Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадан тағы 17 қазақстандықтың эвакуацияланғанын хабарлады

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуБеженцы из Украины прибыли в РФ
Беженцы из Украины прибыли в РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Украина аумағынан бір тәулікте 14 мың адам эвакуацияланды, оның ішінде 2,8 мың бала бар, деп хабарлады Ресейдің қорғанысты басқару ұлттық орталығының басшысы Михаил Мизинцев.
Мизинцевтің айтуынша, өткен тәулікте Украинадан Ресейге 14 397 адам эвакуацияланған. Оның ішінде шетелдіктер де бар. Тоғыз мемлекеттің 181 азаматы Қырымға жеткізілген: 32 – Нигерия азаматы, 23 – Өзбекстан, 17 – Қазақстан, 7 - Ливан, 6 - Шри-Ланка, 4 – Пәкістан және Сербия мен Тунистің бір азаматы, сонымен қатар Украинаның 90 азаматы.

Украинадан қанша қазақстандық елге оралды

Қазіргі уақытта Украинадан Қазақстанға репатриациялық рейспен 836 адам келді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Катовице қаласында (Польша) және украин-польша шекарасындағы кезекте қазақстандықтар жоқ. Харьковтағы эвакуация бекетінде үш қазақстандық бар, ал Сумы қаласында бір адам күтіп отыр.
Бұған дейін дипломаттар Мариупольде 18 қазақстандық қалғанын, интернет пен байланыс жоқтығынан олардың жағдайын білуге мүмкіндік болмай отырғанын хабарлаған еді.
Sputnik Қазақстан редакциясы 18 наурызда эвакуцияланған отандастар туралы толық ақпарат алу үшін сыртқы істер министрлігіне сұрау жолдады.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады
Жаңалықтар
0