Тоқаев қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялаған дипломаттарды марапаттады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының азаматтарын Украинадан эвакуациялау жұмыстарын сәтті ұйымдастырғаны үшін бірқатар азамат наградталды:
ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен
Калетаев Дархан Аманұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі;
І дәрежелі "Айбын" орденімен
Қызыр Думан Манарбекұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі;
ІІ дәрежелі "Достық" орденімен
Қаражанова Макка Сағынғалиқызы – Харьков қаласындағы қазақ диаспорасының жетекшісі, Украина
Маслюк Галина Дмитриевна – Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы құрметті консулы, Украина;
"Құрмет" орденімен
Әлібеков Аслан Аманжолұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің кеңесшісі (консулдың міндетін атқарған);
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Жаманқұлов Рүстем Тұңғышбайұлы – Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы елшілігінің Уақытша сенімді өкілі
Кагенов Азамат Мағжанұлы – Қазақстан Республикасының Румыниядағы елшілігінің атташе – консулы
Маманов Дархан Серікұлы – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің екінші хатшысы – консулы
Сәбитұлы Бекзат – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы – консулы;
"Шапағат" медалімен
Амангелдин Руслан Берекеұлы – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің департамент директорының орынбасары
Денисенко Анна Владимировна – Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі консулының көмекшісі
Қаржаубаев Азамат Құдайбергенұлы – Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің екінші хатшысы
Тұяқбаев Шыңғыс Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы волонтерлік корпустың жетекшісі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
0