https://sputnik.kz/20220407/ukrainada-orys-tilinin-tagdyry-ne-bolmaq-24081857.html
Украинада орыс тілінің тағдыры не болмақ
Украинада орыс тілінің тағдыры не болмақ
Sputnik Қазақстан
Украина батысында ұлтшылдар босқындардан білмесе де тек украин тілінде сөйлеуді талап етіп жатыр. Елде орыс тілінде сөйлеу қауіпті бола бастады. Осы жағдайға... 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T19:08+0500
2022-04-07T19:08+0500
2022-04-08T15:29+0500
тіл
https://sputnik.kz/img/828/99/8289985_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_9494b10269a43d57dfa08c7273612fd6.jpg
Украина батысында ұлтшылдар босқындардан білмесе де тек украин тілінде сөйлеуді талап етіп жатыр. Елде орыс тілінде сөйлеу қауіпті бола бастады. Осы жағдайға қатысты Алексей Стефанов сарапшылар пікірін анықтады.Бірнеше күн бұрын "Львов политехника" Ұлттық университетінің Халықаралық білім беру, мәдениет және диаспорамен байланыс институты уақытша қоныс аударған азаматтарға арналған үндеуді жариялады. Құжатқа халықаралық институттың ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Назар Данчишин қол қойған."Қорған болғаны үшін біздің қалаға қалай алғыс айтасыздар? Оның жолы оңай. Украин тілінде сөйлеңіздер. Жария жұлт алдында және шамаңыз жеткенше украин тілінде ғана сөйлеңіз", - деп жазылған үндеуде.Украинадағы БАҚ 100 жыл бұрын Таганрог немесе Белгород украин Приазовья немесе Слобожанщина бөлігі болғанын, "орыс тілінің үстемдік орнатуы салдарынан" ресейлік аумаққа айналғанын жазып жатыр. Саясаткерлер "Тіл – біздің қаруымыз" деген ұранды ұстанып жатыр.Орыс тілі мен орыс мәдениетін алалау Украинада түрлі-түстілер революциясынан біраз бұрын басталды. Бірақ 2014 жылғы мемлекеттік көтерілістен кейін ол қауіпті ұлтшылдық сипатқа ие болды. Заңнамалық деңгейде орыс тілін ығыстыру "Білім беру туралы" (2017) және "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуы туралы" (2019) заңдарда бекітілген. Әдістеме енгізілгеннен кейін Украинада украин тілінде сөйлемейтін азаматтардың ізіне түсіп, оларды қудалайтын тіл патрульдері қалыпты құбылысқа айналды."Украинаны Еуроодақта солардың қатарына қосылғысы келетін елдермен салыстырайық. Мысалы, Словакиямен. Орыстардың емес, Украина мен Словакиядағы венгрлердің жағдайын салыстырып көрейік. Украинада венгрлер өздері тұратын ауданддарда венгр тілі ресми тіл мәртебесіне ие емес екеніне шағымданады. Бірақ еуропалық нормаларға сәйкес, халықтың 20% немесе одан да көп бөлігі белгілі бір тілде сөйлейтін болса, онда сол ауданда сол тілді қолдану керек. Ал Словакияда венгр мектептері ғана емес, тұтастай венгр университеті бар", - дейді Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті шетелдік өңіртану және сыртқы саясат кафедрасының оқытушысы Вадим Трухачев.Бұл мысал Украина Еуропаның азшылық халықтың тілдері туралы хартияда қарастырылған туған тілде білім алу құқығы туралы басты қағидасын бұзып отырғанын көрсетеді.Сондай-ақ орыс тілін азшылық халық тілі деп атау тіпті қисынға келмейді."Украина тәуелсізідігінің 30 жылында орыс мектептері мен оқу орындары тоқтаусыз жабылумен болды. Көп техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша терминология украин тілінде болмады. Сондықтан орыс тілінде сөйлеуге тура келді. Одан кейін бұл ығыстыру қоғамдық өмірде де көрініс берді: интернеттегі парақшаның бірінші беті міндетті түрде украин тілінде болуы қажет болды. Оған дейін орыс тілді баспаның жұмысын тоқтатты. Орыс тіліндегі әдебиетке толықтай тыйым салды", - дейді сарапшы.Вадим Трухачев қазіргі украин тіл нормаларын немістер оккупациялаған Чехиядағы нацистердің әрекетімен салыстыруға болатынын айтты.Украинада тіл бойынша халық санағы 2001 жылдан бері жүргізілмеген және сол шақта да сандар бұрмаланған. Әйтпесе Киев тұрғынарының 72%-і туған тілін украин тілі, ал 28%-і орыс тілі деп атап көрсеткені шындыққа жанаспайтынын айтты Трухачев."Киевке келіп, айала зер салып, құлақ түру жеткілікті болды. Себебі адамдардың 72%-і орыс, 28%-і украин тілінде сөйлегенін көресіз", - деді сарапшы. Ол Украинада тіл патрулімен мемлекеттік құрылымдар емес, белсенділер айналысып жатқаны және биліктің солардың ығына жығылуы жағдайды өршітіп жібергенін айтты.Ал саясаттанушы Владимир Симиндей осы бағытта Украина Балтық маңы елдерін үлгі етіп отырғанын атап өтті."Қоғамдық салада, білім беру саласында орыс тілін толық ығыстыру бойынша украин билігінің іс-әрекетіне жүргізілген талдау орыс және орыс тілді халықтың құқығын шектеумен байланысты Балтық маңы елдерінің тәжірибесі украин үкіметі үшін үлгіге айналғанын көрсетті. Бұл жай ғана шеттегі мысал емес, тікелей басшылыққа алатын әдістеме болды", - дейді саясаттанушы Владимир Симиндей.Сарапшының айтуынша, Балтық маңы елдерінің сарапшылары қандай әкімшілік-саяси қадамдар арқылы орыс тілді халыққа жылдам әрі "сапалы" қысым көрсету, оны төмендету, заңды құқықтарынан айыру және заңды мүддесін жаншуға болатынын көрсетті."90 және 2000 жылдардың басында Латвия мен Эстонияда қолданылған әдістер жақында ғана Украинаның білім беру, еңбек нарығын реттеу, тіл аспектілері жүйесінде қолданылғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар Латвия мен Эстониядағыдай Донбасс халқы үшін "азаматтығы жоқтар" институтын құру туралы бастама Жоғарғы радада жиі айтылды. Бұл Луганск пен Донецк тұрғындарының саяси еркіндігін толығымен жоюға мүмкіндік берер еді", - дейді саясаттанушы.Владимир Симиндей Украинадағы тіл партульдерінің жұмыс істеу ұстанымын Балтық маңы елдеріндегі осы тектес тексерулермен салыстырды. Мұнда "тіл ортасын бақылауға арналған мемлекеттік мекемелер" жұмыс істейді."Бұл сыртқы жарнама, хабарландырулар, ақпараттық тақтайшалардан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді қолдануды бақылауды да қамтиды. Мысалы, Латвияда Мемлекеттік тіл орталығы сәйкес ұйымның инспекторы ұсынған шағым бойынша көрсетілген орынға келіп, сол мекемедегі қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін тексереді. Егер тіл білу деңгейі жеткіліксіз болса, онда мекеме мен қызметкерге айыппұл салынып, ол кезектен тыс емтиханда тілді белгілі бір деңгейде білетінін дәлелдеуі қажет болады", - деп түсіндірді саясаттанушы.Ал Украинада тіл патрулін мемлекеттік органдар емес, ұлтшылдық қағидаларын ұстанатын топтар жүргізіп, олар дүкендегі сатушыларға тиісіп, осының барлығын видеоға түсірумен айналысқан.Ресей Журналистер одағының халықаралық бөлімінің басшысы Тимур Шафир Украинадағы қазіргі жағдайға о баста-ақ орыс тілін шеттету түрткі болғанын айтты."Сегіз жыл бұрынғы төңкеріс, украин мемлекеті мен украин қоғамының толық қайта қалыптасуына алып келген негізгі себеп Украинадағы орыс тілін алалау екені анық байқалады. Ақырында, қазір жүріп жатқан арнайы әскери операцияны қоса алғанда бүгінгі оқиғалардың барлығы орыс тілі мен орыс тілінде сөйлейтіндерді құқығынан, мәртебесінен, болашағынан айыру басталып отыр", - деді Тимур Шафир.Ол ондаған жыл бойы орыс тілі Балтық елдерінің қоғамдық, сяаси және медиа кеңістігінен ығыстырылып жатқанын айтты. Сарапшы мысал ретінде журналистеріне қатысты қылмыстық қудалау жүргізіп, басылымның жабылуына алып келген Sputnik Эстонияға байланысты жағдайды атады. Ол бұл қатарда RT телеарнасын Балтық елдерінен шеттетуі де бар екенін атап өтті."Украинада бұл жағдай адам ақылына қонбайтын деңгейге дейін ушықты. Себебі бұл халқының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейтін мемлекет еді. Орыс тілі жай ғана туған тіл емес, мәдениет, орыстілді әлеммен байланыс құралы болды. Олар бұл байланысты бір түнде-ақ үзіп тастады", - дейді Шариф.Оның пікірінше, орыс тілі Еуропа мен әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты көзқарасы ұқсас адамдарды біріктіретін құралға айналғандықтан, оны ығыстыру мен алалау басталды. Тимур Шариф бұл процесс кеше немесе сегіз жыл бұрын емес, әлдеқайдан бұрын басталғанын және ол үшін ауқымды қаражат жұмсалғанын атап өтті.Белгілі украин саяси қайраткері, Жоғарғы раданың бірнеше шақырылымының депутаты Олег Царев Украинада орыстарға ауыр қысым көрсету Виктор Ющенко президент болған 2005-2010 жылдар аралығында басталды деп есептейді."Янукович кезінде вице-премьер, білім және ғылыми министрі Дмитрий Табачниктің арқасында көп шара қолданылды, бірақ көбі аяғына жеткізілген жоқ. Мысалы, кинотеатрларда фильмдер міндетті түрде украин тілінде көрсетілді. Сол кезде көп адам үй кинотеатрын сатып алды. Ал Порошенко мен Зеленскийдің кезінде орыс тілін ашық ығыстыру жүрді", - деп санайды саясаттанушы.Ол байланыс саласында, бизнесте орыс тіліне заң жүзінде тыйым салынды, балабақша мен мектепте де оған шектеу енгізілгенін атап өтті."Егер Ресеймен қандай да бір бітімгершілік келісім немесе тағы басқа әрекет нәтижесінде Киевтегі қазіргі режим сақталса, Украинадағы орыс тіліне толық тыйым салынатыны сөзсіз. Сол кезде Украинада орыс тілді азаматтар мен орыстарды қудалау бұдан да қатаң сипатта жүргізіледі", - деп сенім білдірді Олег Царев.
https://sputnik.kz/20220201/resey-orys-tili-mugalim-22344917.html
https://sputnik.kz/20210609/kara-nasildi-azamat-til-tigizu-17297190.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/828/99/8289985_248:93:2855:2048_1920x0_80_0_0_7a0096216ac0a984f8dcc339a4659a52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіл
Украина батысында ұлтшылдар босқындардан білмесе де тек украин тілінде сөйлеуді талап етіп жатыр. Елде орыс тілінде сөйлеу қауіпті бола бастады. Осы жағдайға қатысты Алексей Стефанов сарапшылар пікірін анықтады.
Бірнеше күн бұрын "Львов политехника" Ұлттық университетінің Халықаралық білім беру, мәдениет және диаспорамен байланыс институты уақытша қоныс аударған азаматтарға арналған үндеуді жариялады. Құжатқа халықаралық институттың ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Назар Данчишин қол қойған.
"Қорған болғаны үшін біздің қалаға қалай алғыс айтасыздар? Оның жолы оңай. Украин тілінде сөйлеңіздер. Жария жұлт алдында және шамаңыз жеткенше украин тілінде ғана сөйлеңіз", - деп жазылған үндеуде.
Украинадағы БАҚ 100 жыл бұрын Таганрог немесе Белгород украин Приазовья немесе Слобожанщина бөлігі болғанын, "орыс тілінің үстемдік орнатуы салдарынан" ресейлік аумаққа айналғанын жазып жатыр. Саясаткерлер "Тіл – біздің қаруымыз" деген ұранды ұстанып жатыр.
Орыс тілі мен орыс мәдениетін алалау Украинада түрлі-түстілер революциясынан біраз бұрын басталды. Бірақ 2014 жылғы мемлекеттік көтерілістен кейін ол қауіпті ұлтшылдық сипатқа ие болды. Заңнамалық деңгейде орыс тілін ығыстыру "Білім беру туралы" (2017) және "Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуы туралы" (2019) заңдарда бекітілген. Әдістеме енгізілгеннен кейін Украинада украин тілінде сөйлемейтін азаматтардың ізіне түсіп, оларды қудалайтын тіл патрульдері қалыпты құбылысқа айналды.
"Украинаны Еуроодақта солардың қатарына қосылғысы келетін елдермен салыстырайық. Мысалы, Словакиямен. Орыстардың емес, Украина мен Словакиядағы венгрлердің жағдайын салыстырып көрейік. Украинада венгрлер өздері тұратын ауданддарда венгр тілі ресми тіл мәртебесіне ие емес екеніне шағымданады. Бірақ еуропалық нормаларға сәйкес, халықтың 20% немесе одан да көп бөлігі белгілі бір тілде сөйлейтін болса, онда сол ауданда сол тілді қолдану керек. Ал Словакияда венгр мектептері ғана емес, тұтастай венгр университеті бар", - дейді Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті шетелдік өңіртану және сыртқы саясат кафедрасының оқытушысы Вадим Трухачев.
Бұл мысал Украина Еуропаның азшылық халықтың тілдері туралы хартияда қарастырылған туған тілде білім алу құқығы туралы басты қағидасын бұзып отырғанын көрсетеді.Сондай-ақ орыс тілін азшылық халық тілі деп атау тіпті қисынға келмейді.
"Украина тәуелсізідігінің 30 жылында орыс мектептері мен оқу орындары тоқтаусыз жабылумен болды. Көп техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша терминология украин тілінде болмады. Сондықтан орыс тілінде сөйлеуге тура келді. Одан кейін бұл ығыстыру қоғамдық өмірде де көрініс берді: интернеттегі парақшаның бірінші беті міндетті түрде украин тілінде болуы қажет болды. Оған дейін орыс тілді баспаның жұмысын тоқтатты. Орыс тіліндегі әдебиетке толықтай тыйым салды", - дейді сарапшы.
Вадим Трухачев қазіргі украин тіл нормаларын немістер оккупациялаған Чехиядағы нацистердің әрекетімен салыстыруға болатынын айтты.
Украинада тіл бойынша халық санағы 2001 жылдан бері жүргізілмеген және сол шақта да сандар бұрмаланған. Әйтпесе Киев тұрғынарының 72%-і туған тілін украин тілі, ал 28%-і орыс тілі деп атап көрсеткені шындыққа жанаспайтынын айтты Трухачев.
"Киевке келіп, айала зер салып, құлақ түру жеткілікті болды. Себебі адамдардың 72%-і орыс, 28%-і украин тілінде сөйлегенін көресіз", - деді сарапшы. Ол Украинада тіл патрулімен мемлекеттік құрылымдар емес, белсенділер айналысып жатқаны және биліктің солардың ығына жығылуы жағдайды өршітіп жібергенін айтты.
Ал саясаттанушы Владимир Симиндей осы бағытта Украина Балтық маңы елдерін үлгі етіп отырғанын атап өтті.
"Қоғамдық салада, білім беру саласында орыс тілін толық ығыстыру бойынша украин билігінің іс-әрекетіне жүргізілген талдау орыс және орыс тілді халықтың құқығын шектеумен байланысты Балтық маңы елдерінің тәжірибесі украин үкіметі үшін үлгіге айналғанын көрсетті. Бұл жай ғана шеттегі мысал емес, тікелей басшылыққа алатын әдістеме болды", - дейді саясаттанушы Владимир Симиндей.
Сарапшының айтуынша, Балтық маңы елдерінің сарапшылары қандай әкімшілік-саяси қадамдар арқылы орыс тілді халыққа жылдам әрі "сапалы" қысым көрсету, оны төмендету, заңды құқықтарынан айыру және заңды мүддесін жаншуға болатынын көрсетті.
"90 және 2000 жылдардың басында Латвия мен Эстонияда қолданылған әдістер жақында ғана Украинаның білім беру, еңбек нарығын реттеу, тіл аспектілері жүйесінде қолданылғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар Латвия мен Эстониядағыдай Донбасс халқы үшін "азаматтығы жоқтар" институтын құру туралы бастама Жоғарғы радада жиі айтылды. Бұл Луганск пен Донецк тұрғындарының саяси еркіндігін толығымен жоюға мүмкіндік берер еді", - дейді саясаттанушы.
Владимир Симиндей Украинадағы тіл партульдерінің жұмыс істеу ұстанымын Балтық маңы елдеріндегі осы тектес тексерулермен салыстырды. Мұнда "тіл ортасын бақылауға арналған мемлекеттік мекемелер" жұмыс істейді.
"Бұл сыртқы жарнама, хабарландырулар, ақпараттық тақтайшалардан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді қолдануды бақылауды да қамтиды. Мысалы, Латвияда Мемлекеттік тіл орталығы сәйкес ұйымның инспекторы ұсынған шағым бойынша көрсетілген орынға келіп, сол мекемедегі қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін тексереді. Егер тіл білу деңгейі жеткіліксіз болса, онда мекеме мен қызметкерге айыппұл салынып, ол кезектен тыс емтиханда тілді белгілі бір деңгейде білетінін дәлелдеуі қажет болады", - деп түсіндірді саясаттанушы.
Ал Украинада тіл патрулін мемлекеттік органдар емес, ұлтшылдық қағидаларын ұстанатын топтар жүргізіп, олар дүкендегі сатушыларға тиісіп, осының барлығын видеоға түсірумен айналысқан.
Ресей Журналистер одағының халықаралық бөлімінің басшысы Тимур Шафир Украинадағы қазіргі жағдайға о баста-ақ орыс тілін шеттету түрткі болғанын айтты.
"Сегіз жыл бұрынғы төңкеріс, украин мемлекеті мен украин қоғамының толық қайта қалыптасуына алып келген негізгі себеп Украинадағы орыс тілін алалау екені анық байқалады. Ақырында, қазір жүріп жатқан арнайы әскери операцияны қоса алғанда бүгінгі оқиғалардың барлығы орыс тілі мен орыс тілінде сөйлейтіндерді құқығынан, мәртебесінен, болашағынан айыру басталып отыр", - деді Тимур Шафир.
Ол ондаған жыл бойы орыс тілі Балтық елдерінің қоғамдық, сяаси және медиа кеңістігінен ығыстырылып жатқанын айтты. Сарапшы мысал ретінде журналистеріне қатысты қылмыстық қудалау жүргізіп, басылымның жабылуына алып келген Sputnik Эстонияға байланысты жағдайды атады. Ол бұл қатарда RT телеарнасын Балтық елдерінен шеттетуі де бар екенін атап өтті.
"Украинада бұл жағдай адам ақылына қонбайтын деңгейге дейін ушықты. Себебі бұл халқының басым бөлігі орыс тілінде сөйлейтін мемлекет еді. Орыс тілі жай ғана туған тіл емес, мәдениет, орыстілді әлеммен байланыс құралы болды. Олар бұл байланысты бір түнде-ақ үзіп тастады", - дейді Шариф.
Оның пікірінше, орыс тілі Еуропа мен әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты көзқарасы ұқсас адамдарды біріктіретін құралға айналғандықтан, оны ығыстыру мен алалау басталды. Тимур Шариф бұл процесс кеше немесе сегіз жыл бұрын емес, әлдеқайдан бұрын басталғанын және ол үшін ауқымды қаражат жұмсалғанын атап өтті.
Белгілі украин саяси қайраткері, Жоғарғы раданың бірнеше шақырылымының депутаты Олег Царев Украинада орыстарға ауыр қысым көрсету Виктор Ющенко президент болған 2005-2010 жылдар аралығында басталды деп есептейді.
"Янукович кезінде вице-премьер, білім және ғылыми министрі Дмитрий Табачниктің арқасында көп шара қолданылды, бірақ көбі аяғына жеткізілген жоқ. Мысалы, кинотеатрларда фильмдер міндетті түрде украин тілінде көрсетілді. Сол кезде көп адам үй кинотеатрын сатып алды. Ал Порошенко мен Зеленскийдің кезінде орыс тілін ашық ығыстыру жүрді", - деп санайды саясаттанушы.
Ол байланыс саласында, бизнесте орыс тіліне заң жүзінде тыйым салынды, балабақша мен мектепте де оған шектеу енгізілгенін атап өтті.
"Егер Ресеймен қандай да бір бітімгершілік келісім немесе тағы басқа әрекет нәтижесінде Киевтегі қазіргі режим сақталса, Украинадағы орыс тіліне толық тыйым салынатыны сөзсіз. Сол кезде Украинада орыс тілді азаматтар мен орыстарды қудалау бұдан да қатаң сипатта жүргізіледі", - деп сенім білдірді Олег Царев.