https://sputnik.kz/20220323/nato-nyn-kezekten-tys-sammiti-polsha-ukrainaga-askeri-komek-bere-me-23683921.html
НАТО-ның кезектен тыс саммиті: Польша Украинаға әскери көмек бере ме
НАТО-ның кезектен тыс саммиті: Польша Украинаға әскери көмек бере ме
Sputnik Қазақстан
Варшаваның Киев бағытындағы әскери-саяси белсенділігінің астарында Украинаны бөліп, оның батыстағы аумағын Польшаға күштеп қосу жоспары жатуы ықтимал. АҚШ пен... 23.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-23T14:00+0500
2022-03-23T14:00+0500
2022-03-23T14:00+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23061274_0:160:3071:1887_1920x0_80_0_0_b7704348ac68c39016764fdfc09a69b6.jpg
Варшаваның Киев бағытындағы әскери-саяси белсенділігінің астарында Украинаны бөліп, оның батыстағы аумағын Польшаға күштеп қосу жоспары жатуы ықтимал. АҚШ пен НАТО-ның қолдауына қарамастан, Мәскеу поляктардың бұл жоспарын жүзеге асыруға жол бермейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Польшадағы Украинаның бұрынғы елшісі Андрей Дещица 21 наурызда "24 канала" украин телеарнасының эфирінде Польша Ресей жағынан ықтимал шабуылға дайындалып жатқанын айтты.Сарапшының пікірінше, бұл кездейсоқ емес. Біраз бұрын Краковада әуеден төнген қауіп туралы ескерту жүйесін сынақтан өткізді. Поляк БАҚ-ы "НАТО-ның бітімгерлік миссиясының сәттілігіне" қатысты болжам жасады. Мұның барлығы поляк әскерін Батыс Украинаның төрт облысына (Волынь, Львов, Ровен және Тернополь) енгізу алдында жасалған жасырын операцияның бір бөлігі болуы мүмкін.20 наурызда БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Америка Украинадағы соғысқа өз әскерін жібермейтінін, бірақ, НАТО-ға мүше елдердің бірі өз бастамасымен украин жеріне аяқ басса, Вашингтон оларды қолдайтынын айтты. Польша туының астында украин жеріне НАТО-ның бірнеше елінің әскері аяқ басуы мүмкін.24 наурызда өтетін НАТО-ның кезектен тыс саммиті осы аталған жағдайға қатысты біраз мәселені айқындайды. Дегенмен, "ресейлік агрессияға тежеу болу" мақсатында украин терриориясына кіргендердің әрекеті ұзаққа бармайтыны анық. НАТО-ға мүше 30 елдің 17-сі Украинаға қару-жарақ жеткізу немесе жалдамалы әскер бағыттау іс-қимылына жұмылдырылған. Польша мен альянстың басқа да елдерін Украинада Ресейге қарсы соғысуға итермелеу әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталу қаупін тудырып отыр.Ресейлік әуе-десанттық әскер күштері 21 наурызда украин астанасына жақын шет қалаларда айтарлықтай алға жылжып, жасырын командалық пункті басып алды. Ресейлік әскердің қолына түскен қару-жарақ қатарында Т-64 және Т-72 танктері, Германия жеткізген Panzerfaust-3 танкке қарсы гранатометтер мен натолық жылжымалы зениттік зымыран кешендері бар."Ресей Украинаның барлық өңірін демилитаризациялауды сәтті жалғастырып жатыр. Киев толыққанды ақпаратты барынша жасырып отыр. Бірақ батыс шынайы жағдайды мойындап отыр. АҚШ Барлау қызметі бүгін Украина Қарулы күштерінің Бас штабын алдағы 10 күнде ресейлік әскер Киев айналасындағы қоршауды тұйықтайтыны туралы ескертті. Америкалықтар украин астанасының қорғанысын күшейтуді ұсынғанмен, украиндерде қажетті техника мен қару жоқ боп тұр", - деп жазды Александр Хроленко.АҚШ президенті Джо Байден де гипердыбысты "Кинжалды" тоқтату мүмкін емес екенін түсінді. Батыстағы сарапшылар Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына Беларусь Республикасы тартылуының ықтималдылығы жоғары екенін жазып жатыр.Еуроодақ әлі де Ресейді саяси және экономикалық оқшаулау туралы айтып жатыр. Эстонияның сыртқы істер министрі Ева-Мария Лийметс былай деді: "Біз шектеу шараларының тағы бір пакетін дайындап жатырмыз... Оны шұғыл түрде қабылдау керек. Болашаққа көз тіксек, Ресейдің және жеке тұлғалардың бұғатталған активтерін Украинадағы соғыс салдарынан келтірілген шығынды өтеуге жұмсау керек".Бірақ Фанция СІМ басшысы Франциядағы Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтері Украина банкіне жолданбайтынын мәлімдеді. Сондықтан экономикалық санкциялар Ресейдің сыртқы саясатына әсер етіп отырған жоқ деуге болады.Politico басылымы Байденнің Еуропаға сапарында сатып алынатын ресейлік газ бен мұнайдың көлемін азайту бойынша мақсатқа қол жетпейтінін жазды. Politico Вашингтонның Мәскеуге қысымы Шығыс пен Батыс арасындағы шыңырауды азайтып жатқан жоқ, АҚШ-тың әлемдік көшбасшылығын бәсеңдетіп жатқанын мойындады."Расында да, АҚШ пен Еуроодақтың Ресейді "жазалау" әрекетін Қытай, Үндістан, Вьетнам, Оңтүстік Африка республикасы, Бразилия мен басқа да көп мемлекет қолдап отырған жоқ. Өйткені олар Вашингтонның ығына көнбеген кез келген ел әп-сәтте Ресей секілді "жау" боп шыға келетінін түсініп отыр", - деп жазды әскери шолушы.Оның пікірінше, Киев режимі өз бетінен қайтпай, елді құрдымға қарай жетелеуді жалғастырып жатыр: партизан соғысының стратегиясын дайындап, Бас штабқа ресейлік әскерге қарсылық көрсету бойынша тапсырма беруде, деп түйіндеді ресейлік әскери шолушы.
https://sputnik.kz/20220319/resey-ukraina-17-qazaqstandyq-evakuatsiya-23635671.html
https://sputnik.kz/20220320/qorganys-ministrligi-askeri-tekhnika-ukraina-qaueset-23652600.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23061274_119:0:2848:2047_1920x0_80_0_0_0a47b26a77bc670a807f451f4262030e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Варшаваның Киев бағытындағы әскери-саяси белсенділігінің астарында Украинаны бөліп, оның батыстағы аумағын Польшаға күштеп қосу жоспары жатуы ықтимал. АҚШ пен НАТО-ның қолдауына қарамастан, Мәскеу поляктардың бұл жоспарын жүзеге асыруға жол бермейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Польшадағы Украинаның бұрынғы елшісі Андрей Дещица 21 наурызда "24 канала" украин телеарнасының эфирінде Польша Ресей жағынан ықтимал шабуылға дайындалып жатқанын айтты.
Сарапшының пікірінше, бұл кездейсоқ емес. Біраз бұрын Краковада әуеден төнген қауіп туралы ескерту жүйесін сынақтан өткізді. Поляк БАҚ-ы "НАТО-ның бітімгерлік миссиясының сәттілігіне" қатысты болжам жасады. Мұның барлығы поляк әскерін Батыс Украинаның төрт облысына (Волынь, Львов, Ровен және Тернополь) енгізу алдында жасалған жасырын операцияның бір бөлігі болуы мүмкін.
20 наурызда БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Америка Украинадағы соғысқа өз әскерін жібермейтінін, бірақ, НАТО-ға мүше елдердің бірі өз бастамасымен украин жеріне аяқ басса, Вашингтон оларды қолдайтынын айтты. Польша туының астында украин жеріне НАТО-ның бірнеше елінің әскері аяқ басуы мүмкін.
24 наурызда өтетін НАТО-ның кезектен тыс саммиті осы аталған жағдайға қатысты біраз мәселені айқындайды. Дегенмен, "ресейлік агрессияға тежеу болу" мақсатында украин терриориясына кіргендердің әрекеті ұзаққа бармайтыны анық. НАТО-ға мүше 30 елдің 17-сі Украинаға қару-жарақ жеткізу немесе жалдамалы әскер бағыттау іс-қимылына жұмылдырылған. Польша мен альянстың басқа да елдерін Украинада Ресейге қарсы соғысуға итермелеу әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс басталу қаупін тудырып отыр.
Ресейлік әуе-десанттық әскер күштері 21 наурызда украин астанасына жақын шет қалаларда айтарлықтай алға жылжып, жасырын командалық пункті басып алды. Ресейлік әскердің қолына түскен қару-жарақ қатарында Т-64 және Т-72 танктері, Германия жеткізген Panzerfaust-3 танкке қарсы гранатометтер мен натолық жылжымалы зениттік зымыран кешендері бар.
"Ресей Украинаның барлық өңірін демилитаризациялауды сәтті жалғастырып жатыр. Киев толыққанды ақпаратты барынша жасырып отыр. Бірақ батыс шынайы жағдайды мойындап отыр. АҚШ Барлау қызметі бүгін Украина Қарулы күштерінің Бас штабын алдағы 10 күнде ресейлік әскер Киев айналасындағы қоршауды тұйықтайтыны туралы ескертті. Америкалықтар украин астанасының қорғанысын күшейтуді ұсынғанмен, украиндерде қажетті техника мен қару жоқ боп тұр", - деп жазды Александр Хроленко.
АҚШ президенті Джо Байден де гипердыбысты "Кинжалды" тоқтату мүмкін емес екенін түсінді. Батыстағы сарапшылар Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына Беларусь Республикасы тартылуының ықтималдылығы жоғары екенін жазып жатыр.
Еуроодақ әлі де Ресейді саяси және экономикалық оқшаулау туралы айтып жатыр. Эстонияның сыртқы істер министрі Ева-Мария Лийметс былай деді: "Біз шектеу шараларының тағы бір пакетін дайындап жатырмыз... Оны шұғыл түрде қабылдау керек. Болашаққа көз тіксек, Ресейдің және жеке тұлғалардың бұғатталған активтерін Украинадағы соғыс салдарынан келтірілген шығынды өтеуге жұмсау керек".
Бірақ Фанция СІМ басшысы Франциядағы Ресей Орталық банкінің бұғатталған активтері Украина банкіне жолданбайтынын мәлімдеді. Сондықтан экономикалық санкциялар Ресейдің сыртқы саясатына әсер етіп отырған жоқ деуге болады.
Politico басылымы Байденнің Еуропаға сапарында сатып алынатын ресейлік газ бен мұнайдың көлемін азайту бойынша мақсатқа қол жетпейтінін жазды. Politico Вашингтонның Мәскеуге қысымы Шығыс пен Батыс арасындағы шыңырауды азайтып жатқан жоқ, АҚШ-тың әлемдік көшбасшылығын бәсеңдетіп жатқанын мойындады.
"Расында да, АҚШ пен Еуроодақтың Ресейді "жазалау" әрекетін Қытай, Үндістан, Вьетнам, Оңтүстік Африка республикасы, Бразилия мен басқа да көп мемлекет қолдап отырған жоқ. Өйткені олар Вашингтонның ығына көнбеген кез келген ел әп-сәтте Ресей секілді "жау" боп шыға келетінін түсініп отыр", - деп жазды әскери шолушы.
Оның пікірінше, Киев режимі өз бетінен қайтпай, елді құрдымға қарай жетелеуді жалғастырып жатыр: партизан соғысының стратегиясын дайындап, Бас штабқа ресейлік әскерге қарсылық көрсету бойынша тапсырма беруде, деп түйіндеді ресейлік әскери шолушы.