https://sputnik.kz/20220314/toqaev-zharlygy-ulttyq-bank-valyuta-23510829.html
Шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді - Ұлттық банк түсініктемесі
Шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді - Ұлттық банк түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
Сыртқы жағдайлар салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады 14.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-14T19:25+0500
2022-03-14T19:25+0500
2023-08-09T12:35+0500
экономика
валюта
түсініктеме
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді. Ұлттық банк мемлекет басшысының тыйымына қатысты түсініктеме берді."Бүгінгі таңда сыртқы күйзелістер салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады. Екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар. Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандырып отыр", - делінген банк жариялаған ақпаратта.Қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізуде логистикалық қиындықтар туындап отырғаны айтылған."Қаржылық тұрақтылыққа төнетін қатер мен алыпсатарлықты азайту үшін үкімет пен Ұлттық банк ұсынысы негізінде президент жарлығымен Қазақстаннан валютаны алып шығуға шектеу енгізілді", - деп жазылған Ұлттық банк сайтында.Қабылданған шаралар қолма-қол шетел валюталарының шектен тыс сыртқа шығып кетпеуін бақылауды, Ұлттық банктегі резервтердің сақталуын, сондай-ақ жинақ құралдарын әртараптандыруды қамтамасыз ететіні жазылған.
https://sputnik.kz/20220311/nur-sultan-turgyndar-dollar-23450442.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_144:0:2873:2047_1920x0_80_0_0_b3b7231ea89e0d4192fb4352fc0ff4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
валюта, түсініктеме, ұлттық банк
валюта, түсініктеме, ұлттық банк
Шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді - Ұлттық банк түсініктемесі
19:25 14.03.2022 (жаңартылды: 12:35 09.08.2023) Сыртқы жағдайлар салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады
НҰР-СҰЛТАН, 14 наурыз – Sputnik. Қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді. Ұлттық банк мемлекет басшысының тыйымына қатысты түсініктеме берді.
"Бүгінгі таңда сыртқы күйзелістер салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады. Екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар. Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандырып отыр", - делінген банк жариялаған ақпаратта.
Қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізуде логистикалық қиындықтар туындап отырғаны айтылған.
"Қаржылық тұрақтылыққа төнетін қатер мен алыпсатарлықты азайту үшін үкімет пен Ұлттық банк ұсынысы негізінде президент жарлығымен Қазақстаннан валютаны алып шығуға шектеу енгізілді", - деп жазылған Ұлттық банк сайтында.
1.
10 000 АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасына және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
2.
тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және Ұлттық банк шығарған алтыннан, күмістен жасалған инвестициялық монеталарына, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынды сыртқа шығаруға тыйым салынды.
Қабылданған шаралар қолма-қол шетел валюталарының шектен тыс сыртқа шығып кетпеуін бақылауды, Ұлттық банктегі резервтердің сақталуын, сондай-ақ жинақ құралдарын әртараптандыруды қамтамасыз ететіні жазылған.