"Аллигатор" мүмкіндіктері қандай

© Пресс-служба МО РФ / Медиабанкке өтуВертолет Ка-52
Вертолет Ка-52  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
РФ Қарулы күштерінің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операциясында ресейлік "Аллигатор" Ка-52 барлау мен соққы жасауға арналған тікұшағы соғыс кезінде қолданудың жоғары тиімділігін және күрделі, қолайсыз жағдайда да мызғымастығын дәлелдеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ка-52 тікұшақтар тобы 25 наурыздағы түнгі соққы кезінде Украина Қарулы күштерінің 25 соғыс техникасын, соның ішінде 7 танкті, 5 жаяу әскер машинасын, 3 броньдалған тасымалдаушы техниканың көзін жойды. Ал 22 наурызда "Аллигаторлар" 9 украин танкін, 7 жаяу әскер машинасы мен броньдалған тасымалдаушы технниканы қиратты.
Бұған дейін РФ қорғаныс министрлігі Ка-52 тікұшағының украин танкін жою сәтінің кадрларымен бөлісті. "Вихрь" танкке қарсы басқарылатын зымырандар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жоқ аумақта 10 километрге дейінгі қашықтықтағы нысандарды жоя алады.
Авиация құралдарының ауқымды арсеналы броньді техника, басқару пункттері, алыс қашықтықтағы жасырын орындарды күндіз-түні жоюға мүмкіндік береді. Бір айдың ішінде Ка-52 экипажы жүздеген броньді техниканы, Украина қарулы күштері мен ұлттық батальонның тірек пунктерін жойды.
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті
Арнайы операция кезінде Ресей авиациясы ауқымды тапсырмаларды орындап, жаңа тактикалық әдістерді сәтті қолданып жатыр. "Аллигаторлар" әуеден мотоатқыштар мен танкистердің іс-қимылына әуеден қолдау көрсетіп жатыр. Олар десанттық бөлімшелерді қарсыластың тыл аумағына жеткізіп, әскери жүктерді тасымалдаумен айналысуда.
Хроленконың пікірінше, Ка-52 тікұшақтары бұған дейін Сирияда үлкен дайындықтан өткенмен, Украинада соғыс іс-қимылы ол кездегіден айтарлықтай ауқымды болды. "Аллигаторлар" шағын биіктікте ұшуларды орындайды, сондықтан бұл жіті қырағылықты қажет етеді.
Замануи борт кешендері экипаждарға әуе нысандарына оқ атып қиратуды және жылжымалы зенттік зымыран кешенінен дер кезінде қорғануды қамтамасыз етеді. "Аллигатордың" заманауи қорғаныс жүйесі мен броньдалу деңгейі батыс техникасынан тиімді қорғап тұр. Мысалы, Киев маңындағы Гостомель аэродромындағы соғыс эпизодтарының бірінде Ка-52 тікұшағына зениттік зымыранмен 18 рет шабуыл жасалды. Алайда, ресейлік әуе көлігіне аз ғана зақым келіп, экипаж зардап шеккен жоқ.
Ка-52 тікұшағының оқ ату қуаты қазіргі заманғы нысананы анықтау және нұсқау құралдарымен, радиоэлектронды күрес, авионикамен керемет үйлесім тауып, кез келген нысанға шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Сыртқы алты торапқа салмағы 2,8 тоннаға дейінгі түрлі қару-жарақты асып қоюға болады. Зымыран қаруының кең спектрі тікұшақты нақты тактикалық міндеттерді орындауға оңай бейімдеуге ықпал етеді.
"Жақын уақытта "Аллигаторларға" 100 километрге дейін ұшатын қанатты зымырандарды қолдануға мүмкіндік беріледі. Бұл Ка-52 тікұшақтарын Су-24М бомбалаушы және Су-25М шабуылдаушы ұшақтарына бәсекелес етеді. 500 снарядтан тұратын оқ ату жиынтығы бар 30 миллиметрлік 2А42 зеңбірегі майдан даласындағы "Аллигаторға" үлкен қуат беріп тұр", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Қысқы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2022
Украинада қалып қойған 30 жүк көлігі ел аумағынан шықты
Экипаж бен машинаның түрлі соққы кезде аман қалуына тікұшақтағы қос басқару жүйесі, шамамен 300 килограмм болатын броньді қаптама, катапультаға арналған орындықтар (сериялы тікұшаққа алғаш рет енгізіліп отыр) себепші болады. Екі адамға арналған броньдалған кабина ұшқыштарды 12,7 миллиметрге дейінгі калибрлі оқтан қорғап қалады.
Сонымен қатар "Аллигатор" өте жылдам ұшады – сағатына 320 километрге дейін (артқа қарай – 100 км/сағ дейін, бортымен алға қарай – 80 км/сағ дейін). Ұшудың ұзақтығы – 5,5 километрге дейінгі биіктікте 460 километрге жетеді.
Әлем елдері бұл әскери техникаға үлкен қызығушылық танытып отыр. 2013 жылы өткен Paris Air Show көрмесінде ресейлік Ка-52 америкалық АН–64D Apache Longbow пен француз-неміс Eurocopter Tiger тікұшақтарынан әлдеқайда басым екенін аңғартты. Ка-52 базасында Ка52К "Катран" – тікұшақтың кемеге арналған нұсқасы дайындалды. Мысыр бұл тікұшақты бірінші болып сатып алды. Оның кемеге арнап бейімделген нұсқада дайындалуы осы әскеери техниканың ТМД елдері, Азия мен Латын Америкасынан тапсырыс берушілер саны артуына себеп болып отыр.
National Interest америкалық басылымының авторлары Ка-52 тікұшағының аса қауіпті екенін жазды. Ал Business Insider порталы "Аллигаторды" америкалық танымал AH-64 Apache әскери әуе көлігімен салыстырып, қарулануы, қорғаныс деңгейі, маневр жасау мүмкіндігі, жылдамдығы мен ұшу ұзақтығы бойынша АҚШ техникасы едәуір кейін қалып тұрғанын атап өтті. "Аллигатордың" соғысу мүмкіндіктері америкалық жаңа соққы жасаушы тікұшақ "Вайпермен" бәсекелес болуға мүмкіндік береді.
Александр Хроленко ресейлік жоғары технологиялық техника бағасы мен сапасы жағынан да батыстағы балама техникадан басым екенін жазды. Мысалы, америкалық соққы жасаушы "Апач" тікұшағының бағасы 52 миллион доллардан басталады. Ал РФ қорғаныс министрлігі 2011 жылы 140 "Аллигаторға" бір данасы үшін 28,5 миллион доллар тұратын бағамен тапсырыс жасады. Ал 2021 жылдың күзінде әрбір Ка52М тікұшағы үшін РФ қорғаныс министрлігі 15 миллион доллар төледі, ал еуропалық "Тигрды" 29-38 миллион долларға тапсырыс береді.
Киев қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Қоғам
Алтыншы ұшақ: Украинадан тағы 14 қазақстандық бүгін елге эвакуацияланады
Ресейлік шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0