Америкалық шенеуніктер Киевте: қандай мәселе талқыланды

© AP Photo / Nariman El-MoftyУкраинские военнослужащие
Украинские военнослужащие  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
АҚШ пен НАТО Киев режиміне қару-жарақ жеткізуді үдету арқылы украин армиясын соғыс жолында құрбан ету әдісімен Ресейдің қорғаныс әлеуетін әлсіретуді көздеп отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Пентагон басшысы Ллойд Остин жексенбі күні Киевте болып, украин президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Осы кездесу қорытындысы ретінде Ллойд Остин дүйсенбіде "украин-орыс соғысының" мақсаты "Ресейді әлсірету" екенін мойындаса, Блинкен Украина бұл соғыста "табысқа қол жеткізгенін" атап өтті.
Киев режимінің қаржы мәселесіндегі табысы белгілі. Америкалықтар бір айдың ішінде үшінші рет Киевке 700 миллион долларға әскери көмек пакеті бөлінгені туралы мәлімдеді. Ал әскери жетістік байқалмайды – Украина Қарулы күштері екі айдан бері қорғанып, кері шегініп жатыр және адам күші мен әскери техникадағы шығыны орасан зор. Тұтқындағы украин әскери қызметкерлерінің саны 4000 мыңнан асты және бұл көрсеткіш тұрақты өсіп жатыр.
Остиннің "Жарамды жабдық пен дұрыс қолдау болған жағдайда ғана Украина бұл соғыста жеңе алады" деп айтуына осы ахуал себеп болса керек. Бұған дейін Киев режиміне "кеңестік" танктер, НАТО-дағы шығысеуропалық елдердің Варшава келісімінен қалған жаяу әскердің соғыс машинасы мен зениттік зымыран кешендері, сондай-ақ технологиялық тұрғыда тозған америкалық Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешені, Javelin танкке қарсы басқарылатын зымыран немесе олардың аналогтары жеткізілді.
Украина Қарулы күштеріне берілген ондаған дана броньдалған техника мен мыңдаған жылжымалы зымыран кешені (бірінші пакет 800 миллион долларды құрады) Ресей Қарулы күштерінің соққыларымен талқандалды. Әскери техниканың бірқатар бөлігін украин шенеуніктері "артық техника" ретінде Африка елдеріне бағыттады.
Америкалықтар қару-жарақтың майдан даласына жеткізілуін қадағалап отырған жоқ және шығын орнын одақтастар мен серіктестеді ленд-лизге тарту арқылы толықтыруға мәжбүр. 26 сәуірде АҚШ-тың Ramstein авиабазасында 40 елдің өкілі Украинаға "әлдеқайда кеңейтілген және жаппай қырып-жоятын әскери көмекті" талқылайды. 20 ел әскери қолдауды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Чемоданчик с выигрышем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
АҚШ Ауғанстандағы соғысқа қанша қаражат жұмсағанын жария етті
Тізімде ауыр техника пайда болуы жалпы сомасы 1,5 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тың әскери көмегінің екінші және үшінші пакеттерінің ерекшелігі болып отыр. Олар аса заманауи болмағанымен, эскалация көзделіп отырғаны анық байқалады.
"АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Пентагон басшысының Киевке кезекті қару-жарақ жеткізулерін келісу үшін келуі күдікті. Өйткені әдетте мұндай мәселелер жабық байланыс арнасы арқылы шешіледі. Сондықтан әлдеқайда маңызды мәселе талқыланды деуге негіз бар. Бәлкім, америкалықтар "Азвосталь" жертөлесінде АҚШ пен НАТО офицерлері тығылып жатқанына алаңдаған болар", - деп жазды Александр Хроленко.
Ресейге қарсы өзара іс-әрекет аясында Украинаға 300 километрге дейін ұша алатын M142 HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесін және басқа да жабдықтар жеткізу әбден мүмкін.
Жақын уақытта Киев режимі АҚШ-тан 1400 "Стингер", 5500 "Джавелин", 14 мың "танкке қарсы басқа да басқарылатын зымыран", 200 броньді тасымалдаушы, 120 пилотсыз ұшатын аппарат, сондай-ақ калибрі 15 миллиметр 90 гаубица мен оларға арналған 14 мың снаряд алады. Ұлыбритания Украинаға калбирі 155 миллиметр 20 дана AS-90 өздігінен жүретін артиллериялық құрылғы және оларға арналған 45 мың артиллериялық снаряд жөнелтуді жоспарлап отыр. Ақ үй Украина Қарулы күштерін танктермен күшейтетін жаңа көмек пакетін дайындап жатыр.
Германия 1970 жылы шығарылған 100 дана Marder жаяу әскерге арналған соғыс машинасын, 50 данаға дейін Leopard-1 танкін және техниканы тасымалдауға арналған броньдалған ауыр машиналар экспорттауға дайын. Канада өз қарулану қатарында тұрған 155 миллиметрлі төрт гаубицаны жөнелтті. Чехия мен Польша "кеңестік" техниканы жолдады. Нидерланды, Франция, Испания, Словакия, Австралия, Канада мен Түркия да белсенді.
Әскери шолушының пікірінше, Донбастағы 400 километр майдан шебіндегі Батыс жолдаған қосымша 100-200 артиллериялық жабдық немесе броньдалған тасымалдаушы Украина Қарулы күштеріне ешқандай көмек көрсете алмайды. Артиллерияны тиімді қолдану үшін километрлерге бағытталған оқ-снарядтың басқа сападағы тығыздығы қажет. Ал оның дәлдігін тек пилотсыз ұшатын аппараттар қамтамасыз ете алады.
Осы тұста жүздеген артиллерияшылар мен пилотсыз ұшатын аппарат операторларын НАТО стандарты бойынша дайындау проблемасы туындайды. 20 сәуірден бастап Польша аумағында украин мамандарын 155 миллиметрлі М777 дала гаубицаларын пайдалануға үйрету ұйымдастырылды. Ал еуропалықтар Украинаға жаппай қару-жарақ жеткізу өздерінің қорғаныс әлеуетін әлсіретіп, құпиясын жария етеді деп қауіптеніп отыр.
Украина шекарасынан 70 километр қашықтықта орналасқан Жешув поляк авиабазасына бір тәулікте әскери-көлік ұшақтары, тасымалдаушы ұшақ, қару-жарақ тиелген С-17А және Ан-124-100 ұшақтары келіп қонды. Deutsche Welle ақпараты бойынша, АҚШ пен НАТО Днепрдің оң жағалауына жаңа қару-жарақ партияларын орналастырып, Украинаның батыс аудандарында қуатты тірек аймақтарын жабдықтауды көздеп отыр.
"Батыс Украинаға қару-жарақ жеткізуді күшейткен соң, Ресей Украина Қарулы күштерінің арсеналдарын "демилитаризациялауға", логистиканы батыл талқандауға басымдық береді. 24 сәуірде Полтава облысының Кременчуга қаласында "Калибр" қанатты зымырандарымен шетелдік қару-жарақ бар хаб жойылды. 23 сәуірде Одесса жанындағы әскери аэродромында ауқымды көлемдегі батыс қаруы бар логистикалық терминал қиратылды. Біраз бұрын Львовтың шет аймағындағы Украина Қарулы күштерінің логистикалық орталығы "демилитаризацияланды".
Ситуация на границе РФ с Украиной в Белгородской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Батыс Геббелльс әдісіне жүгінді
"Ресей АҚШ-тан Киев режиміне қару-жарақ жеткізуді доғаруды талап етті. Батыстан келіп жатқан шексіз әскери көмекке тосқауыл болу үшін украин көлік коммуникацияларын мен көпірлерін қирататын уақыт келді. Аса маңызды көпір саны қырықтан асады, ал теміржол электрлі шағын станциялары мен тораптары әлдеқайда көп. Бірақ бұл орындалмайтын жоспар емес", - дейді әскери сарапшы.
25 сәуірде Украинаның бүкіл дерлік аумағында әуе дабылы іске қосылды. Львов, Винницкғ Никлоаев, Харьков, Днепропетровск, Полтава және Одесса облыстарында Украина Қарулы күштерін демилитаризациялау бойынша күндізгі сеанс жүрді. Ресей Қарулы күштерінің зымыран соққылары тартқыш шағын станциялар мен аса маңызды теміржол тораптарын істен шығарды.
НАТО елдерімен арадағы көлік қатынасы толық ажыратылған шақта Киев пен Вашингтонның маневр жасау аумағы айтарлықтай тарылады. Ал Украина Қарулы күштерінің қоршауда қалған аумақтарының саны арта түспек.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0