https://sputnik.kz/20220419/musirepov-qonaev-muzey-zhondeu-24310185.html
Мүсірепов пен Қонаев музейлері күрделі жөндеуден өтті
Мүсірепов пен Қонаев музейлері күрделі жөндеуден өтті
Sputnik Қазақстан
19 сәуірде жөндеуден өткен екі нысанның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-19T15:47+0500
2022-04-19T15:47+0500
2022-04-19T16:08+0500
мәдениет
алматы
дінмұхамед қонаев
ғабит мүсірепов
музей
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24311394_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ea75b990358547070deefa87fc8cedc2.jpg
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай қос қайраткер тұрған үйлерге ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 19 сәуірде жөндеуден өткен екі нысанның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты. Қонаевтың музей-үйі Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйінің реставрациядан кейін ашылуына Қонаевтың Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Эльдар Қонаев, жиені Диар Қонаев, оның жеке дәрігері Ахат Мулюков, досы әрі серіктесі Александр Гойколов қатысты. Қалпына келтіру жұмыстары барысында мұражай заманауи цифрлық және мультимедиялық технологиямен жабдықталды, келушілер енді аудио нұсқаулықтарды қолдана алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болу үшін екінші қабатқа лифт орнатылды. Жұмыс барысында барлық экспонаттар, соның ішінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары бұрынғы қалпында сақталған. Бұл музей 2002 жылы Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған. Мұнда қазір 8 196 экспонат бар. Айта кетері, Sputnik Қазақстан тілшілері 2021 жылы Қонаев музейінен арнайы фотолента жариялады. Толық жөндеуден өткен Мүсірепов үйі Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов тұрған үй де жөндеуден өтті. Музейдің ашылуына жазушының қыздары – Гүлнар мен Гаухар Мүсіреповалар келді. "Күрделі жөндеуден, модернизациядан және реэкспозициядан кейін Ғабит Мүсірепов музейі еліміздегі алғашқы заманауи мультимедиялық әдеби орталыққа айналады. Реконструкция және реэкспозиция бойынша жүргізілген кешенді жұмыс жыл сайын мұражайға келушілер санын екі есеге – 22 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланған", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта. Ғабит Мүсірепов музей-үйіндегі әдеби зал қайта жасақталды. Стендтерде жазушының отбасы, балалық шағы, білімі, әдеби жолдың басталуы туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов жазған "Амангелді", "Қыз Жібек", "Бір рет және өмір бойы", "Қауын" фильмдерін көрсету үшін арнайы кинозал ашылды. Айта кетері, Ғабит Мүсірепов өмірінің соңғы 18 жылын өткізген пәтер 1991 жылы ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бір бөлігі ретінде мұражайға айналған. 1999 жылдан бастап нысан Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені болып қайта құрылды. 2015 жылдан бастап қала әкімдігіне қарайды. Музей-үйдің алаңы 114,6 шаршы метр. 2 мемориалдық бөлме, 1 әдеби зал бар. Музейдің бір жыл бұрынғы келбетін мына жерден көруге болады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/13/24311394_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cefcab2c79bc7e8351902b9909b7221f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дінмұхамед қонаев, ғабит мүсірепов, музей
алматы, дінмұхамед қонаев, ғабит мүсірепов, музей
Мүсірепов пен Қонаев музейлері күрделі жөндеуден өтті
15:47 19.04.2022 (жаңартылды: 16:08 19.04.2022) 19 сәуірде жөндеуден өткен екі нысанның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты
АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай қос қайраткер тұрған үйлерге ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
19 сәуірде жөндеуден өткен екі нысанның ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйінің реставрациядан кейін ашылуына Қонаевтың Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Эльдар Қонаев, жиені Диар Қонаев, оның жеке дәрігері Ахат Мулюков, досы әрі серіктесі Александр Гойколов қатысты.
Қалпына келтіру жұмыстары барысында мұражай заманауи цифрлық және мультимедиялық технологиямен жабдықталды, келушілер енді аудио нұсқаулықтарды қолдана алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болу үшін екінші қабатқа лифт орнатылды.
Жұмыс барысында барлық экспонаттар, соның ішінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары бұрынғы қалпында сақталған. Бұл музей 2002 жылы Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған. Мұнда қазір 8 196 экспонат бар. Айта кетері, Sputnik Қазақстан тілшілері 2021 жылы Қонаев музейінен арнайы
фотолента жариялады.
Толық жөндеуден өткен Мүсірепов үйі
Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов тұрған үй де жөндеуден өтті. Музейдің ашылуына жазушының қыздары – Гүлнар мен Гаухар Мүсіреповалар келді.
"Күрделі жөндеуден, модернизациядан және реэкспозициядан кейін Ғабит Мүсірепов музейі еліміздегі алғашқы заманауи мультимедиялық әдеби орталыққа айналады. Реконструкция және реэкспозиция бойынша жүргізілген кешенді жұмыс жыл сайын мұражайға келушілер санын екі есеге – 22 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланған", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Ғабит Мүсірепов музей-үйіндегі әдеби зал қайта жасақталды. Стендтерде жазушының отбасы, балалық шағы, білімі, әдеби жолдың басталуы туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов жазған "Амангелді", "Қыз Жібек", "Бір рет және өмір бойы", "Қауын" фильмдерін көрсету үшін арнайы кинозал ашылды.
Айта кетері, Ғабит Мүсірепов өмірінің соңғы 18 жылын өткізген пәтер 1991 жылы ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бір бөлігі ретінде мұражайға айналған. 1999 жылдан бастап нысан Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені болып қайта құрылды.
2015 жылдан бастап қала әкімдігіне қарайды. Музей-үйдің алаңы 114,6 шаршы метр. 2 мемориалдық бөлме, 1 әдеби зал бар. Музейдің бір жыл бұрынғы келбетін
мына жерден көруге болады.