Қоғам

Алтыншы ұшақ: Украинадан тағы 14 қазақстандық бүгін елге эвакуацияланады

© Sputnik / Алексей ФурманКиев қаласы
Киев қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2022
Жазылу
Ұшақ Алматы қаласына қонады деп жоспарланған
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Украинадан шығарылған қазақстандықтарды елге жеткізетін алтыншы ұшақ Польшаның Катовице қаласынан ұшып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты. Ұшақ Алматы қаласына қонады деп жоспарланған.
Бортта 14 жолаушы бар. Осылайша Украинадан 836 адам шығарылды, ал соның ішінен 690 адам репатриациялық ұшақтармен Қазақстанға оралды. Украинадан қазақстандықтар бес лекпен эвакуацияланды.
28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді. Алғашқы рейспен 169 ересек, 6 бала елге оралды.
1 наурызда Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші рейс Нұр-Сұлтанға жетті. Ол кезде 120 ересек және 4 бала елге оралды. Үшінші рейс 4 наурызда орындалды. Бортта 131 адам болды, оның жиырмасы бала. Төртінші рейс 10 наурызда елге келді. Ұшақта 155 жолаушы болған. Бесінші рейс сексен тоғыз жолаушымен 15 наурызда келді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
Қоғам
СІМ Мариупольдегі 18 қазақстандықпен бес күннен бері байланысқа шыға алмай отыр
Жаңалықтар
0