Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан тұрғындары доллар таба алмай жүр

© Sputnik / Абзал КалиевАстана тұрғындары
Астана тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Жазылу
Валюта айырбастау пунктерінің қызметкерлері доллар жоқ дейді. Бірақ АҚШ валютасын сатып алуға дайын отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғындары валюта айырбастау пунктерінен доллар таба алмай жүр. Барлығы валюта таусылып қалды деп ақталады.
Sputnik Қазақстан тілшісі бірнеше айырбастау пунктіне барып келді. Даладағы валюта бағамының таблосы бос тұр. Ал қызметкерлердің бәрі: "Сатылатын доллар таусылып қалды", - дейді.
Қазақстандық банктердің жанындағы айырбастау пунктері де долларды сатпай отыр. Алматыда дәл сондай жағдай, доллар сатылмайды. Бірақ айырбастау пунктері АҚШ валютасын сатып алуға дайын.
Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, Қазақстан бойынша сатылатын доллар бар. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында бір долларды 519 теңгеге сатып алуға болады. Бірақ барғанда доллар сатылмайды.
Айта кетері, бүгін таңертеңгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 510,265 теңге болды.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова шетелдік валютаға деген сұраныстың негізгі себебін айтқан. Бүгінде халық пен бизнес экономикалық жағдайға алаңдап отыр. Бірақ қазақстандық экспорт пен саудаға санкция салынып жатқан жоқ. Сол себепті халықтың алаңдаушылығы негізсіз.
Нұр-Сұлтан келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2022
Баспана бағасы қымбаттап жатыр
Жаңалықтар
0