https://sputnik.kz/20220305/europa-neden-ureylenip-otyr-23382062.html
Еуропа неден үрейленіп отыр?
Еуропа неден үрейленіп отыр?
Sputnik Қазақстан
Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің ушығуына тап болған Еуропа бұрынғы, яғни КСРО жүргізген фин науқаны мен Ұлы Отан соғысы кезіндегідей позициясын... 05.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-05T16:21+0500
2022-03-05T16:21+0500
2022-05-16T16:30+0500
еуропа
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1099/72/10997259_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_0bbf232bf2407f3328fd34c535b1ecbe.jpg
Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің ушығуына тап болған Еуропа бұрынғы, яғни КСРО жүргізген фин науқаны мен Ұлы Отан соғысы кезіндегідей позициясын ұстанып отыр. Еуропа барлық кезде асығыстыққа жол бермей, кімнің жеңімпаз атануын сабырмен күтуді жөн көріп келді, деп жазды РИА Новости.Еуропаның неден үрейленіп отырғанын түсіну үшін нацистік оккупация жылдарына шолу жасауға тура келеді. Ол үшін континент ал аптаның ішінде гитлершілерге беріліп, оларға тиісті деңгейде қарсылық көрсетпегенін еске алу қажет болады."Еуропа Гитлерді және оның саясатын қабылдағанына әлі де сенбейтіндер вермахт генерал-полковнигі Франц Гальдердің күнделігін оқып, әскери шенді мен оның әскерін Бельгия мен Франция қалай қабылдағанын оқып, көз жеткізе алады. Герр Гальдер жол бойындағы трактиръ иелерінің қонақжайлылығы туралы да жазған. Гальдер қолынан шыққан жазбалар бір ғана айғақ және Гитлер армиясының генералы жазған күнделік еуропалық қоғамды жалпы сипаттай алмайды дейтіндер болса, онда басқа да дәлелдер жетерлік", - деп жазды автор.Гестапо штаб-пәтері мен азаптау камералары орналасқан "Терминус" қонақ үйінің орта жастағы француз қызметкері Клаус Барбьенің үнемі сыпайы болып, шай-пұлға қомақты қаражат беріп отырғанын айтты. Ол Клаус Барбьені адамзат баласына қарсы қылмысы үшін соттағаннан кейін сұхбат бергенін ескеру керек. Ал нацистер Еуропаны оккупациялау кезінде өз іс-әрекеттерін жасырын жасамағанын да ұмытпаған абзал.Еврей-француздарды ұстау күн жарықта, адам толы көше мен аудандарды ашық жүргізілді. Ал еврей емес француздардың өз көршілерін аман алып қалуға көмектесуі бірен-саран ғана болған.РИА Новости жазғандай, 1941 жылы 22 маусымда КСРО-ға шабуыл жасауға герман вермахтының сарбаздары ғана емес, еуропалық интернационал да қатысқан. Ал орыстар нацистік дивизияның 75 процентіне жуығының көзін жойып, өз өмірлерін қауіпке тігу арқылы Еуропадағы крематорийлерге тежеу болды. Бүгінде еуропалықтар мен бүкіл әлемді сүйсіндіріп отырған түрлі сәулетті ескерткіштерді сақтап қалуға атсалысты.Жалпы денацификация Германияда ғана жүргізілді. Себебі бұл мемлекет өзі бастаған соғыста ойсырай жеңілді. Ал герман нацистері окупациялаған және түрлі мемлекеттік институттар құрып үлгерген елдерде толыққанды денацификация жүргізілген жоқ. Әйтпесе өте көп лауазымды тұлғаларды сотқа тартуға тура келер еді. Сондықтан оккупация кезеңінде атқарылған іс-қимылдардың барлығын жоққа шығарып, еш ескеруге жатпайтындай мәртебе беретін қағидалар қабылданды.Қоғам секілді, институттарға да денацификация жүргізілген жоқ. Мысалы, еврейлер мен антифашистерді өлім лагерьлеріне жеткізуге көлік ұсынған француз темір жолы бар. Француз теміржол қызметінің мыңдаған адамнан құралған ұжымында бір ғана машинист пойызды Освенцимге қарай жүргізуден бас тартты. Миллион адамның ішінде бір ғана азамат өзін нағыз адам екенін танытты.Екінші дүнмежүзілік соғыс тез ұмыт болды. Ескерткіштер, одақтастардың Нормандия жағалауына қонуының мерейтойы және ардагерлерге сый-құрмет көрсетуге қарап жаңылыспау қажет. Себебі соғыс саяси тұрғыда ұмыт болды. Өйткені соғыс аяқталғаннан кейін бірден құрлықты экономикалық салада біріктіру бағытына басымдық берілді.Бұл экономикалық бірігуді Федеративті Германия Республикасы маңызды рөл атқарды. Ал ФГР билігі айналасындағылар оған өз өткені туралы еске сала бергенін қаламады.Осы тұста моральдік мәселе тыс қалып, "соғыстан кейінгі құрлықты дамытудың жаңа жолдары" туралы геосаясат жайлы насихат жүргізілді. Еурпа бейбітшілік пен өркениет құрлығына айналуды көздеді.Алайда қол жеткен бейбітшілік пен өркениетке қарамастан, тарих ерте ме, кеш пе, шындықтың бетін ашады. Сондықтан бүгінде Ресейдің "денацификациясына" қатысты түсіністік танытудан бас тартқан Еуропа өз аумағында шынайы, тереңдетілген және жан-жақты денацификация жүргізілмегенін іштей сезіп отыр.
https://sputnik.kz/20220226/resey-telearna-europa-khabar-taratu-odagy-23131061.html
https://sputnik.kz/20220303/resey-ukraina-kelissozder-23269334.html
https://sputnik.kz/20220228/qazaqstan-ukraina-shekara-video-23157246.html
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1099/72/10997259_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_49ba464d877b7c689a1f509b45f76d90.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Украина мен Ресей арасындағы шиеленістің ушығуына тап болған Еуропа бұрынғы, яғни КСРО жүргізген фин науқаны мен Ұлы Отан соғысы кезіндегідей позициясын ұстанып отыр. Еуропа барлық кезде асығыстыққа жол бермей, кімнің жеңімпаз атануын сабырмен күтуді жөн көріп келді, деп жазды
РИА Новости.Еуропаның неден үрейленіп отырғанын түсіну үшін нацистік оккупация жылдарына шолу жасауға тура келеді. Ол үшін континент ал аптаның ішінде гитлершілерге беріліп, оларға тиісті деңгейде қарсылық көрсетпегенін еске алу қажет болады.
"Еуропа Гитлерді және оның саясатын қабылдағанына әлі де сенбейтіндер вермахт генерал-полковнигі Франц Гальдердің күнделігін оқып, әскери шенді мен оның әскерін Бельгия мен Франция қалай қабылдағанын оқып, көз жеткізе алады. Герр Гальдер жол бойындағы трактиръ иелерінің қонақжайлылығы туралы да жазған. Гальдер қолынан шыққан жазбалар бір ғана айғақ және Гитлер армиясының генералы жазған күнделік еуропалық қоғамды жалпы сипаттай алмайды дейтіндер болса, онда басқа да дәлелдер жетерлік", - деп жазды автор.
Гестапо штаб-пәтері мен азаптау камералары орналасқан "Терминус" қонақ үйінің орта жастағы француз қызметкері Клаус Барбьенің үнемі сыпайы болып, шай-пұлға қомақты қаражат беріп отырғанын айтты. Ол Клаус Барбьені адамзат баласына қарсы қылмысы үшін соттағаннан кейін сұхбат бергенін ескеру керек. Ал нацистер Еуропаны оккупациялау кезінде өз іс-әрекеттерін жасырын жасамағанын да ұмытпаған абзал.
Еврей-француздарды ұстау күн жарықта, адам толы көше мен аудандарды ашық жүргізілді. Ал еврей емес француздардың өз көршілерін аман алып қалуға көмектесуі бірен-саран ғана болған.
РИА Новости жазғандай, 1941 жылы 22 маусымда КСРО-ға шабуыл жасауға герман вермахтының сарбаздары ғана емес, еуропалық интернационал да қатысқан. Ал орыстар нацистік дивизияның 75 процентіне жуығының көзін жойып, өз өмірлерін қауіпке тігу арқылы Еуропадағы крематорийлерге тежеу болды. Бүгінде еуропалықтар мен бүкіл әлемді сүйсіндіріп отырған түрлі сәулетті ескерткіштерді сақтап қалуға атсалысты.
Жалпы денацификация Германияда ғана жүргізілді. Себебі бұл мемлекет өзі бастаған соғыста ойсырай жеңілді. Ал герман нацистері окупациялаған және түрлі мемлекеттік институттар құрып үлгерген елдерде толыққанды денацификация жүргізілген жоқ. Әйтпесе өте көп лауазымды тұлғаларды сотқа тартуға тура келер еді. Сондықтан оккупация кезеңінде атқарылған іс-қимылдардың барлығын жоққа шығарып, еш ескеруге жатпайтындай мәртебе беретін қағидалар қабылданды.
Қоғам секілді, институттарға да денацификация жүргізілген жоқ. Мысалы, еврейлер мен антифашистерді өлім лагерьлеріне жеткізуге көлік ұсынған француз темір жолы бар. Француз теміржол қызметінің мыңдаған адамнан құралған ұжымында бір ғана машинист пойызды Освенцимге қарай жүргізуден бас тартты. Миллион адамның ішінде бір ғана азамат өзін нағыз адам екенін танытты.
Екінші дүнмежүзілік соғыс тез ұмыт болды. Ескерткіштер, одақтастардың Нормандия жағалауына қонуының мерейтойы және ардагерлерге сый-құрмет көрсетуге қарап жаңылыспау қажет. Себебі соғыс саяси тұрғыда ұмыт болды. Өйткені соғыс аяқталғаннан кейін бірден құрлықты экономикалық салада біріктіру бағытына басымдық берілді.
Бұл экономикалық бірігуді Федеративті Германия Республикасы маңызды рөл атқарды. Ал ФГР билігі айналасындағылар оған өз өткені туралы еске сала бергенін қаламады.
Осы тұста моральдік мәселе тыс қалып, "соғыстан кейінгі құрлықты дамытудың жаңа жолдары" туралы геосаясат жайлы насихат жүргізілді. Еурпа бейбітшілік пен өркениет құрлығына айналуды көздеді.
Алайда қол жеткен бейбітшілік пен өркениетке қарамастан, тарих ерте ме, кеш пе, шындықтың бетін ашады. Сондықтан бүгінде Ресейдің "денацификациясына" қатысты түсіністік танытудан бас тартқан Еуропа өз аумағында шынайы, тереңдетілген және жан-жақты денацификация жүргізілмегенін іштей сезіп отыр.