Экономика

Қазақстандықтар алтын сатып алуда белсенділік танытып жатыр - Ұлттық Банк

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАлтын
Алтын - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
2022 жылы қазақстандықтар бір жыл бұрынғыға қарағанда үш есе көп алтын сатып алды
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Биыл наурызда қазақстандықтар 8 200-ден астам алтын құйма сатып алды, деп хабарлайды Ұлттық банк,
"Екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 167,2 келі болатын 8 269 құйма сатты,. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. ол кезде салмағы 48,2 келі 2 898 құйма сатылды", - делінген хабарламада.
Сатылымның ұлғаюына алтынға инвестиция құюға қызығушылығы артқан халықтың сұранысы ықпал етіп отыр. Себебі қаржы нарығындағы белгісіздік пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған шақта көпшілік бұған жинақтарының сақталуын қамтамасыз етудің баламалы құралы ретінде қарайды.
Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3 тоннаға жуық 87 531 алтын құйма сатылған.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм.
Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 27%, яғни, 23 390 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие, 18 178 дана (21%).
"100 грамдық құймадан 18 034 дана (20%), 5 грамдық құймадан 16 834 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 095 дана (13%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады", - деді ұлттық банкте.
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған. Құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар. Арнайы қораппен шығарылады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады.
Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.
Жаңалықтар
0