https://sputnik.kz/20220320/qorganys-ministrligi-askeri-tekhnika-ukraina-qaueset-23652600.html
Қорғаныс министрлігі әскери техника Украинаға жіберіледі деген қауесетті жоққа шығарды
Қорғаныс министрлігі әскери техника Украинаға жіберіледі деген қауесетті жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери техниканы Украина аумағына жіберу туралы қауесетті жоққа шығарды. 20.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-20T14:50+0500
2022-03-20T14:50+0500
2022-03-20T14:50+0500
украина
әскери техника
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19113905_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4ec41a95e3c2a7d68d2218841d0edf09.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери техниканы Украина аумағына жіберу туралы қауесетті жоққа шығарды.Stopfake.kz хабарлауынша, Telegram-да тас жолмен жүріп келе жатқан әскери автомобильдер түсірілген бейнеролик таралып жатыр. Видео сипаттамасында бұл Украинаға бара жатқан техника болуы мүмкін деп жазылған.Министрліктің сайтында 19 наурызда жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстанның қарулы күштерінде желтоқсаннан наурызға дейін жалғасатын қысқы оқу кезеңі өтіп жатыр. Ол мамандығы бойынша әскери қызметшілерді даярлаудан басталды. Бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауысып, кезең-кезеңімен жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтау жүзеге асырылады.Әскери техниканың қозғалысы автомобиль тартқыштары және теміржол көлігі арқылы жүзеге асырылады.Жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келеді. Қысқы оқу кезеңі аяқталған соң әскери бөлімшелер бірқатар батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік атыстарды жүргізу арқылы тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріседі, делінген министрлік таратқан ақпаратта.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19113905_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_f639206ad5c61f7182ca1861dab45ea9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, әскери техника, қорғаныс министрлігі
украина, әскери техника, қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі әскери техника Украинаға жіберіледі деген қауесетті жоққа шығарды
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскери техниканы Украина аумағына жіберу туралы қауесетті жоққа шығарды.
Stopfake.kz хабарлауынша, Telegram-да тас жолмен жүріп келе жатқан әскери автомобильдер түсірілген бейнеролик таралып жатыр. Видео сипаттамасында бұл Украинаға бара жатқан техника болуы мүмкін деп жазылған.
"Бұл олай емес. Кадрларда көрсетілген автомобильдер оқу-жаттығуға бара жатыр, бұл туралы толығырақ Қазақстанның қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында және ведомствоның ресми сайтында айтылған", - делінген ақпаратта.
Министрліктің сайтында 19 наурызда жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстанның қарулы күштерінде желтоқсаннан наурызға дейін жалғасатын қысқы оқу кезеңі өтіп жатыр. Ол мамандығы бойынша әскери қызметшілерді даярлаудан басталды. Бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауысып, кезең-кезеңімен жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейде өзара іс-қимылды пысықтау жүзеге асырылады.
Әскери техниканың қозғалысы автомобиль тартқыштары және теміржол көлігі арқылы жүзеге асырылады.
Жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келеді. Қысқы оқу кезеңі аяқталған соң әскери бөлімшелер бірқатар батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік атыстарды жүргізу арқылы тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріседі, делінген
министрлік таратқан ақпаратта.