық мәнге жетті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады. Мұның бәрі геосаяси дағдарыстың айналасындағы белгісіздіктің сақталуына, тыңайтқыштарға деген әлемдік бағаның жоғары болуына және жеткізу тізбегінің үзіліп қалуына байланысты болып отыр.
Әлемдік мұнай нарығына қатысты болжамдар "қара алтын" бағасының жоғары деңгейде сақталып қала беретінін көрсетіп отыр. АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) бағалауынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде мұнай қоры наурыз соңында 2,61 млрд баррель болды. Бұл көрсеткіш бір ай бұрынғы есепке қарағанда біршама жоғары, бірақ 2014 жылдың сәуірінен бастап минимумдық көрсеткішке жақын. Мұнай нарығындағы шокты есепке алғанда, халықаралық ұйымдар мұнай бағасына қатысты болжамды едәуір арттырды. Осылайша 2022-2023 жылдары мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 90-100 АҚШ доллары арасында қалыптасады.
Азық-түлік пен қуат көзі бағасының айтарлықтай өсуі салдарынан экономикасы дамыған, соның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктесі саналатын елдерде инфляция айтарлықтай өсті, бұл импортпен келетін инфляцияның өсуіне де әсер етеді.
Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2022 жылы ғаламдық инфляция жоғары қалпын сақтап қалады. Дамыған елдерде инфляция 5,7% (бұған дейінгі баға 3,9%) деңгейінде, дамушы елдерде – 8,7% (бұған дейінгі мәні 5,9%) деңгейінде болады.
Алдағы уақытта базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді қабылдаған кезде статистикалық деректер мен "2022 жылғы мамыр-маусым" болжамды раундының нәтижелері негізгі рөл атқарады.
Ұлттық банк ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша жоспарға сай кезекті шешімі 2022 жылы 6 маусымда жарияланады.