Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев өмірінің соңында қайда тұрды – фото

Жазылу
Алматы қаласында Төлебаев көшесінде орналасқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей  2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдық мерейтойына арнап ашылған

Музей екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта қоғам қайраткерінің өмірбаяны көрсетілген. Бұл ғимарат бір кездері композиторлар үйі болған, ал екінші қабатында композитор Латиф Хамидидің төрт бөлмелі пәтері орналасқан.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Алматы қаласында туған. Қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Қонаев пен анасы Зәуре Шымболатова екеуі 70 жыл қиындықта да, қуанышта да бірге болған. Анасы 11 бала дүниеге әкелген, ал Дінмұхамед Ахметұлы отбасында үшінші бала, ұлдың ішінде тұңғышы.

1931-36 жылдар аралығында Дінмұхамед Ахметұлы Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Оқуды тәмамдаған соң Балқаш мыс қорыту комбинатына бұрғылау станогының машинисі болып жұмысқа орналасады. 

Дінмұхамед Қонаев 1937 жылы болашақ жары, татар қызы Зухра Шәріпқызын кездестіреді. Екеуі 1939 жылы шаңырақ көтерген.

Ол соғыс жылдарында үкімет басында қызмет етті. 1942-1952 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1952 жылы Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 

1955 жылы Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды. Бұл қызметті бес жыл атқарды. Бес жылдан кейін Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне келді. 1960-1986 жылдары осы қызметті атқарды.

Оқи отырыңыз: Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өмірінің соңында қайда тұрды – фото

Алматыдағы мұражай екі нысаннан тұрады. Бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұрған үй. Ол Қонаевтың мемориалды пәтері деп аталады. Осыдан 9 жыл бұрын, 2012 жылдың 12 қаңтарында мемлекет қайраткерінің 100 жылдық мерейтойына байланысты ашылған. Қонаев мұнда 1969-1993 жыл аралығында тұрған.

Дінмұхамед Қонаевтың артында ұрпақ қалмады. Алайда інісі Асқардың баласы Диар мұрагері саналады. 1990 жылы Дінмұхамед Ахметұлының жары Зухра Шәріпқызы дүниеден өтті. Сол кезде Димекең үйде жалғыз қалмасын деген оймен Диар Асқарұлы Қонаев жұбайы, ұлы Димашпен бірге қазіргі Төлебаев көшесінде орналасқан үйге көшіп барған.

1993 жылы 81 жасында Дінмұхамед Қонаев дүниеден өтті. Диар Асқарұлы 2012 жылы үйді үкіметке өткізді.

Музей қазір Алматы қаласы мәдениет басқармасы "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" құрамына кіреді.

Екі мұражайға кіру құны ересектер үшін – 800 теңге, студенттерге – 300 теңге, оқушыларға – 200 теңге, зейнеткерлер үшін 100 теңге.

© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей 2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арнап салтанатты түрде ашылды. Музей Алматы қаласында Төлебаев, 117 мекенжайында орналасқан.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
1/30
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музей 2002 жылдың 12 қаңтарында мемлекет және қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арнап салтанатты түрде ашылды. Музей Алматы қаласында Төлебаев, 117 мекенжайында орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында қоғам қайраткерінің өмірбаяны бар. Бұл ғимарат бір кездері композиторлар үйі болған, ал екінші қабатында композитор Латиф Хамидидің төрт бөлмелі пәтері орналасқан.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
2/30
Музей екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында қоғам қайраткерінің өмірбаяны бар. Бұл ғимарат бір кездері композиторлар үйі болған, ал екінші қабатында композитор Латиф Хамидидің төрт бөлмелі пәтері орналасқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Алматы қаласында туған. Қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Қонаев пен анасы Зәуре Шымболатова екеуі 70 жыл бірге өмір сүрген. Анасы 11 бала дүниеге әкелген. Дінмұхамед Ахметұлы отбасында үшінші бала, ұлдың ішінде тұңғышы.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
3/30
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Алматы қаласында туған. Қарапайым, шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Қонаев пен анасы Зәуре Шымболатова екеуі 70 жыл бірге өмір сүрген. Анасы 11 бала дүниеге әкелген. Дінмұхамед Ахметұлы отбасында үшінші бала, ұлдың ішінде тұңғышы.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаевтың ататегі. Ол ұлы жүздің ысты руынан шыққан. Аталарының бәрі 90-ға дейін өмір сүрген. Атасы Жұмабай екі рет Меккеге жаяу барған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
4/30
Қонаевтың ататегі. Ол ұлы жүздің ысты руынан шыққан. Аталарының бәрі 90-ға дейін өмір сүрген. Атасы Жұмабай екі рет Меккеге жаяу барған.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Ахметұлы Мәскеудегі түсті металл институтына оқуға түскен. Ол жерде 1931-36 жылдар аралығында оқыған. Оқуды тәмамдаған соң Балқаш мыс қорыту комбинатына бұрғылау станогының машинисі болып жұмысқа орналасқан. Фотода Балқаш мыс қорыту зауытының алғашқы мыс үлгісі, 1939 жыл.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
5/30
Дінмұхамед Ахметұлы Мәскеудегі түсті металл институтына оқуға түскен. Ол жерде 1931-36 жылдар аралығында оқыған. Оқуды тәмамдаған соң Балқаш мыс қорыту комбинатына бұрғылау станогының машинисі болып жұмысқа орналасқан. Фотода Балқаш мыс қорыту зауытының алғашқы мыс үлгісі, 1939 жыл.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаев 1937 жылы болашақ жары Зухра Шәріпқызын кездестірген. Екеуі 1939 жылы шаңырақ көтерген. Фото 1939 жылы түсірілген.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
6/30
Дінмұхамед Қонаев 1937 жылы болашақ жары Зухра Шәріпқызын кездестірген. Екеуі 1939 жылы шаңырақ көтерген. Фото 1939 жылы түсірілген.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаевтың әкесі балаларының аяқ киімін өзі жамаған. Әкесі Меңліахметтің аяқ киім жөндейтін құрал-жабдығы. Бұйым таза болаттан жасалған, қаз-қалпында сақтаулы тұр
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі - Sputnik Қазақстан
7/30
Қонаевтың әкесі балаларының аяқ киімін өзі жамаған. Әкесі Меңліахметтің аяқ киім жөндейтін құрал-жабдығы. Бұйым таза болаттан жасалған, қаз-қалпында сақтаулы тұр
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаев 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Оның барлық ғылыми жұмысы Қонаев мұражайында тұр.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
8/30
Қонаев 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Оның барлық ғылыми жұмысы Қонаев мұражайында тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаев соғыс жылдарында үкімет басында қызмет етті. 1942-1952 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1952 жылы Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 1955 жылға дейін академияның басшысы қызметін атқарды.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
9/30
Қонаев соғыс жылдарында үкімет басында қызмет етті. 1942-1952 жылы Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1952 жылы Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 1955 жылға дейін академияның басшысы қызметін атқарды.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаев 1972 жылы орақ пен балға, алтын жұлдыз бейнеленген "Социалистік еңбек ері" медалімен марапатталған. Бұл кезде Қонаев 60 жаста болған. Дәл осы марапатты 1976 жылы екінші рет, 1982 жылы үшінші рет алған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
10/30
Қонаев 1972 жылы орақ пен балға, алтын жұлдыз бейнеленген "Социалистік еңбек ері" медалімен марапатталған. Бұл кезде Қонаев 60 жаста болған. Дәл осы марапатты 1976 жылы екінші рет, 1982 жылы үшінші рет алған.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Ахметұлының жеке заттары. Оның ішінде қолданған сабыны, көзілдірік, оятқыш, есептегіші бар.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
11/30
Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары. Оның ішінде қолданған сабыны, көзілдірік, оятқыш, есептегіші бар.
© Sputnik / Тимур Батыршин1955-1960 жылдары Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болып тұрған кездегі жұмыс үстелі. Бұл үстелді бұрынғы үкімет үйінің жертөлесінде тұрған жерінен музейге Заманбек Нұрқаділов тапсырған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
12/30
1955-1960 жылдары Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болып тұрған кездегі жұмыс үстелі. Бұл үстелді бұрынғы үкімет үйінің жертөлесінде тұрған жерінен музейге Заманбек Нұрқаділов тапсырған.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың костюмі.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
13/30
Дінмұхамед Қонаевтың костюмі.
© Sputnik / Тимур БатыршинЕкінші нысан – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұрған үй. Ол Қонаевтың мемориалды пәтері деп аталады. Осыдан 9 жыл бұрын, 2012 жылдың 12 қаңтарында 100 жылдық мерейтойына арнайы ашылған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
14/30
Екінші нысан – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев тұрған үй. Ол Қонаевтың мемориалды пәтері деп аталады. Осыдан 9 жыл бұрын, 2012 жылдың 12 қаңтарында 100 жылдық мерейтойына арнайы ашылған.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың артында ұрпақ қалмаған. Алайда інісі Асқардың баласы Диар мұрагері саналады. 1990 жылы Дінмұхамед Ахметұлының жары Зухра Шәріпқызы дүниеден өтті. Сол кезде Димекең үйде жалғыз қалмасын деген оймен Диар Асқарұлы Қонаев жұбайы, ұлы Димашпен бірге қазіргі Төлебаев көшесінде орналасқан үйіне көшіп барған. 1993 жылы 81 жасында Дінмұхамед Қонаев дүниеден өтеді. Диар Асқарұлы сол үйдің мұрагері болып қалды. Диар Асқарұлы 2012 жылға дейін 18 жыл сол үйде тұрған. 2012 жылы үйді үкіметке өткізген.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
15/30
Дінмұхамед Қонаевтың артында ұрпақ қалмаған. Алайда інісі Асқардың баласы Диар мұрагері саналады. 1990 жылы Дінмұхамед Ахметұлының жары Зухра Шәріпқызы дүниеден өтті. Сол кезде Димекең үйде жалғыз қалмасын деген оймен Диар Асқарұлы Қонаев жұбайы, ұлы Димашпен бірге қазіргі Төлебаев көшесінде орналасқан үйіне көшіп барған. 1993 жылы 81 жасында Дінмұхамед Қонаев дүниеден өтеді. Диар Асқарұлы сол үйдің мұрагері болып қалды. Диар Асқарұлы 2012 жылға дейін 18 жыл сол үйде тұрған. 2012 жылы үйді үкіметке өткізген.
© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurҚонаев өмірбойы қызметтік көлікпен жүрген. Тек 1992 жылы Жанат Байқошқаров Pontiac Grand Prix көлігін сыйға тартқан. Бұл көлікті мұражайға халықаралық Қонаев қорының президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев тапсырған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
16/30
Қонаев өмірбойы қызметтік көлікпен жүрген. Тек 1992 жылы Жанат Байқошқаров Pontiac Grand Prix көлігін сыйға тартқан. Бұл көлікті мұражайға халықаралық Қонаев қорының президенті Эльдар Асқарұлы Қонаев тапсырған.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жұмыс үстелі.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
17/30
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жұмыс үстелі.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖұмыс үстеліндегі қолжазба.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
18/30
Жұмыс үстеліндегі қолжазба.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚонаевтың жеке жұмыс бөлмесінде бес мыңнан аса кітап бар. Оның ішінде әртүрлі жанр, әртүрлі салаға қатысты кітапты кездестіруге болады.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
19/30
Қонаевтың жеке жұмыс бөлмесінде бес мыңнан аса кітап бар. Оның ішінде әртүрлі жанр, әртүрлі салаға қатысты кітапты кездестіруге болады.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың жиен қарындасы Жәннат Дәулетқызының айтуынша, мемориалды пәтер ішінде 450-ге жуық оттық бар. Ресми кездесу аяқталғаннан кейін сол елге іс-сапармен барған адамға ресми сыйлық берілген. Қонаевпен кездесуден кейін көп адам мемлекет қайраткері қолдануы мүмкін деген затты сыйлауға тырысқан. Не сыйлауға болатынын алдын ала сұрастырған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
20/30
Дінмұхамед Қонаевтың жиен қарындасы Жәннат Дәулетқызының айтуынша, мемориалды пәтер ішінде 450-ге жуық оттық бар. Ресми кездесу аяқталғаннан кейін сол елге іс-сапармен барған адамға ресми сыйлық берілген. Қонаевпен кездесуден кейін көп адам мемлекет қайраткері қолдануы мүмкін деген затты сыйлауға тырысқан. Не сыйлауға болатынын алдын ала сұрастырған.
© Sputnik / Тимур Батыршин1956 жылы Ұлыбританияға сапары кезінде Дінмұхамед Қонаевқа сол елдің премьер-министрі Энтони Иден Шекспирдің екі томдығы бейнесіндегі оттық сыйлаған.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
21/30
1956 жылы Ұлыбританияға сапары кезінде Дінмұхамед Қонаевқа сол елдің премьер-министрі Энтони Иден Шекспирдің екі томдығы бейнесіндегі оттық сыйлаған.
© Sputnik / Тимур БатыршинАрасында Жапонияның премьер-министрі, Мысыр президенті, АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің отбасы сыйға тартқан оттық бар.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
22/30
Арасында Жапонияның премьер-министрі, Мысыр президенті, АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің отбасы сыйға тартқан оттық бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың қарындасының қызы.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
23/30
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасының қызы.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызы тұрған үй бүгінге дейін сол қалпын сақтап келеді.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
24/30
Дінмұхамед Қонаев пен Зухра Шәріпқызы тұрған үй бүгінге дейін сол қалпын сақтап келеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖатын бөлмесі.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
25/30
Жатын бөлмесі.
© Sputnik / Тимур БатыршинЗухра Шәріпқызы қолөнермен айналысқан. Үйінің ішіндегі жастықтың бәрін өзі тіккен. 1990 жылы Зухра Шәріпқызы дүниеден өткен кезде Димекең оның киімдерін таратпаған, оның орнына жары тоқыған заттарды сыйға тартқан. Фотода екеуі отбасы құрған кезде тігілген жастық.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
26/30
Зухра Шәріпқызы қолөнермен айналысқан. Үйінің ішіндегі жастықтың бәрін өзі тіккен. 1990 жылы Зухра Шәріпқызы дүниеден өткен кезде Димекең оның киімдерін таратпаған, оның орнына жары тоқыған заттарды сыйға тартқан. Фотода екеуі отбасы құрған кезде тігілген жастық.
© Sputnik / Тимур БатыршинДінмұхамед Қонаевтың ең сүйікті сыйлығының бірі. Себебі мұны алматылық оқушылар өздері жасап, сыйға тартқан.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
27/30
Дінмұхамед Қонаевтың ең сүйікті сыйлығының бірі. Себебі мұны алматылық оқушылар өздері жасап, сыйға тартқан.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖібектен тоқылған Қонаевтың суреті.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
28/30
Жібектен тоқылған Қонаевтың суреті.
© Sputnik / Тимур БатыршинМузей қызметкерлерінің айтуынша, мұнда келетіндер саны көп. Музейге кіру құны да қолжетімді. Келген қонақтар өзінің тілегін, ойын жазып қалдыра алады.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
29/30
Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұнда келетіндер саны көп. Музейге кіру құны да қолжетімді. Келген қонақтар өзінің тілегін, ойын жазып қалдыра алады.
© Sputnik / Тимур Батыршин2020 жылдың қыркүйегінде музейге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келген. Фотода Димаш Құдайбергеннің жылы лебізі жазылған кітап.
Дінмұхамед Қонаевтың музей-үйі  - Sputnik Қазақстан
30/30
2020 жылдың қыркүйегінде музейге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген келген. Фотода Димаш Құдайбергеннің жылы лебізі жазылған кітап.
Жаңалықтар
0