https://sputnik.kz/20220408/batys-gebbells-adisine-zhugindi-24085252.html
Батыс Геббелльс әдісіне жүгінді
Батыс Геббелльс әдісіне жүгінді
Sputnik Қазақстан
Соңғы уақытта Батыста орыс халқына тікелей үндеу арнау сәнге айналған секілді. Бұл дәстүрді екі апта бұрын Арнолдь Шварцнеггер бастаса, соңғы уақытта... 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T17:11+0500
2022-04-08T17:11+0500
2022-04-11T08:51+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23228674_0:0:3179:1788_1920x0_80_0_0_69324acf4e80ad447d6e2fd6c31e9f3b.jpg
Соңғы уақытта Батыста орыс халқына тікелей үндеу арнау сәнге айналған секілді. Бұл дәстүрді екі апта бұрын Арнолдь Шварцнеггер бастаса, соңғы уақытта Ұлыбританиядағы БАҚ пен премьер Борис Джонсон да осы әдісті қолға алды. Daily Mirror газетінде орыс тілінде "Сіздер білуге тиіссіздер" деген атаумен мақала жарық көрді. Бұл Украина президенті Владимир Зеленскийдің күн сайын теледидар арқылы орыс халқына арнаған үндеуін есептемегенде, деп жазды РИА Новости.Осы жалынды сөздердің авторлары Ресей тұрғындары Украинадағы жағдай туралы ақиқатты білу мүмкіндігінен айырылып отыр деген ойды ұстанатын көрінеді. Мысалы, Арнольд Шварценеггер "Мен сіздерге үндеу жолдап отырмын, себебі әлемде сіздерден жасырып отырған оқиғалар болып жатыр" десе, Борис Джонсон "Ресейліктер шындықты білуі білуге лайықты. Сіздер фактілерді білеу керексіздер" деді.Ал Daily Mirror былай деп жазды: "Құрметті орыс досым. Біз сен Украинадағы соғыс туралы шындықты білгеніңді қалаймыз, сондықтан саған арнап жазып отырмыз. Біз Ресейде тәуелсіз баспасөз құралы жоқ екенін және сендерге Украинадағы соғыс туралы тек жалған ақпарат ұсынылып жатқанын да білеміз".Егер олар расында да Ресей азаматтары әлем жаңалықтарынан алшақтатылған деп ойласа, онда олар Ресейдегі жағдайдан мүлдем бейхабар екені анық. Осы орайда өзін Прометей санап, орыстарға VPN аббревиатурасы туралы түсіндірген Борис Джонсонның әрекеті тіпті күлкілі.Шварценеггер мен Ко орыстар Мариуполь немесе басқа қалалардағы қирандылар туралы кадрларды көрмеді деп ойласа керек. Арнольд "орыс халқына деген сүйіспеншілік сезімін" білдіре отырып, орыстардың ауыр атлетшісі Юрий Власовпен кездесуі туралы естелік жазды. Алайда Шварценеггер өзінің бала кездегі пір тұтқан спортшысы туған Макеевка қаласында сегіз жылдан бері не болып жатқанынан бейхабар екені анық. Бүгінде бұл қалада балабақша, мектеп, аурухана – бәрі оқ астында қалған.Борис Дожонсон ресейлік көрермен немесе оқырман Бучадағы жағдай туралы мүлде естіп-көрмеген деп санайды. Ол ақиқатты білу үшін орыстарға VPN қосып, британ баспасөзін оқуға кеңес берді."Бірақ тек ресейлік БАҚ қана алғашқы дереккөзге, соның ішінде украин дереккөздеріне сілтеме жасап, Киев маңындағы қалада болған оқиғаны егжей-тегжейлі анықтап, тәптіштеп шолу жасап жазып жатыр. Жан түршіктірерлік кадрларға Ресейдегідей Батыстағы ешбір БАҚ шолу жасаған жоқ. Өйткені мұндай шолу қантөгіске ресейлік әскердің қатысы жоқ екеніне көз жеткізер еді", - дейді мақала авторы.Мысалы, Буча мэрінің қала орыстардан азат етілгені туралы 31 наруыздағы мәлімдемесін, дәл осы шенеунік украин полиция жасағымен бірге 1 сәуірде қала орталығында тұрғаны туралы кадрларды тек ресейліктер көрсетіп жатыр. Украина Ұлттық гвардиясының Бучаны азат еткені туралы 2 сәуірде түсірілген видеосын ресейлік БАҚ қана таратып жатыр. Ал Шварцнеггер мен Джонсонның көкейінде осы ақпаратты неге батыс аудиториясынан жасырып отырғаны туралы сауал тумаса керек.Ресейдегі БАҚ қана көшедегі мәйіттер кемінде 19 наурыздан бері жатқаны туралы The New York Times ұсынған Бучада түсірілген суреттерді де талдады. Сондықтан сәйкесінше неге мәйіттер ауа температурасының жоғары болуына байланысты иістеніп, шірімеген деген сауал туындап, ресейліктер Киев пен оның маңындағы аймақтарда болған әр күндегі ауа температурасына талдау жасады. Сол сияқты егер бірнеше тәулік бойы жылы күнде көшеде жатқан мәйіттің жанында журналистер қалай арнайы маскасыз жүргені туралы сұрақ туындады. Өйткені мәйіт иісі қолқаны жаратыны белгілі. Сол сияқты батыс аналитиктері екі аптадан астам уақыт бойы неге мерт болғандардың туыстары көмекке шақырып, полицияға жүгінбеген деген сұраққа бас қатырмады."Сондықтан Джонсон кеңесіне жүгініп, VPN қосқан орыстар Ресейде айтылмаған ақпаратты батыс баспасөзінен табуы екіталай. Ал британ көрермені русофобияны ысыра тұрып, ресейлік материалдармен танысса, көп шындықтың бетін ашар еді. Мұны жақсы түсініп отырған Лондон мен Вашингтон интернет кеңістігін Ресейден жеткен ақпараттан барынша тазалап жатыр", - деп жазылған материалда.Мақала авторы батыстағы БАҚ-та жалған ақпарат көп таралып жатқанын жазды. Мысалы, Daily Mirror британ басылымы ресейлік сарбаздар әйелді зорлағаны туралы ақпарат таратып, Мариупольдегі 18 мектептің жертөлесінен анықталған әйелдің мәйіті сурет жариялады. Бірақ дәл осы мектеп "Азов" содырларының базасына айналдырылған болатын. Бұл сурет үлкен шу тудырып, Ресейдің Тергеу комитеті 28 наурызда қылмыстық іс қозғады. Араға бір апта салып, Daily Mirror "бұл сурет нақты қай жерде түсірілгенін анықтау мүмкін болмады" деп жазды. Бірақ басылым кадр қайда түсірілгенін білмегенмен, ол қылмысты ресейліктер жасағанына сенімді екені таңғалдырады."Егер Лондон немесе Эдинбург тұрғынының Джонсон үкіметі бұғаттап тастаған ресейлік телеарналарды көруге мүмкіндігі болса, онда ол жертөледе қорлық көрген әйелмен қатар, жалпы Украина мен Донбастағы шынайы оқиға туралы хабардар болар еді", - деп түйіндеді мақала авторы.
https://sputnik.kz/20220310/ukraina-resey-syrtqy-ister-23431828.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/02/23228674_353:0:3084:2048_1920x0_80_0_0_f6bd983892cf19e15bdec044777b4f5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Соңғы уақытта Батыста орыс халқына тікелей үндеу арнау сәнге айналған секілді. Бұл дәстүрді екі апта бұрын Арнолдь Шварцнеггер бастаса, соңғы уақытта Ұлыбританиядағы БАҚ пен премьер Борис Джонсон да осы әдісті қолға алды. Daily Mirror газетінде орыс тілінде "Сіздер білуге тиіссіздер" деген атаумен мақала жарық көрді. Бұл Украина президенті Владимир Зеленскийдің күн сайын теледидар арқылы орыс халқына арнаған үндеуін есептемегенде, деп жазды
РИА Новости.Осы жалынды сөздердің авторлары Ресей тұрғындары Украинадағы жағдай туралы ақиқатты білу мүмкіндігінен айырылып отыр деген ойды ұстанатын көрінеді. Мысалы, Арнольд Шварценеггер "Мен сіздерге үндеу жолдап отырмын, себебі әлемде сіздерден жасырып отырған оқиғалар болып жатыр" десе, Борис Джонсон "Ресейліктер шындықты білуі білуге лайықты. Сіздер фактілерді білеу керексіздер" деді.
Ал Daily Mirror былай деп жазды: "Құрметті орыс досым. Біз сен Украинадағы соғыс туралы шындықты білгеніңді қалаймыз, сондықтан саған арнап жазып отырмыз. Біз Ресейде тәуелсіз баспасөз құралы жоқ екенін және сендерге Украинадағы соғыс туралы тек жалған ақпарат ұсынылып жатқанын да білеміз".
Егер олар расында да Ресей азаматтары әлем жаңалықтарынан алшақтатылған деп ойласа, онда олар Ресейдегі жағдайдан мүлдем бейхабар екені анық. Осы орайда өзін Прометей санап, орыстарға VPN аббревиатурасы туралы түсіндірген Борис Джонсонның әрекеті тіпті күлкілі.
Шварценеггер мен Ко орыстар Мариуполь немесе басқа қалалардағы қирандылар туралы кадрларды көрмеді деп ойласа керек. Арнольд "орыс халқына деген сүйіспеншілік сезімін" білдіре отырып, орыстардың ауыр атлетшісі Юрий Власовпен кездесуі туралы естелік жазды. Алайда Шварценеггер өзінің бала кездегі пір тұтқан спортшысы туған Макеевка қаласында сегіз жылдан бері не болып жатқанынан бейхабар екені анық. Бүгінде бұл қалада балабақша, мектеп, аурухана – бәрі оқ астында қалған.
Борис Дожонсон ресейлік көрермен немесе оқырман Бучадағы жағдай туралы мүлде естіп-көрмеген деп санайды. Ол ақиқатты білу үшін орыстарға VPN қосып, британ баспасөзін оқуға кеңес берді.
"Бірақ тек ресейлік БАҚ қана алғашқы дереккөзге, соның ішінде украин дереккөздеріне сілтеме жасап, Киев маңындағы қалада болған оқиғаны егжей-тегжейлі анықтап, тәптіштеп шолу жасап жазып жатыр. Жан түршіктірерлік кадрларға Ресейдегідей Батыстағы ешбір БАҚ шолу жасаған жоқ. Өйткені мұндай шолу қантөгіске ресейлік әскердің қатысы жоқ екеніне көз жеткізер еді", - дейді мақала авторы.
Мысалы, Буча мэрінің қала орыстардан азат етілгені туралы 31 наруыздағы мәлімдемесін, дәл осы шенеунік украин полиция жасағымен бірге 1 сәуірде қала орталығында тұрғаны туралы кадрларды тек ресейліктер көрсетіп жатыр. Украина Ұлттық гвардиясының Бучаны азат еткені туралы 2 сәуірде түсірілген видеосын ресейлік БАҚ қана таратып жатыр. Ал Шварцнеггер мен Джонсонның көкейінде осы ақпаратты неге батыс аудиториясынан жасырып отырғаны туралы сауал тумаса керек.
Ресейдегі БАҚ қана көшедегі мәйіттер кемінде 19 наурыздан бері жатқаны туралы The New York Times ұсынған Бучада түсірілген суреттерді де талдады. Сондықтан сәйкесінше неге мәйіттер ауа температурасының жоғары болуына байланысты иістеніп, шірімеген деген сауал туындап, ресейліктер Киев пен оның маңындағы аймақтарда болған әр күндегі ауа температурасына талдау жасады. Сол сияқты егер бірнеше тәулік бойы жылы күнде көшеде жатқан мәйіттің жанында журналистер қалай арнайы маскасыз жүргені туралы сұрақ туындады. Өйткені мәйіт иісі қолқаны жаратыны белгілі. Сол сияқты батыс аналитиктері екі аптадан астам уақыт бойы неге мерт болғандардың туыстары көмекке шақырып, полицияға жүгінбеген деген сұраққа бас қатырмады.
"Сондықтан Джонсон кеңесіне жүгініп, VPN қосқан орыстар Ресейде айтылмаған ақпаратты батыс баспасөзінен табуы екіталай. Ал британ көрермені русофобияны ысыра тұрып, ресейлік материалдармен танысса, көп шындықтың бетін ашар еді. Мұны жақсы түсініп отырған Лондон мен Вашингтон интернет кеңістігін Ресейден жеткен ақпараттан барынша тазалап жатыр", - деп жазылған материалда.
Мақала авторы батыстағы БАҚ-та жалған ақпарат көп таралып жатқанын жазды. Мысалы, Daily Mirror британ басылымы ресейлік сарбаздар әйелді зорлағаны туралы ақпарат таратып, Мариупольдегі 18 мектептің жертөлесінен анықталған әйелдің мәйіті сурет жариялады. Бірақ дәл осы мектеп "Азов" содырларының базасына айналдырылған болатын. Бұл сурет үлкен шу тудырып, Ресейдің Тергеу комитеті 28 наурызда қылмыстық іс қозғады. Араға бір апта салып, Daily Mirror "бұл сурет нақты қай жерде түсірілгенін анықтау мүмкін болмады" деп жазды. Бірақ басылым кадр қайда түсірілгенін білмегенмен, ол қылмысты ресейліктер жасағанына сенімді екені таңғалдырады.
"Егер Лондон немесе Эдинбург тұрғынының Джонсон үкіметі бұғаттап тастаған ресейлік телеарналарды көруге мүмкіндігі болса, онда ол жертөледе қорлық көрген әйелмен қатар, жалпы Украина мен Донбастағы шынайы оқиға туралы хабардар болар еді", - деп түйіндеді мақала авторы.