https://sputnik.kz/20220418/aqsh-auganstandagy-sogysqa-qansha-qarazhat-zhumsaganyn-zhariya-etti-24313675.html
АҚШ Ауғанстандағы соғысқа қанша қаражат жұмсағанын жария етті
АҚШ Ауғанстандағы соғысқа қанша қаражат жұмсағанын жария етті
Sputnik Қазақстан
Америкалықтар ауған жеріндегі 20 жыл бұрынғы соғыс жайында дауласып жатыр. Тәуелсіз сарапшылар Пентагон жариялаған сомадан көлемі әлдеқайда үлкен қаражатты... 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T17:04+0500
2022-04-18T17:04+0500
2022-04-20T10:50+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/881/91/8819120_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_c9b25a8329b6d9d5b9d49025954d9021.jpg
Америкалықтар ауған жеріндегі 20 жыл бұрынғы соғыс жайында дауласып жатыр. Тәуелсіз сарапшылар Пентагон жариялаған сомадан көлемі әлдеқайда үлкен қаражатты атады, деп жазды РИА Новости.2009 жылы президент Барак Обама Ауғанстандағы әскерилер санын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Алайда бұл өте қымбат екенін айтып, оған қарсылық танытқандар болды.Сондықтан Пентагонда да, сенаторлар да бұл жоспарға қанша шығын жұмсалатынын белсенді түрде есептей бастады. Әр тараптың есебі шықты: әскери ведомство жеті жылға қарастырылған шығынды 156 миллиард долларға, парламентарий 227 миллиард долларға бағалады.Сондықтан бұл мәселені анықтауға сарапшыларды тартты. Аналитиктер жаңа әдіс ұсынды: яғни, жарты жылда бір сарбазға жұмсалатын шығынды есептеу қажет. Бұл ретте жалақы, тамақтану, жабдық, логистиканы, соның ішінде әуе арқылы мұхиттың арғы бетіне жеткізу құнын есепке алды. Медициналық көмек, қайтыс болған немесе жарақат алған кездегі сақтандыру төлемі, сондай-ақ жұмыстан босатылғаннан кейінгі зейнетақы есепке алынбады.Нәтиже – бір адамға миллион доллар жұмсалады. Ол шақта Ауғанстандағы америкалық әскери қызметші саны шамамен 70 мың болды.Жалпы, қоғамда туындаған дау тағы 35 мың жауынгерді (ротация аясында әр тоқсанда бес мыңнан) соғысқа аттандыруда Ақ үйге кедергі болған жоқ. Ал 2010 жылы ауған жолдарында алғаш рет "Абрамстар" пайда болып, бұл осы мәселе төңірегіндегі шуды үдетті. Өйткені бұл танк жай ғана ең қымбат (бір данасы 8,6 миллион доллар) әскери машина ғана емес, сондай-ақ жанармайды көп көлемде қажет ететін танк: 100 километрге 1 650 литр жанармай қажет. Ал "Құмдағы боран" кезінде әскери техникаға бес рет жанармай құйылды."Кез келген әскери науқан кезінде қаражаттың басым бөлігі жанармайға жұмсалатынын бәріміз білеміз. Орташа ауқымдағы қақтығыс кезінде бұл күніне бір миллиард доллар шамасында болады", - деді әскери аналитик Тим Хиббетс.Жыл өткен сайын шығын көлемі тек өсті. "Ауған науқаны" тұралап, нәтиже бермеген соң, америкалықтар бұрынғыдан да озық қару қолданды. Осылайша 2017 жылы бір данасы 339 миллион тұратын F-22 Raptor жойғыш ұшағы Кабул аспанында пайда болды. Ұшу сағаты – 69 мың доллар.Осы жиырма жыл ішінде стратегиялық B-2 Spirit ұшағы соққы жасаушы негізгі күш болды. Олардың әуедегі бір сағаты 170 мың долларға дейін жетеді. Ал бомбалаушы техниканың өз бағасы шамамен екі миллиард долларды құрады.Америкалық журналистердің айтуынша, бұл бағаның барлығы тым асыра белгіленген және америкалық қорғаныс өнеркәсібі негізсіз жоғары құн көрсетіп отыр."Әскери-өнеркәсіптік кешен шығыны неғұрлым жоғары болса, қорғаныс қауіпсіздігі соғұрлым төмен болады. Себебі әрбір сатып алу келесісін қымбаттатады. Бір ғана F-35 қазір жүз миллион доллар тұрады, ал атомдық авиатасымалдаушы "Форд" 15 миллиард тұрады", - деп түсіндірді Атлантикалық кеңестің аға кеңесшісі Харлан Ульман.Ал "Спириттердің" құны 15 жылда екі есе өсті. Сондықтан қорғаныс бюджеті жылдан-жылға ұлғайып жатыр. Мысалы, 2018 жылы 700 миллиард болса, қазір 740 миллард долларға жетті. Ал Украинадағы жағдайға байланысты Пентагон 773 миллард доллар болатын бюджетке сұраныс жолдады. Егер конгресс мақұлдаса, онда бұл рекордтық көрсеткіш болады."АҚШ көп жылдан бері әскери шығын бойынша көш бастап тұр. Қытай екінші орында: 2020 жылы 252 миллиард доллар. Үндістанда – 72,9, Ресейде – 61,7, Ұлыбританияда 59,2 миллиард доллар.Осы деректі ұсынған Стокгольм халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институтының (SIPRI) есебін көп сарапшы армия мен арнайы қызметке жұмсалатын шығынды да қоса есептеуіне байланысты сынап жатыр. Ал АҚШ-қа қатысты нақты Ауғанстанға не қажет болғанын жалпы сомадан бөлек қарастыру тіпті мүмкін емес.2019 жылы Пентагон өкілдері 778 миллард доллар жайлы айтты. Алайда бұл сомаға америкалықтар белсенді қолданған Пәкістандағы авиабаза шығыны кірмеген. Логистикалық шығындар мен жанармай жеткізу де есептелмеді. Инфляцияға қатысты түзетулер де қарастырылмаған.Бүкіл әлем бойынша әскери қақтығыстарды зерттейтін Уотсон институты да дерек ұсынды. Анығында шығын миллиардпен емес, триллионмен есептелетіні белгілі болды."11 қыркүйектегі терактіден кейінгі АҚШ-тың барлық науқанын, яғни, Ауғанстан, Ирак пен Сирияны есепке алсақ, онда сома сегіз триллионға жетеді. Шығын көлемі бойынша тек Екінші дүниежүзілік соғыс алдыда тұр", - деп жазды сарапшылар.Сондықтан соғыс іс-қимылына 2,3 триллион долларға жуық шығын жұмсалған. Тағы үш триллион Америка ішіндегі қауіпсіздікті нығайту мен инфляцияға қатысты "ілеспе шығындарға" қарастырылған. Жарты триллион ардагерлерді оңалту мен психологиялық сауықтыруға бағытталған. Тағы 2,5 триллион доллар әскери іс-қимылға қатысқандарға төлемге жұмсалған.Мұндай статистика қоғамды дүр сілкіндірді. Халық әскери науқандар және терроризммен күреске кеткен шығындап бойынша ақпаратты мейлінше көп жария етуді талап етті. Ақ үй уәде бергеніне қарамастан, террористерге арналған түрмелер желісін жапқан жоқ. Тіпті Гуантанамо да қоғам назарынан тыс режимде әлі жұмыс істеп тұр."Жалпы Ауғанстандағы соғыс әрбір америкалық 20 мың доллардан төлеген. Бұл ауған жерінде қалған әскери техника мен қару-жарақ шығынын есептемегендегі қаражат. Өйткені Пентагон асығыс эвакуация кезінде әскери жабдықтың көбін тәлібтерге қалдырып кетті", - деп жазды автор.Экономистер осындай үлкен шығын жұмсап, жалпы соғысқа кірісудің қажеті бар ма еді деген пікір айтып отыр. Бір жағынан, мемлекет ЖІӨ-ге қатысты қорғаныс саласына әлдеқайда аз шығын жұмсап отыр: 1960 жылдан бері көрсеткіш 6,5-тен 3 процентке дейін төмендеді. Екінші жағынан, қару-жарақ бағасы жыл санап қымбаттап жатыр. 2019 жылы Экономика және әлем институты қарулы қақтығыстарға жұмсалған жаһандық шығын 14 триллион долларға жеткенін жазды. Жалпы, Вашингтон Ауғанстан мен Ирактағы әскери науқанға жұмсалған шығынның оннан бір бөлігін де қайтара алған жоқ."Егер осы қаражатты Жер тұрғындарына үлестіріп берсе, әрқайсысына бес долларда тиеді. Ал қазір ғаламшардағы адам баласының тоғыз процентіне күніне 1,9 доллардан тиіп отыр", - деді зерттеушілер.
https://sputnik.kz/20211019/Auganstan-meshit-zharylys-video-18447688.html
https://sputnik.kz/20211004/prezident-QazVac-musylman-18313655.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/881/91/8819120_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ad93e3fa70c7f82641c737846a4a77c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Америкалықтар ауған жеріндегі 20 жыл бұрынғы соғыс жайында дауласып жатыр. Тәуелсіз сарапшылар Пентагон жариялаған сомадан көлемі әлдеқайда үлкен қаражатты атады, деп жазды
РИА Новости.2009 жылы президент Барак Обама Ауғанстандағы әскерилер санын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Алайда бұл өте қымбат екенін айтып, оған қарсылық танытқандар болды.
Сондықтан Пентагонда да, сенаторлар да бұл жоспарға қанша шығын жұмсалатынын белсенді түрде есептей бастады. Әр тараптың есебі шықты: әскери ведомство жеті жылға қарастырылған шығынды 156 миллиард долларға, парламентарий 227 миллиард долларға бағалады.
Сондықтан бұл мәселені анықтауға сарапшыларды тартты. Аналитиктер жаңа әдіс ұсынды: яғни, жарты жылда бір сарбазға жұмсалатын шығынды есептеу қажет. Бұл ретте жалақы, тамақтану, жабдық, логистиканы, соның ішінде әуе арқылы мұхиттың арғы бетіне жеткізу құнын есепке алды. Медициналық көмек, қайтыс болған немесе жарақат алған кездегі сақтандыру төлемі, сондай-ақ жұмыстан босатылғаннан кейінгі зейнетақы есепке алынбады.
Нәтиже – бір адамға миллион доллар жұмсалады. Ол шақта Ауғанстандағы америкалық әскери қызметші саны шамамен 70 мың болды.
Жалпы, қоғамда туындаған дау тағы 35 мың жауынгерді (ротация аясында әр тоқсанда бес мыңнан) соғысқа аттандыруда Ақ үйге кедергі болған жоқ. Ал 2010 жылы ауған жолдарында алғаш рет "Абрамстар" пайда болып, бұл осы мәселе төңірегіндегі шуды үдетті. Өйткені бұл танк жай ғана ең қымбат (бір данасы 8,6 миллион доллар) әскери машина ғана емес, сондай-ақ жанармайды көп көлемде қажет ететін танк: 100 километрге 1 650 литр жанармай қажет. Ал "Құмдағы боран" кезінде әскери техникаға бес рет жанармай құйылды.
"Кез келген әскери науқан кезінде қаражаттың басым бөлігі жанармайға жұмсалатынын бәріміз білеміз. Орташа ауқымдағы қақтығыс кезінде бұл күніне бір миллиард доллар шамасында болады", - деді әскери аналитик Тим Хиббетс.
Жыл өткен сайын шығын көлемі тек өсті. "Ауған науқаны" тұралап, нәтиже бермеген соң, америкалықтар бұрынғыдан да озық қару қолданды. Осылайша 2017 жылы бір данасы 339 миллион тұратын F-22 Raptor жойғыш ұшағы Кабул аспанында пайда болды. Ұшу сағаты – 69 мың доллар.
Осы жиырма жыл ішінде стратегиялық B-2 Spirit ұшағы соққы жасаушы негізгі күш болды. Олардың әуедегі бір сағаты 170 мың долларға дейін жетеді. Ал бомбалаушы техниканың өз бағасы шамамен екі миллиард долларды құрады.
Америкалық журналистердің айтуынша, бұл бағаның барлығы тым асыра белгіленген және америкалық қорғаныс өнеркәсібі негізсіз жоғары құн көрсетіп отыр.
"Әскери-өнеркәсіптік кешен шығыны неғұрлым жоғары болса, қорғаныс қауіпсіздігі соғұрлым төмен болады. Себебі әрбір сатып алу келесісін қымбаттатады. Бір ғана F-35 қазір жүз миллион доллар тұрады, ал атомдық авиатасымалдаушы "Форд" 15 миллиард тұрады", - деп түсіндірді Атлантикалық кеңестің аға кеңесшісі Харлан Ульман.
Ал "Спириттердің" құны 15 жылда екі есе өсті. Сондықтан қорғаныс бюджеті жылдан-жылға ұлғайып жатыр. Мысалы, 2018 жылы 700 миллиард болса, қазір 740 миллард долларға жетті. Ал Украинадағы жағдайға байланысты Пентагон 773 миллард доллар болатын бюджетке сұраныс жолдады. Егер конгресс мақұлдаса, онда бұл рекордтық көрсеткіш болады.
"АҚШ көп жылдан бері әскери шығын бойынша көш бастап тұр. Қытай екінші орында: 2020 жылы 252 миллиард доллар. Үндістанда – 72,9, Ресейде – 61,7, Ұлыбританияда 59,2 миллиард доллар.
Осы деректі ұсынған Стокгольм халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институтының (SIPRI) есебін көп сарапшы армия мен арнайы қызметке жұмсалатын шығынды да қоса есептеуіне байланысты сынап жатыр. Ал АҚШ-қа қатысты нақты Ауғанстанға не қажет болғанын жалпы сомадан бөлек қарастыру тіпті мүмкін емес.
2019 жылы Пентагон өкілдері 778 миллард доллар жайлы айтты. Алайда бұл сомаға америкалықтар белсенді қолданған Пәкістандағы авиабаза шығыны кірмеген. Логистикалық шығындар мен жанармай жеткізу де есептелмеді. Инфляцияға қатысты түзетулер де қарастырылмаған.
Бүкіл әлем бойынша әскери қақтығыстарды зерттейтін Уотсон институты да дерек ұсынды. Анығында шығын миллиардпен емес, триллионмен есептелетіні белгілі болды.
"11 қыркүйектегі терактіден кейінгі АҚШ-тың барлық науқанын, яғни, Ауғанстан, Ирак пен Сирияны есепке алсақ, онда сома сегіз триллионға жетеді. Шығын көлемі бойынша тек Екінші дүниежүзілік соғыс алдыда тұр", - деп жазды сарапшылар.
Сондықтан соғыс іс-қимылына 2,3 триллион долларға жуық шығын жұмсалған. Тағы үш триллион Америка ішіндегі қауіпсіздікті нығайту мен инфляцияға қатысты "ілеспе шығындарға" қарастырылған. Жарты триллион ардагерлерді оңалту мен психологиялық сауықтыруға бағытталған. Тағы 2,5 триллион доллар әскери іс-қимылға қатысқандарға төлемге жұмсалған.
Мұндай статистика қоғамды дүр сілкіндірді. Халық әскери науқандар және терроризммен күреске кеткен шығындап бойынша ақпаратты мейлінше көп жария етуді талап етті. Ақ үй уәде бергеніне қарамастан, террористерге арналған түрмелер желісін жапқан жоқ. Тіпті Гуантанамо да қоғам назарынан тыс режимде әлі жұмыс істеп тұр.
"Жалпы Ауғанстандағы соғыс әрбір америкалық 20 мың доллардан төлеген. Бұл ауған жерінде қалған әскери техника мен қару-жарақ шығынын есептемегендегі қаражат. Өйткені Пентагон асығыс эвакуация кезінде әскери жабдықтың көбін тәлібтерге қалдырып кетті", - деп жазды автор.
Экономистер осындай үлкен шығын жұмсап, жалпы соғысқа кірісудің қажеті бар ма еді деген пікір айтып отыр. Бір жағынан, мемлекет ЖІӨ-ге қатысты қорғаныс саласына әлдеқайда аз шығын жұмсап отыр: 1960 жылдан бері көрсеткіш 6,5-тен 3 процентке дейін төмендеді. Екінші жағынан, қару-жарақ бағасы жыл санап қымбаттап жатыр. 2019 жылы Экономика және әлем институты қарулы қақтығыстарға жұмсалған жаһандық шығын 14 триллион долларға жеткенін жазды. Жалпы, Вашингтон Ауғанстан мен Ирактағы әскери науқанға жұмсалған шығынның оннан бір бөлігін де қайтара алған жоқ.
"Егер осы қаражатты Жер тұрғындарына үлестіріп берсе, әрқайсысына бес долларда тиеді. Ал қазір ғаламшардағы адам баласының тоғыз процентіне күніне 1,9 доллардан тиіп отыр", - деді зерттеушілер.