Украинада қалып қойған 30 жүк көлігі ел аумағынан шықты
© Sputnik / Абзал КалиевҚысқы жол
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Дипломаттар Украинада қалып қойған Қазақстанның жүк көліктері үшін Польша мен Молдовамен шекараны жеңілдетілген түрде кесіп өту туралы келісімге келді
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстандық жүк тасымалдаушылардың отыз жүк көлігі Украина аумағынан шықты, тағы 11-і Польша шекарасына бет алды.
2022 жылдың 5 наурызы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
"27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалды. Оның ішінде 11 жүргізуші қазір Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді", - делінген ақпаратта.
Айта кетері, бұған дейін индустрия министрлігі Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына қосымша құжаттарсыз көліктер мен жүргізушілерге рұқсат беруді сұраған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев уәкілетті органдармен қазақстандық тасымалдаушылардың шығуы үшін жасыл дәліз ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізді.
Тасымалдаушыларға жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдавия шекараларына бағыттау ұсынылды, онда өткізу пункттері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен шығу жолы ұйымдастырылған.
Украинадағы Ресей жүргізіп жатқан әскери операциясына байланысты қазақстандық жүк көліктері сол жақта қалды. Елден шығудың жалғыз жолы – Украинаның батысына бару. Алайда жүк тасымалдаушылар ол жақтан өз бетінше шыға алмады.
Олар сондай-ақ олар Польша немесе басқа елмен шекарадан өту үшін жүк көліктерін қалдыра алмаған, жүргізушілерде тиісті құжаттар болмаған.
Индустрия министрлігінің жедел телефондары
ҚР ИИДМ жедел желісінің телефондары:
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ахуал орталығы:
+7 (7172) 98-35-35; 98-35-33;
ҚР ИИДМ ахуал орталығының WhatsApp нөмірі:
+ 7 708 088 0 800
ҚР Украинадағы елшілігінің жауапты мамандары:
Құрметті консул: Медяник Инна Сергеевна, Днепропетровск облысы, Днепр қаласы, Дмитрий Яворницкий даңғылы, 22 үй,
тел: +38 (098) 222-94-37, consul.kz.dp@gmail.com
Құрметті консул: Наджафли Эмин Муса оглы, Харьков, Полтава және Сумы облыстары, Харьков қаласы, Полтавский шлях көшесі, 7 үй, тел: +38 (067) 190-77-77, consul.kz.kh@gmail.com
Құрметті консул: Продаевич Сергей Александрович, Одесса, Николаев және Херсон облыстары, Одесса қаласы, Пантелеймоновская көш., 101/11 үй, тел: +38 (094) 949-27-52, consulkzod@gmail.com
Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, Львов, Закарпатская, Ивано-Франковская, Черновицкая, Тернопольская, Хмельницкая, Ровенская және Волбна облыстары, Львов қаласы, Замкнен көшесі, 3/1 үй, тел: +38 (032) 240-36-70, consul@kazconsul.com.ua.