Ресей елшілігі орыс тілі пәні мұғалімдері арасында байқау жариялады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтушколы закрыты на карантин из-за гриппа
школы закрыты на карантин из-за гриппа - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жазылу
Он жеңімпаз Ресейге экскурсияға бара алады
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Ресей елшілігі Қазақстандағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында байқау жариялады.
"Русский язык – новые горизонты" халықаралық байқауына өтінімдер қабылдау 1 ақпанда басталды. Оған Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарының мұғалімдері қатыса алады.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Алдымен өтінім беруші "Мой путь в профессию" деген тақырыпқа эссе жазып жібереді, сол арқылы қатысушының кәсібилігін анықтайды.
Содан кейін байқаудың екінші кезеңіне 30 қатысушы өтеді, олар өз сабағынан видео түрінді үзінді көрсетуі керек.
Шығармашылық сынақтардан басқа, конкурс аясында оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік семинар, сондай-ақ қазақстандық оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтеді.
Байқауға қатысушыларды бағалаумен қазылар алқасы айналысады, оның құрамына жоғары білікті ресейлік педагогтар мен филологтар кіреді.
"Русский язык – новые горизонты" байқауының 10 жеңімпазы мақтау қағазымен марапатталып, Ресейге экскурсиялық-таныстыру сапарына жолдама алады", - деп хабарлады елшілік.
Жобаны аяқтау 2022 жылдың 31 тамызына жоспарланған.
Конкурс ережесі және шарттарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
"Русский язык – новые горизонты" байқауы бұған дейін Орталық Азияның басқа елдерінде – Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанда өтті. Жалпы алғанда оған орыс тілінде сабақ беретін 700-ден астам мұғалім қатысты.
Жобаны Россотрудничество, РФ-ның Қазақстандағы елшілігінің және орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығының қолдауымен "Орыс гуманитарлық миссиясы" дербес коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырды. Ол Ресей президентінің азаматтық қоғамды дамытуға арналған гранты аясында жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
0